Кодекс Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года №120-vi зрк



бет4/9
Дата04.09.2023
өлшемі50.4 Kb.
#476559
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Нотариат

8. Сенімхаттарды куәландыру


Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
101. Нотариус пен нотариаттық әрекеттерді жасайтын лауазымды адамдар бiр адамның (сенім білдірушінің) атынан басқа адамның (сенім білдірілген адамның) атына cенiмхатты куәландырады.
Өкіл тікелей өзіне қатысты, бір мезгілде өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты сенімхат бойынша іс-әрекеттер жасай алмайды.
Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


102. Сенімхат мәтінінде сенім білдірушінің жеке куәлігінің жері мен күні, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) туған жылы мен күні, ЖСН, тұрғылықты жері (заңды тұлғалар үшін - атауы, БСН және заңды тұлғаның орналасқан жері) және сенім білдірілгеннің тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері көрсетіледі.
БНАЖ электрондық тізіліміне сенім білдірушінің ЖСН және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғаның БСН енгізіледі.
Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.02.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


103. Сенімхаттың қолданылу мерзімі жазбаша көрсетіледі және үш жылдан аспауы керек.
Егер сенімхатта мерзім көрсетілмесе, ол жасалған күннен бастап бір жылға дейін күшін сақтайды.
Сыйға тарту сенімхатында сый алушы және сыйға тарту заты көрсетіледі.
Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.


104. Нотариаттық куәландыру талап етілетін мүлікті басқаруға, мәмілені жасауға арналған сенімхат, сондай-ақ қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат (Кодекстің 167-бабының 4, 6-тармақтарында көрсетілген сенімхаттан басқа) нотариаттық куәландыруға жатады.
105. Автокөлік құралын басқару және иелік ету құқығына сенімхат автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (техникалық паспорты) болған кезде куәландырылады.
Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


106. Заңды тұлға берген сенімхат нотариаттық куәландырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органның, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың атынан ақша немесе басқа да мүліктік құндылықтарды алуға немесе беруге берілген сенімхатқа осы ұйымның бас (аға) бухгалтері қол қоюы тиіс.
107. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат қайта сенім білдіру құқығы көрсетілген негізгі сенімхат ұсынылған кезде ғана куәландырылуы тиіс.
Сенімхатты куәландыру кезінде сенім білдірілген адамнан оның сенім білдірілетін мүлікке құқығын растайтын дәлелдемелер талап етілмейді (автомотокөлік құралдарына берілген сенімхаттардан басқа).
Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат негізінде одан әрі қайта сенім білдіруге жол берілмейді.
108. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхатта негiзгi сенiмхатты куәландырған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, куәландыру уақыты мен орны, тiзiлiм нөмiрі, негізгі сенімхат берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған және тұратын жері немесе негізгі сенімхатты берген заңды тұлғаның атауы мен тұрған жері, сондай-ақ өкілеттіктер берілетін адамдар, тиісті жағдайда олардың қызметі көрсетіледі. Негізгі сенімхатта қайта сенім білдіру туралы белгі соғылады. Негізгі сенімхаттың көшірмесі нотариуста қалатын сенімхаттың данасына қосылады.
Сенім білдірілген адам негізгі сенімхат бойынша өкілеттіктерін толық ауқымда берген жағдайда қайта сенім білдірілген деген белгісі бар бастапқы сенімхат қайта сенім білдіру тәртібінде берілген сенімхатқа тігіледі және үшінші тұлғаға беріледі.
Негізгі сенімхатта көрсетілген жекелеген өкілеттіктер немесе бірнеше адамдарға қайта сенім білдірілген кезде қайта сенім білдірілгені туралы белгісі бар бастапқы сенімхат сенім білдірілген адамға қайтарылады, ал бастапқы сенімхаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі және қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат үшінші тұлғаға беріледі.
Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.


109. Сенім білдірілген адамның (ұсынылған) оған берілген сенімхаттың жойылғаны туралы өтініші нотариатты куәландырылуы тиіс.
Бұл ретте нотариус сенім білдіруші сенім білдірушіге және сенім білдірушіге мәлім үшінші тұлғаларға, сенімхат берілген өкілдікке, сондай-ақ сенімхатты куәландырған нотариусқа сенімхаттан бас тартылғаны туралы хабарлауға міндетті екендігін түсіндіреді.
110. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде берілген сенімхаттың жойылғаны немесе одан бас тартқаны туралы белгі жасайды.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет