637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауы
1. Прокурор осы Кодекстiң 80-87, 89-110-1, 151, 334-1, 342-344, 346-352, 353, 356-1, 356-2, 357-3, 366, 375, 381-1 513, 516-1,521-1, 531,537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады.
2. Прокурор өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiндегi қаулысында осы Кодекстiң 635-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара ) ; 2007.09.01. № 213-III ; 2008.04.07 № 55-ІV (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 638-бап өзгертілді
638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалу фактiсi ашылғаннан кейiн дереу, монополистік қызметті жүзеге асыру кезінде - тергеу немесе тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін, ал салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы , сондай-ақ техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн жасалады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам ашылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.
3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
3-1. 240 (бірінші бөлігінде), 250 (бірінші бөлігінде), 261, 265, 304 (екінші бөлігінде)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерін белгілеу талап етілген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшері белгіленген кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар бойынша дәлелдеме ретінде сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және аспаптарының деректері пайдаланылған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкін.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.02.03. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 639-бап өзгертілді
639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар
1. Ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда, егер айыппұл бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса, және осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Ескерту түріндегі жазаны соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде ресімдейді. Айыппұл түрінде жаза қолданылған жағдайда қатаң қаржылық есептілік құжаты болып табылатын, белгіленген үлгідегі түбіртек беруді соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам ескертудің немесе төлем құжатының екінші данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзінің келісетінін растайды.
1-1. Осы Кодекстің 539-бабының үшінші бөлігінде, 639-бабының үшінші бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.
Айыппұл түріндегі жазаны оған уәкілетті лауазымды адам осы Кодекстің 710-бабында белгіленген тәртіппен қолданады және төлете алады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автомат ты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұл арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралының немесе аспабының көрсетулері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде рәсімделеді,
бұл туралы көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісінше хабардар етіледі.
2. Жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арыз жазған жағдайда осы Кодекстiң 80-113-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай-ақ қарайды. Хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалған жағдайларда да және судья (сот) тікелей сот талқылауы барысында осы Кодекстің 541-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотқа құрметте меушілік білдіру фактісін анықтаған кезде жасалмайды.
3. Егер адам осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде белгіленген тәртіппен қолданы латын жазаға дау айтса не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл төлеуге мүмкіндігі болмаса, осы Кодекстің 618-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданыла отырып, осы Кодекстің 635-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 640-бап өзгертілді
640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi.
2. Жасағаны үшiн жауаптылығы әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн дереу судьяға жiберiледi.
3. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерiстерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.
641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту
Осы Кодекстiң 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлардың тым болмаса бiреуi болған жағдайда iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқарту жөнiнде қаулы шығарады.
38-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 642-бап өзгертілді
642-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын орын
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша қаралады.
2. Осы Кодекстiң 246, 247, 447, 447-1, 447-3, 461-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, соның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 295, 296, 298, 298-1, 335 және 336-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралуы мүмкiн.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналарын ауыстыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
2007.02.03. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 643-бап өзгертілді
643-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу
1.Судья, алқалы орган мүшесi, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
1) бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жататынын;
2) бұл iстi судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;
4) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;
5) өтiнiштердiң және бас тартудың болуын;
6) осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстің 541-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерге қолда нылмайды.
644-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн
болдырмайтын мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға берiлген судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам, егер ол адам:
1) жауапқа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының немесе өкiлiнiң туысы болса;
2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса, бұл iстi қарай алмайды.
645-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және олардан бас тарту
1. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке және заңды тұлғаның заңды өкiлдерi, қорғаушысы мен өкiлi, прокурор судьядан, алқалы органның мүшесiнен, лауазымды адамнан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы.
3. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына, алқалы органның басшысына, жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi.
4. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы, алқалы орган, жоғары тұрған лауазымды адам ол түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
5. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 646-бап (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) өзгертілді
646-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) қабылдайтын шешiм
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) мынадай шешiм қабылдайды:
1) iстi қарайтын уақыт пен орын тағайындау туралы;
2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды сұрап алдыру туралы. Қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындауға да құқылы;
3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы;
4) құқығы жоқ адамдар хаттама жасаған және iстiң басқа материалдарын ресiмдеген, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген не тапсырылған материалдар толық болмаған, iстi қарау кезiнде оны толықтыру мүмкiн емес жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) керi қайтару туралы;
5) егер бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса не судьядан, лауазымды адамнан бас тарту туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын ведомстволық бағыныстылық бойынша қарауға беру туралы;
6) осы Кодекстiң 642-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы;
7) осы Кодекстiң 580-581-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде iс жүргiзудi қысқарту туралы.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6) тармақшаларында көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде шығарылады.
3-1. Судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауа зымды адамдар) іс жүргізуде бір адамға қатысты қозғалған екі немесе одан да көп істер барын анықтай отырып, осы істерді бірге қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы.
4. Жауапқа тартылушы адамның, оның заңды өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмей қалуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде осы Кодекстiң 584-бабының төртiншi бөлiгiнде, 586-бабының алтыншы бөлiгiнде және594-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды алып келу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара)Заңдарымен 647-бап өзгертілді
647-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқықты судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзiмде қаралады.
1-1. Сот талқылауы барысында анық тал ған процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы істі судья (сот) соттың бірінші, апелляциялық немесе қадағалау инстанциясындағы тікелей осы отырысында қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiштер түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстiң қаралу мерзiмiн iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспайтын, ал, салық мiндеттемесiн орындауға байланысты iстер бойынша, шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуы мүмкiн.
3. Жасалуы әкiмшiлiк қамауға, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкелiп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адам жөнiнде - ол ұсталған кезден бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.
2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара) ; 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 648-бап өзгертілді
648-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау тәртiбi
1. Алқалы орган отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде:
1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және осы Кодекстiң қай бабы негiзiнде жауапқа тартылып отырғанын хабарлайды;
2) әкiмшiлiк жауапқа тартылып отырған жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысушы өзге де адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының және уәкiлеттi өкiлiнiң өкiлеттiктерiн анықтайды;
4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және аталған адамдар жоқта iс қарау туралы не iс қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iс қарау кезiнде қатысуы мiндеттi адамды алып келу туралы ұйғарым шығарады, аудармашы тағайындайды;
6) iс қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
7) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiш жасауларды шешедi;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған жағдайда - өзге де материалдарды оқып бередi;
9) iс қарауды кейiнге қалдыру туралы: егер iс қараушы судьяның не лауазымды адамның, сондай-ақ алқалы орган мүшесiнiң өздiгiнен бас тартуы немесе одан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, бас тарту мәлiмделуiне; егер қорғаушыдан, уәкiлеттi өкiлден, сарапшыдан немесе аудармашыдан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, аталған бас тартуға; iстi қарауға қатысушы адамдардың келуi немесе iс бойынша қосымша материалдар сұрап алу қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстің 56-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда судья (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
10) осы Кодекстiң 646-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
1-1. Төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтап, факті туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 8) және 10) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 513-бабында көзделген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.
Процеске қатысушы адамның тарапы нан тікелей сот талқылауы барысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтау осы сот отырысының хаттамасында тіркеледі.
2. Алқалы органның отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдер зерттеледi, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысы тыңдалады.
3. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да iс жүргiзу iс-әрекеттерi жүзеге асырылады.
649-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар
Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанын, осы адамның соны жасауға кiнәлiлiгiн, оның ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың болуын, мүлiктiк залал келтiрiлгенiн анықтауға, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.
2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 650-бап өзгертілді
650-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бiрiн шығарады:
1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2) iс жүргiзудi қысқарту туралы;
3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 642-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралы (кеме, соның iшiнде шағын көлемдi кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы;
4) айыппұл салу жөнiндегi қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы.
1-1. Көлік құралын жүргізушіні жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығары лады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.
2. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы:
1) осы Кодекстiң 580-бабында көзделген iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болған;
2) осы Кодекстiң 581-бабында көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;
3) осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес адамды тәртiптiк жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдарын тиiстi органдарға беретiн жағдайларда шығарылады.
05.12.03. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.22.06. № 147-III(бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 651-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 651-бап (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) өзгертілді
651-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыда:
1) қаулыны шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, аты-жөнi, алқалы органның атауы мен құрамы;
2) iстiң қаралған күнi мен орны;
3) өзіне қатысты іс қаралған тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және банк реквизиттері;
3-1) қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі;
4) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;
5) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;
6) iс бойынша шешiм;
7) қаулыға шағым беру тәртiбi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы дәлелдi болуы тиiс.
Егер судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде кiнәлiнiң мүлiктiк залалды өтеуi туралы мәселенi бiр мезгiлде шешсе, қаулыда өтеуге жататын залалдың мөлшерi, оны өтеу мерзiмi мен тәртiбi көрсетiледi.
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру туралы шешім шығарылған кезде, Қазақстан Республикасының аумағынан шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сол мерзім ішінде кетуі тиіс ақылға қонымды мерзім көрсетіледі.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыда жеке адамда болған алынып қойылған заттар мен құжаттар туралы, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге тиiс, бұл кезде:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiмi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады, қалған жағдайларда тиесiлi адамына қайтарылады;
2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады;
3) құнды емес және пайдаланыла алмайтын заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар өтiнiш жасаған жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн;
4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi iшiнде қалады не мүдделi адамдарға берiледi.
4. Алқалы органның қаулысы отырысқа қатысқан алқалы орган мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi дауыс болады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға қаулы шығарған судья, алқалы органның отырысында төрағалық еткен лауазымды адам қол қояды.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 652-бап өзгертілді
Достарыңызбен бөлісу: |