Кодексі алматы, 2010 жыл Мазмұны



Дата05.07.2016
өлшемі343.15 Kb.
#180700
түріКодекс
«БЕКІТІЛДІ»:

АҚ ЕБ Акционері

Қазақстандағы «Пәкістанның Ұлттық Банкі»

Акционер шешімі _______

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ПӘКІСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ» АҚ ЕБ

КОРПОРАТИВТІ БАСҚАРУ

КОДЕКСІ

Алматы, 2010 жыл



Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

Тарау 1. Корпоративті басқарудың қағидалары..................................................3

Тарау 2. Акционер...................................................................................................6

Тарау 3. Директорлар Кеңесі...........................................................................6

Тарау 4. Басқарма..................................................................................................12

Тарау 5. Корпоративті хатшы...............................................................................13

Тарау 6. Маңызды корпоративтік жағдайлар.....................................................16

Тарау 7. Ақпараттың ашылуы..............................................................................16

Тарау 8. Қаржы-шаруашылық қызметін бақылау..............................................17

Тарау 9. Дивидендтік саясат.................................................................................17

Тарау 10. Кадрлық саясат.....................................................................................18

Тарау 11. Қоршаған ортаны қорғау.....................................................................19

Тарау 12. Корпоративтік шиеленістерді реттеу.................................................19

Тарау 13 Мүдделер шиеленісін реттеу бойынша саясат...................................22

Қорытынды............................................................................................................22



Кіріспе
Корпоративті басқаруға арналған Кодекс (ары қарай – Кодекс) Қазақстандағы ЕБ «Пәкістан Ұлттық Банкті» АҚ (ары қарай –Банк) қалыптастыру, қызмет ету және Банкті корпоративті басқару жүйесін жетілдіруде қолданатын ережелер жиыны болып табылады.

Банк ішінде және қаржы нарығының басқа қатысушылармен қарым-қатынаста іскерлік этиканының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін және қызмет үрдісінде Банк Кодекске сүйенеді.

Кодекс Қазақстандағы Еншілес Банк «Пәкістан Ұлттық Банкі» Акционерлік қоғамын басқаруда қолданатын негізгі қағидалар мен стандарттарды айқындайды, сонымен қатар Директорлар Кеңесі мен Банк басқарушылары, Банк Акционерлері мен лауазымды тұлғалар арасындағы қарым –қатынас және Банк қызмет ету тәртібі және органдарымен қабылданатын шешімдер көрсетілген негізгі құжат.

Кодекс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен сәйкес, сонымен қатар, Қазақстанда дамып жатқан корпоративті әрекеттің тәжірбиесі, этикалық нормалары, капитал нарығындағы ағымдағы даму кезеңінде компания қызметінің қажеттіліктері мен шарттары негізінде жасалған.

Банктегі корпоративті басқару қазіргі Кодекспен және Кодекске сәйкес қабылданған Банктің өзге ішкі нормативті құжаттарменн реттеледі, ал көрсетілген реттелмейтін құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен реттеледі.
1-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Корпоративтік басқару акционердің және Банк персоналының құқықтары мен заңды қызығушылықтарына негізделген және оның тиімді қызмет етуіне, соның ішінде: активтер бағасын арттыруға, қаржылық тұрақтылық мен пайдалылықты қолдауға, жұмыс орындарын жасауға мүмкіндік береді.

Банктің тиімді қызмет етуі және инвестициялық тартымдылығының негізі - корпоративтік басқарудың барлық қатысушыларының қызметі барысындағы мөлдірлік болып табылады. Осы тарауда көрсетілген корпоративтік басқару қағидалары Банкті басқаруда пайда болатын қарым-қатынастардағы сенімділікті туғызуға бағытталған.

Көрсетілетін қағидалар Қазақстан Республикасының «Акционерлік Қоғамдар туралы» Заңына, Экономикалық серіктестік және даму Ұйымының (ОЭСР) корпоративтік басқару қағидаларына, корпоративтік басқарудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес құрастырылған.

Банктің корпоративтік басқарылуы келесі қағидаларға негіделген:



  1. Акционердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау қағидасы

Акционердің акцияға меншік құқықтарын есептеудің тиімді және сенімді әдістері, өзіне тиесілі акцияларды заңға сәйкес еркін иесіздендіру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Банк Акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және ҚР заңды актілермен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, өз акцияларының бағасы шегінде ғана Банк қызметіне қатысты шығындар тәуекеліне ұшырауы мүмкін.

Акционер Банк пайдасын бөлуге қатысу мүмкіндігі берілген. Банктегі бұл құқығын жүзеге асыту үшін:


  • Дивиденттер көлемін анықтау және оларды төлеу механизмі белгіленген;

  • Дивиденттерді төлеу және төлеу тәртібінің шарттарының бар болуы туралы нақты түсінікті қалыптастыру үшін жеткілікті ақпараттың ұсынылуы;

  • Дивиденттер төлеудің төлеу барысында ақталмайтын қиындықтар туғызбайтын тәртібі қамтамасыз етілген;

  • Жарияланған дивиденттерді өз уақытында төленбеу немесе толық төленбеу жағдайында атқарушы органның қолданатын шаралары жоспарланған.

Акционер Банк туралы толық және ұдайы ақпарат алып тұруға құқылы. Бұл құқық келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • Жыл бойынша Банк қызметінің нәтижелеріне баға беруге мүмкіндік беретін қажетті ақпараттың Акционерге ұсынылатын жылдық есеп беруге енгізілуі;

  • Басты қызметі - Акционердің Банк туралы ақпаратқа ие болуын қамтамасыз ету болып табылатын, корпоративтік хатшы лауазымын енгізу.

Банк Акционері оған ұсынылған құқытарды қиянат етпеуі тиіс.

Банк қызметіне тек қана зиян келтіруге бағытталған Акционердің іс-әрекетіне және акционердің басқа да құқықтарының қиянат етілуіне жол берілмейді.



  1. Банкті стратегиялық басқару қағидасы

Корпоративтік басқару ретінде: Банк Басқармасының Банктің ағымдық қызметін басқаруды жүзеге асыру; Директорлар кеңесінің Банк қызметінің стратегиялық басқаруын жүзеге асыру; Банктің Директорлар Кеңесі тарапынан Банк Басқармасының тиімді бақылануы, және де Банк Директорлар кеңесінің Акционер алдында есеп беруге тиістілігі.

Корпоративтік басқару тәжірибесі Банк Басқармасының Директорлар Кеңесіне және Банк Акционеріне есеп беруге тиістілігін бекітеді.

Банктің Директорлар Кеңесінің және Басқармасының өкілеттігі, құзыреті, құқықтары және функционалдық міндеттерінің құрастырылу тәртібі Банк Жарғысында, Директорлар Кеңесі және Басқарма туралы Ережеде және Банктің басқа да ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген.

Директорлар Кеңесі Банктің даму стратегиясын анықтайды және оның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімді бақылануын қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен Директорлар Кеңесі бекітеді:



Директорлар Кеңесінің құрамы оған тиесілі функцияларды ең тиімді жолмен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Директорлар Кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлардың жеткілікті саны кіреді;

Директорлар Кеңесі жанындағы Банк комитеттерінің персоналды құрамы оларда Директорлар Кеңесінің мүшелерінің белседі қатысуын қамтамасыз етеді.

Директор Кеңесінің жиналыстары жүйелі түрде және қажетті жағдайда, сырттай түрде, қарастырылатын сұрақтардың маңыздылығына байланысты ұйыдастырылады.

Директорлар Кеңесі жанында оның құзыретіне қатысты ең маңызды сұрақтарды қарастыру үшін Банкте комитеттер құрастырылған:


  • Несиелік комитет;

  • Активтер мен пассивтерді басқару бойынша комитет

Директорлар Кеңесі басқа да комитеттерді құрастыру туралы сұрақтарды қарастыры алады.

Директорлар Кеңесі Банктің атқарушы органдарының (Басқарма) қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді және оны бақылайды.



  1. Банк қызметі туралы ақпаратты ашудың обьективтілік мен мөлдірлік қағидалары

Банк Акционерінің негізделген шешім қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Банк Акционер алдында Банк туралы шынайы ақпараттың, соның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, қызмет нәтижелері, басқару құрылымы туралы ақпараттың уақытылы ашылуын қамтамасыз етеді.

Акционер Банктің қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері, басқарылуы туралы және басқа да қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты фактілер туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие.

Банкте конфиденциалды және инсайдерлік ақпаратты қолдануды бақылау жүргізіледі.

Сонымен қатар, Банк кез-келген ақпаратты ашу және (немесе) басып шығару барысында банктік, коммерциялық, және басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария қылмайды.



  1. Банктің қызығушы тұлғалармен, моның ішінде Банк қызметкерлетімен белсенді серіктестігін қолдау қағидасы

Тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін, Банк Басқармасы үшінші жақ, оның ішінде: қарыз берушіліер, мемлекет және Банк немесе оның құрылымдық бөлімшелері орналасқан аймақтың жергілікті билік органдарының қызығушылықтарын ескереді.

Банктің басқару органдары қызметкерлердің оның тиімді жұмысына қызығушылық білдіруін қолдайды.



  1. Заңдылық және этика қағидалары

Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, іскерлік этиканың көпшілік мақұлдаған қағидалары мен дәстүрлеріне сейкес қызмет етеді.

Банк Акционерлері, Банк органдары және қызметкерлері арасындағы қарым-қатынас өзара сыйластық және сенімділікке негізделген.



  1. Дивиденттік саясат қағидасы

Банк оның дивиденттік саясаттың анықтаушы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Банктің ішкі нормативтік құжатының нормаларын ұстанады.

  1. Кадрлық саясат қағидасы

Банктегі корпоративтік басқару Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында және Банктің ішкі нормативтік құжатында бекітілген Банк қызметкерлерінің құқығын қорғауға және еңбек жағдайын жақсартуға негізделе құрастырылады.

  1. Қоршаған ортаны қорғау қағидасы

Банк өз қызметі барысында қоршаған ортаға ұқыпты және рационалды қатынасты қамтамасыз етеді.

  1. Корпоративтік дауларды реттеу

Банктегі корпоративтік басқару корпоративтік дауларды тиімді және уақытылы шешуге негізделген: Банк органдары мен Акционерлері арасындағы; Банк органдары мен қызметкерлері арасындағы.
2-ТАРАУ. АКЦИОНЕРЛЕР
2.1. Банктің жоғарғы органы Банк Акционері – Пәкістан Ұлттық Банкі, Карачи қаласы.

2.2. Акционер Банктің 100 % акцияларына ие және банктің жоғарғы органы болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысы Банкте жүргізілмейді, ал шешімдер жеке Акционермен қабылданады.

2.3. Тек акционер құзыретіндегі шешімді талап ететін сұрақтар Банк Жарғасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
3-ТАРАУ. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
3.1. Директорлар кеңесінің Қызметі

3.1.1. Директорлар кеңесі Акционермен таңдалады.

3.1.2. Директорлар кеңесі Банктің даму стратегиясын анықтайды, оның кең өкілеттіктері бар және өзінің міндеттерін атқармаған жағдайда жауапкершілікке тартылады.

3.1.3. Директорлар кеңесі – Банкті басқару органы, Банктің қызметін жалпы басқараруды іске асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Банк Жарғысымен Банк Акционерінің өкілеттілігіндегі шешімдерді қоспағанда.

3.1.4. Банк Директорлар Кеңесі Банктің қаржы шаруашылық қызметін тиімді бақылауды қамтамасыз ету қажет. Банктің қаржы шаруашылық қызметін тиімді бақылау бухгалтерлік есепті жүргізуді, Банкте қолданатын қаржы ақпаратының нақтылығын өамтамасыз етеді.

3.1.6. Банк қызметі кезінде пайда болатын тәуекелдерге нәтижесінде Акционер Банк жауапты, сондықтан тәуекелдерді бағалау және оның жағымсыз нәтижелерін ықшамдауды қамтамасыз ететін Банк Директорлар Кеңесінің маңызды қызметі тәуекелдерді басқару жүйесін бақылау. Екінші деңгейлі банктердің ішкі бақылау жүйесінің негізгі элементі тәуекелді басқару екенін ескерсек, Банк Директорлар Кеңесі тәуекелдерді басқару бойынша үрдістерді қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы және Банк Жарғысының нормаларымен сәйкес Банк үшін тәуекел мен табыс арасында оңтайлы балансқа қол жеткізу керек.

Бағалау Банк өзіне алатын барлық тәуекелдерді қамтуы тиіс – кредиттік, жүйелік, стратегиялық, сақтандырулық, бағамдық, нарықтық, пайыздық, өтімділік тәуекелі, операциондық, заңдық, абыройлы, векселдермен және өзге қаржылық құралдармен байланысты мәмле тәуекелдері.

3.1.7. Директорлар Кеңесі өзінің міндетін дұрыс орындау үшін және Банкті басқаруда өз үлесін қосу үшін Директорлар Кеңесінің мүшелері оның құзыретіндегі мәселелерді шешу үшін қажетті арнайы білім, тәжірибе мен дағдалырға ие болу керек, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банк Жарғысында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.

3.1.9. Директорлар Кеңесі Акционердің құқықтарын қорғау мен іске асуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, корпоративті дауларды шешуге көмектеседі.

3.1.0. Директорлар Кеңесі Акционердің құқықтары орындалатын ішкі үрдістердің сақталуын қамтамасыз ететін Банктің Корпоративті хатшысын тағайындайды.

3.1.2. Директорлар Кеңесі Акционер мен Банктің лауазымды тұлғалар мен органдары арасындағы корпоративті дауларды реттеу мен алдын алу шараларын қабылдайды.

3.1.3. Директорлар Кеңесі Банк Басқармасынынң тиімді қызметін қамтамасыз етеді және олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады.



  • Директорлар Кеңесі Басқарманың қызметін бақылауды жүзеге асырады.

  • Директорлар Кеңесі Банк Жарғысымен көрсетілген Басқарма Төрағасының, Басқарма мүшелерінің, Корпоративті хатшының біліктілігіне қойылатын талаптарды және сыйақы мөлшерін орнатады.

Басқарма Төрағасы Директорлар Кеңесімен тағайындалғандықтан және мүдделердің дауынбодырмас үшін Басқарма Төрағасымен жасалатын келісім шарттарын бекіту кезіндегі сайлауға қатыспайды. Егер Басқарма Төрағасының Директорлар Кеңесінің мұшесі болса, оның дауысы кворумды анықтау кезінде есептеледі. Бірақ Басқарма Төрағасымен жасалатын келісім шарттары кезінде ескерілмейді.

Директорлар Кеңесінің құзыретіне заңнамада көрсетілген сұрақтардан өзге қосымша мәселелер жатады. Бұл мәслелер Банктің ішкі құжаттармен айқындалу керек, сонымен қатар, Директорлар Кеңесі, Акционер мен Басқарма құзыреттерінің шектеулеріндегі айқын емес мәселелерді алу үшін көрсетеледі.

3.2. Директорлар Кеңесінің Құрамы

3.2.1. Банк Директорлар Кеңесінің сандық құрамы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгеннен кем болмуы тиіс. Акционер Банкпен Директорлар Кеңесінің сандық құрамы анықтағанда кезде, Директорлар Кеңесінің саны конструктивті және жемісті пікір таласты қалыптастыруға, жылдам әрі салмақты шешімді қабылдауға, Директорлар Кеңесінің қызметін тиімді ұйымдастыруға көмектесі керек. Акционер Банк үш адамнан кем емес Банк Директорлар Кеңесін Банк Жарғысымен сәйкес бекітеді.

3.2.2. Банк Директорлар Кеңесінің құрамына Директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшелері кіру керек, нақты және объективті шешімдерді қабылдауына көмектесетін мөлшер, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мөлшерден кем болмауы тиіс. Бірақ Кодекс мақсаттары үшін «тәуелсіз директор» түсінігі Қазақстан Республикасының ационерлік қоғамдар туралы заңнамасында көрсетілген түсінкке сәйкес болу қажет.

3.2.3. Банк Директорлар Кеңесінің әрбір мүшесі белгілі бір сұрақты талқылауға Банк Кеңесінің Директорларын мәжіліске шақыра алады, егер оның ойынша бұл сұрақ Бактің мүддесі үшін жедел талқылауды және Банк Директорлар Кеңесінің шешімін қажет етеді деп ойласа.

3.2.4. Банк Басқармасының Төрағасы мен мүшелері, Банктің құрылымдық бөлімшелердің басқарушылары Банк Директорлар Кеңесіне Директорлар Кеңесінің мәжілісінің күн тәртібінде қарастырылатын сұрақтар бойынша толық және сенімді ақпаратты уақытылы берілу тиіс.

3.2.5. Банк Директорлар Кеңесінің мәжілістерін өткізу үрдісі Қазақстан Республикасының Заңнамалық актісімен және Банк Жарғысымен анықталады.

3.2.6. Банкті одан да тиімді басқару мақсатында Банк Директорлар Кеңесі стратегиялық жоспарлау, ішкі аудит, корпоративтік шиеленістерді реттеу,тәуекелдерді басқару, әдеп, тағайындау және сыйақы бойынша комитеттерді және өзге комиттерді құруға құқылы.

3.2.7. Директорлар Кеңесі алдына қойған мақсаттарды тиімді шеше алатын іскер топ болуы керек. Директорлар Кеңесінің толық және мүшелерін қызметін бағалау қазіргі Кеңестің әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін қажет.

3.2.8. Банк Корпоративті басқарудың халықаралық стандарттарын сақтап, Директорлар Кеңесінің мүшесіне қатысты заңды емес іс әрекеттерімен байланысты Банктің мүліктік мүддесін сақтандыру шараларын қолданады. Сақтандырудың осындай түрінің шарттары Банк пен сақтандырушы арасында келісім негізінде айқындалады.

3.5. Директорлар Кеңесінің мүшесінің міндеттері

3.5.1. Директорлар Кеңесінің Мүшелері адал және ақылды түрде Банк мүддесіннің міндетін орындау керек.

3.5.2. Директорлар Кеңесінің Мүшелері шешім қабылдауға қажетті толық ақпаратты сұрауға құқықтары бар.

3.5.3. Директорлар Кеңесінің мүшелері өздерінің міндеттерін орындауына байланысты шешім қабылдауға мүдделі тұлғалардан сыйлық алуға, сондай-ақ осындай тұлғалар ұсынған қандай да бір тікелей немесе жанама пайда көрмеуі керек (жалпы қабылданған сыйпайылық ережелеріне сəйкес көңіл бөлу белгілерін немесе ресми мерекелер өткізген кезде сувенирлерден басқа)

3.5.4. Директорлар Кеңесінің мүшелері өз мүддесі мен Банк мүддесі арасында қайшылық туғызатын немесе болашақты туғызуы мүмкін іс-əрекеттерді орындамауы, ал мұндай қайшылық болған немесе туындаған жағдайда – ол туралы Директорлар Кеңесіне мəлімдеп, іс-əрекеттерді орындау тəртібін қадағалау жөнінде іс-шара қолдануға немесе Директорлар Кеңесі мүшесінің мүддесі бар мәмілені жасауға міндетті.

3.5.5. Сонымен қатар Директорлар Кеңесінің мүшесі өзі шешім қабылануына мүдделі мəселелер бойынша дауыс беруге қатыспайды. Бұл кезде Директорлар Кеңесінің мүшесі Корпоративтік хатшы арқылы Директорлар Кеңесіне осындай мүдде туралы жəне оның пайда болу негіздері туралы тез арада мәлімдеуі керек.

3.5.6. Директорлар Кеңесінің мүшелері өз міндеттерін жүзеге асыру барысында басқа тұлғалардың – Банктің жұмыскерлерінің, контрагенттерінің, мемлекеттің жəне Банк немесе оның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі орналасқан аймақтағы аймақтық органдардың мүдделерін ескеруі керек.

3.5.7. Директорлар Кеңесінің мүшелері Директорлар Кеңесінің жəне Директорлар кеңесі Комитеттерінің мәжілістеріне қатысады.

Директорлар Кеңесінің мүшесі Директорлар Кеңесіне өзінің Кеңес мəжілісіне қатысуға мүмкіндігі болмайтыны туралы алдын ала хабарлап, оның себебін түсіндіреді.

Директорлар Кеңесінің əрбір мүшесі қандай да бір мəселені талқылау үшін, егер оның ойынша мұндай мəселе Банктің мүддесі үшін шұғыл түрде талқылап, ол бойынша Директорлар Кеңесінің шешім қабылдауын талап етсе, Директорлар Кеңесінің мəжілісін шақыруды талап етуге құқылы.

Директорлар Кеңесінің мүшесі басқа қоғамдардың Директорлар Кеңесіне мүше болып сайлануға немесе өздерінің кадидатурасын басқа қоғамдардағы лауазымдарға сайлау туралы ұсыныстарды қабылдауға құқылы. Алайда Директорлар кеңесі мүшелерінің Директорлар Кеңесіндегі өз міндеттерін орындауы үшін жеткілікті уақыты болуы керек.

3.5.8. Директорлар Кеңесінің мүшесі Банк туралы құпия ақпаратты және инсайдерлің ақпаратты жарияламауға және оны өз мүддесінде немесе басқа тұлғалардың мүддесінде пайдаланбауға тиісті.

3.5.9. Директорлар Кеңесінің мүшелері осындай ақпаратты қорғау үшін тиісті шараларды қолдануы керек. Сонымен қатар Банк туралы құпия ақпаратқа хабардар тұлғалар оны осындай ақпаратты білмейтін жəне пайдалана алмайтын басқа тұлғаларға хабарламауы керек, сондай-ақ оны өз мүддесінде немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде пайдаланбауға тиісті.

3.5.11. Директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің тізбесі Директорлар кеңесінің ережесінде және Банк жарғысында белгіленеді.

3.6. Директорлар Кеңесінің қызметін ұйымдастыру

3.6.1. Директорлар Кеңесінің Төрағасы Директорлар Кеңесінің тиімді жұмыс істеуін жəне оның Банктің басқа органдарымен ынтымақтастықпен əрекет етуін қамтамасыз етуі керек.

3.6.2. Директорлар Кеңесін оның Төрағасы басқарады, оның негізгі міндеті – Директорлар Кеңесінің заңнамаға жəне Банктің Жарғысына сəйкес өз міндеттерін тиісті дəрежеде орындауын қамтамасыз ету.

3.6.3 Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып Банк қызметі саласында мінсіз профессионалдық беделі мен басшы лауазымдарды жұмыстан маңызды тәжірибесі, оған қоса принципшілдік, Банк мүддесіне жанқиярлық қасиеттері және акционерлер мен Директорлар кеңесі мүшелері арасында кіршіксіз беделі бар тұлға сайланады.

3.6.4. Директорлар Кеңесінің Төрағасы Директорлар кеңесі мәжілістерінің күн тәртібін құрастыру үшін жауап береді, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиімді шешімдер қабылдауды жəне, қажет болғанда, осы мәселелерді еркін талдауды ұйымдастырады, сондай-ақ Директорлар Кеңесі мәжілістерінің ашық-жарқын жəне жемісті өтуі үшін жағдай жасайды.

3.6.5. Директорлар Кеңесінің Төрағасы Директорлар Кеңесі мүшелерінің қаралып жатқан мəселелер бойынша өз пікірін айтуына жағдай жасауды қамтамасыз етуі, Директорлар Кеңесі мүшелерінің акционерлердің мүддесінде келісілген шешім табуына ықпал жасауы керек. Бұл кезде ол принципшілдік танытып, Банктің мүддесін қорғауы қажет.

3.6.6. Директорлар Кеңесінің Төрағасы Банктің басқа органдарымен жəне лауазымды тұлғаларымен тұрақты қатынас орнатып, оны дамытуға ықпал жасайды. Мұндай байланыстың мақсаты – Директорлар Кеңесінің шешім қабылдауы үшін қажетті барынша толық жəне шынайы ақпаратты уақтылы алу ғана емес, сондай-ақ мүмкін болған жерде, осындай органдар мен лауазымды тұлғалар арасында, сондай-ақ олардың үшінші тұлғалармен арасындағы тиімді ынтымақтастық орнатуды қамтамасыз ету.

3.6.7. Директорлар Кеңесінің Төрағасы Директорлар Кеңесі Комитеттерінің жемісті жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Директорлар кеңесі мүшелерінің кəсіби біліктілігі мен жеке қасиеттеріне қарай жəне Директорлар кеңесі мүшелерінің Комитеттерді құру жөніндегі ұсыныстарын ескере отырып, оларды Комитеттерге ұсыну жөнінде бастама беруді өзіне жүктейді, қажет болған жағдайларда Комитет қарайтын мəселелерді тұтастай Директорлар Кеңесі мəжілісіне шығаруды қамтамасыз етеді. Директорлар Кеңесінің Төрағасы Директорлар Кеңесі Комитеттерінің тиімді еңбек етуін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастыру шараларын қолданады. Комитеттердің төрағалары Директорлар Кеңесінің Төрағасына өз Комитеттерінің жұмысы туралы хабарлап тұрады.

3.6.8. Директорлар Кеңесінің мəжілістері ұдайы, бірақ кемінде бір тоқсанда бір рет өткізіліп тұрады.

3.6.9. Директорлар Кеңесінің мəжілістерін іштей, сондай-ақ сырттай түрде өткізуге болады.

3.6.10. Төмендегі мəселелер бойынша шешім əдетте Директорлар Кеңесінің іштей мəжілістерінде қабылданады:



  • Банк қызметінің басым бағыттарын, даму стратегиясын жəне жылдық

бюджетін бекіту;

  • Банктің жылдық есебін алдын ала бекіту

3.6.18. Комитеттердің құрамына Директорлар Кеңесінің кемінде бір мүшесі кіреді. Сондай-ақ, қажет болғанда, Банк Басқармасының өкілдері де кіреді. Бұл кезде Директорлар кеңесі мүшелерінің дауыстары шешім қабылдаған кезде шешуші болып табылады.

3.6.19. Комитеттер атқаратын қызметтер мен олардың уəкілеттері қағидаларда белгіленеді.

3.6.20. Директорлар Кеңесінің Қаулысы оған Директорлар Кеңесіне сайланған мүшелердің басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданған деп есептеледі.

3.8. Директорлар Кеңесі мүшелерінің жауапкершілігі

3.8.1. Директорлар Кеңесінің мүшелері өз міндеттемелерін тиісті дəрежеде орындамағаны үшін жауап береді.

3.8.2. Директорлар кеңесі залал тигізудегі кінəлы Директорлар кеңесі мүшелерінің уəкілеттерін тоқтату үшін жəне олардың Банк алдындағы өз міндеттемелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту жөнінде шара қолданады.



4-ТАРАУ. БАСҚАРМА
4.1.Банктің атқарушы органы – Басқарма Банктің ағымдағы қызметінің басқаруды жүзеге асырады. Банк Басқармасы корпоративтік басқару құрылымының негізгі буыны болып

табылады.

4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасы және Банктің Жарғысы Компанияның өзге органдардың құзыретіне жатпайтын Банктің қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.

4.3. Басқарма Банктің ең маңызды ішкі нормативтік құжаттардың жасалуын ұйымдастырады, Басқарма құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша Банктің ішкі нормативтік құжаттарын бекітеді, және Банктің өзге ағымды жұмысын ұйымдастырады.

4.4. Мүше санын белгілеу барысында оның мәселелері бойынша Банктің Басқармасына тиімді де ұтымды шешімдер қабылдануын ескерген жөн болады.

4.5. Банк Басқарманың Төрағасы және мүшелері Банктің мүддесіне сәйкес жұмыс жасайды. Банктің мүддесіне сәйкес жасалатын Басқарманың қызметі Акционер тарапынан сенімді болғанын талап етеді, яғни қандай да болмасын әрекеттің немесе аталған мҥддеге зиян келтіретін кез келген бөтен тұлғаның шешім қабылдауына ықпалды болмауы. Осыған байланысты Банкте осындай жағдайларды тудырмау мақсатында барлық шаралар қолданылу керек.

4.6. Банктің Басқармасы Банктің қызметкерлердің жұмысы Банктің жұысының нәтижесінен оның материалдық жағдайы тәуелді екенін сезінетіндей атмосфераның ұтымды болуына үлес қосуға тырысады . Басқарма осы саясаттың нәтижесін сараптауға және қызметкерлердің денсаулығы мен еңбегін қорғауын қамтамасыздандыруға бағытталған Банктің саясатын жүзеге асыруға , қажет болған жағдайда, Банктің Директорлар Кеңесіне оны жетілдіру бойынша шараларды ұсынуға міндетті.

4.7. Банкте болатын Басқарманың мәжілісі туралы Басқарма мүшелері алдын-ала ескертілу керек. Белгіленген отырысқа дейінгі мерзім күн тәртібінде мәселелер бойынша Басқарма мүшелеріне дайындалуға мүмкіндік беретін жеткілікті болған жөн.

4.8. Басқарма мүшесіне үміткерді таңдау белгілері, мақсаттары, қызметтері және Басқарма қызметінің тәртібі, осы Кодекстен басқа,Банк Жарғысымен және Банктің Басқармасы туралы Қағидаларда белгіленеді.

4.9. Басқарма қызметін жалпы бағалау және оның мүшелерінің жұмысын жеке бағалау тәртібі Компанияның Директорлар Кеңесімен жүзеге асырылады.



5-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ

5.1. Корпоративтік басқару тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында Банкте корпоративтік хатшының қызметі енгізілді.

5.2. Корпоративті хатшының негізгі міндеті Акционер Банктің құқтары мен заңды мүддесін қамтамасыз ету.

5.3. Корпоративті хатшыны тағайындау Директорлар Кеңесінің құзыретінде.

5.4. Корпоративті хатшының қызметі

5.4.1. Корпоратив хатшының ерекше рөлі заңмен және Банк Жарғысы мен өзге ішкі құжаттармен сәйкес Директорлар Кеңесі мәжілістерін дайындау және өткізу, оның жұмысын қамтамасыз ету.

5.4.2. Корпоративтік хатшы Директорлар Кңесінің Төрағасының шешімнің негізінде Директорлар Кеңесінің жалпы жиналысының заңнаманың, Банктің Жарғысы мен басқа да ішкі құжаттарының талаптарына сəйкес дайындалуын жəне өткізілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды жүзеге асырады.

5.4.3. Корпоративтік хатшы Директорлар Кеңесінің мəжілісі өтетіні туралы

Директорлар Кеңесінің барлық мүшелеріне хабарлайды, ал қажет болғанда оларға дауыс

беру бюллетеньдерін жіберуді (тапсыруды) қамтамасыз етеді, сондай-ақ толтырылған

бюллетеньдерді, Директорлар Кеңесінің мəжіліске қатыспаған мүшелерінің жазбаша

пікірлерін жинайды жəне оларды Директорлар Кеңесінің Төрағасына тапсырады.

5.4.3. Директорлар Кеңесінің іштей өткізілетін мəжілісі барысында Корпоративтік хатшы Директорлар Кеңесінің мəжілісін өткізу процедурасын тиісті дəрежеде орындауды қамтамасыз етеді. Корпоративтік хатшы Директорлар Кеңесінің мəжілісінің хаттамасын жүргізеді.

5.4.4. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мүшелеріне өздерінің функцияларын атқарған кезде көмегін тигізеді.

5.4.5. Корпоративтік хатшы Директорлар Кеңесі мүшелеріне оларға қажетті ақпаратты алуына көмектеседі, бұл үшін банкте қабылданған ақпараттың саясатқа сəйкес Корпоративтік хатшы оларды Басқарма шешімдерімен, Басқарма Төрағасының бұйрықтарымен, Банктің басқа құжаттарымен, Банк аудиторының қорытындысымен, сондай-ақ Директорлар кеңесі Төрағасының шешімі бойынша бухгалтерлік есеп жүргізуе қатысты бастапқы құжаттармен таныстырады.

5.4.6. Корпоративтік хатшы Директорлар Кеңесінің жаңадан сайланған мүшесіне Директорлар Кеңесінің жəне банктің басқа органдарының жұмысына қатысты Банкте қолданылатын ережелерді, Банктің ұйымдық құрылымын түсіндіреді, Банктің лауазымды тұлғалары туралы ақпарат береді, Банктің ішкі құжаттарымен, Акционерлердің жалпы

жиналысының жəне Директорлар Кеңесінің қолданыстағы шешімдерімен таныстырады, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін тиісті дəрежеде орындау үшін маңызы болатын басқа да ақпаратты береді.

5.4.7. Корпоративтік хатшы Директорлар Кеңесінің мүшелеріне заңнаманың, Банк Жарғысының жəне басқа ішкі құжаттарының Акционерлердің жалпы жиналысын, Директорлар Кеңесінің мəжілістерін дайындауға жəне өткізуге, сондай-ақ Банк туралы ақпаратты жариялауға (беруге) қатысты талаптарын түсіндіреді.

5.4.8. Корпоративтік хатшы Банктің басқа органдарымен бірге Банк туралы ақпаратты жариялауды (беруді) жəне Банктің құжаттарын сақтауды қамтамасыз етеді.

5.4.9. Корпоративтік хатшы Банк туралы ақпаратты сақтау жəне жариялау (беру) тəртібіне қатысты заңнамада, Банктің жарғысында жəне басқа ішкі құжаттарында белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

5.4.10. Корпоративтік хатшы Банктің бағалы қағаздар шығарылымының жобасында жəне тоқсан сайынғы есептеріде берілетін ақпаратты, сондай-ақ Банктің қаржылық- шаруашылық қызметіне ықпал ететін маңызды жағдайлар туралы ақпаратты Банктің уақтылы жариялауына бақылау жасайды.

5.4.11. Корпоративтік хатшы осындай құжаттардың сақталуын, оларды пайдалануды, олардың көшірмелерін беруді қамтамасыз етеді. Құжаттардың көшірмелерін Корпоративтік хатшы растайды.

5.4.12. Корпоративтік хатшы Банктің акционерлердің өтініштерін тиісті үлгіде қарауды жəне акционерлер құқықтарының бұзылуына байланысты дауларды шешуді қамтамасыз етеді.

5.4.13. Акционерлер Банкке өз өтініштерін жібере алады. Банк органдары мен бөлімшелерінің осындай өтініштерді уақтылы орындауына бақылау жасау Корпоративтік хатшыға жүктеледі.

5.4.14. Корпоративтік хатшы акционерлерден келіп түскен арыздар бойынша түсініктеме алу үшін тəуелсіз тіркеушіге өз бетінше жүгінуге құқылы.

5.4.15. Корпоративтік хатшы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін уəкілеттерге ие болады.

5.4.16. Банктің атқарушы органдары мен лауазымды тұлғалары Корпоративтік хатшының өз міндеттерін орындауына көмек көрсетуі керек.

5.4.17. Корпоративтік хатшының өз міндеттерін тиісті үлгіде қамтамасыз ету мақсатында Корпоративтік хатшының аппаратын құру көзделген, оның құрамы, саны, құрылымы мен қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері Банктің ішкі құжаттарында белгіленеді.

5.4.18. Корпоративтік хатшы Директорлар Кеңесінің Төрағасына Корпоративтік хатшы орындалуын қамтамасыз ететін процедуралардың орындалуына кедергі жасайтын барлық іс-əрекеттер (Банктің лауазымды тұлғаларының, Банктің тіркеушісінің əрекеттері немесе əрекетсіздігі, Акционерлердің жалпы жиналысын, Директорлар Кеңесінің мəжілістерін өткізу тəртібін, ақпаратты жариялау (беру) тəртібін бұзатын басқа жағдайлар) туралы хабарлап тұрады.

5.5. Корпоративтік хатшыны тағайындау жəне оның уəкілеттерін тоқтату

5.5.1. Корпоративтік хатшыны тағайындау Директорлар Кеңесінің құзырына жатады.

5.5.2. Корпоративтік хатшы онымен жасалатын шарттың талаптарына (жалақы мөлшерін қоса есептегенде) сəйкес Директорлар Кеңесіне бағынып, есеп береді.

5.5.3. Корпоративтік хатшының өзіне жүктелген міндеттемелерді орындау үшін қажетті білімі болуы керек, сондай-ақ акционерлер мен Директорлар Кеңесі мүшелерінің сеніміне ие болуы қажет.

5.5.4. Корпоративтік хатшыны тағайындаған кезде Директорлар Кеңесі үміткердің Корпоративтік хатшы қызметін орындау қабілеттерін, оған қоса оның білімін, жұмыс тəжірибесін жəне кəсіби біліктілігін жан-жақты бағалауы керек. Банктің Жарғысында Корпоративтік хатшы лауазымына үміткерге қойылатын нақты талаптар белгіленеді.

5.5.5. Корпоративтік хатшы лауазымына мінсіз беделі бар тұлға ұсынылады. Бұл кезде тұлғаның экономикалық қызмет саласында қылмыс жасауы немесе мемлекеттік өкіметке, мемлекеттік қызмет жəне жергілікті басқару органдарындағы қызметке қарсы қалмыс жасауы, сондай-ақ əсіресе кəсіпкерлік қызмет саласында, қаржы, салық, алымдар, бағалы қағаздар нарығы саласында əкімшілік құқық бұзуы оның беделіне кері əсерін тигізетін факторлардың бірі болып табылады. , ған, немесе ного секретаря рекомендуется лицо, имеющее безупречную репутацию.

5.5.6. Осыған байланысты Корпоративтік хатшы лауазымына үміткерлердің əрқайсысы Директорлар Кеңесіне Банктің ішкі құжаттарында белгіленген жəне оның қойылған талаптарға сай келуін анықтауға мүмкіндік беретін өзі туралы мəліметтерді хабарлауға тиіс. Көрсетілген мəліметтер өзгерген жағдайда, Корпоративтік хатшы бұл туралы тез арада Директорлар Кеңесіне хабарлауы тиіс.


6-ТАРАУ. МАҢЫЗДЫ КОРПОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЛАР
6.1. Банктің күрделі корпоративтік өзгерістерге, соның ішінде акционерлердің құқықтарының өзгеруіне əкеп соғуы мүмкін бірқатар іс-əрекетті (жағдайларды) орындауы маңызды корпоративтік жағдайлар деп аталады. Маңызды корпоративтік оқиғалар (əрекеттер) барынша ашық жəне жария болуы керек. Осындай іс-əрекеттерді орындаған кезде Банк осы Кодексте бекітілген сенім жəне ашықтық ұстанымдарын басшылыққа алады.

6.2. Маңызды корпоративтік іс-əрекеттерге ең алдымен Банкті қайта ұйымдастыру, ірі мəмілелер жасау жəне жасауда мүдде танылатын мəмілелерді жасау, жарғылық капиталды

арттыру немесе азайту, Банктің Жарғысына өзгеріс енгізу сияқты мəселелер жəне Банк үшін маңызы зор басқа да мəселелер жатады.

6.3. Маңызды корпоративтік іс-əрекеттердің Банк үшін маңызын назарға ала отырып, Банк акционерлердің оларды орындауға əсер ету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл мақсатқа осындай іс-əрекеттің Банк үшін тигізетін салдары туралы ақпаратты тиісті үлгіде жариялауға негізделген жария жəне əділ процедура белгілеу арқылы қол жеткізуге

болады.

6.4. Маңызды корпоративтң оқиғалар максималды ашықтықпен, мөлдірлікпен және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банк Жарғысының талаптарына сәйкес болады.



7-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҢ АШЫЛУЫ
7.1. Банк заңда белгіленген талаптарды орындау арқылы қызметіне байланысты барлық мəселелер бойынша акционерлерге уақтылы жəне дəл ақпарат берілуін қамтамасыз етеді.

7.2. Ақпараттың ашылып көрсетілуі Банктің қызметінің оның Акционерімен және әлеуетті инвесторларымен бағалануы үшін өте маңызды. Банк туралы ақпараттың ашылып көрсетілуі капиталдың тартылуына, активтердің, клиенттік базаның өсуіне және Банкке деген сенімділіктің артуына ықпал жасау керек. Банк туралы жеткіліксіз немесе түсініксіз ақпарат Банктің табысты дамуына және нарықтық капиталдандырудың өсуіне кері әсер етуі ықтимал.

7.3. Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметіне және нарықтық капиталдандыруға ықпал жасайтын, ұтымды шешім қабылдау үшін мүдделі тұлғаларға қажет толық көлемде ақпараттың берілуі Банк туралы ақпараттың ашылу мақсаты болып табылады.

7.4. Акционер үшін, сол сияқты кез келген әлеуетті инвесторлар үшін де Банк туралы қаржылық ақпарат ең маңызды болып табылады. Банк Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мерзімдер және формалар бойынша өзінің табыстар және шығындар бойынша есептемесін, балансын жариялайды.

7.5. Ақпаратты ашу кезінде Банк коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия қорғалуға тиісті екенін ескереді. Осындай ақпараттың алынуы және оны пайдалану мүмкіндігі Банктің ашықтығы мен оның мүдделеріне зиян келтірілу арасындағы таразылықтың ескерілуі Банкпен белгіленеді.

7.5. Банктің барлық қызметкерлері банктік құпияны таратпау туралы міндеттемеге қол қояды және оны жүзеге асыруда жауапкершілікке ие.


8-ТАРАУ. ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ
8.1. Банктың аудиторы Банк Басқармасының қаржы-шаруашылық қызметін тексереді. Қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жүйесі инвесторлардың Банкке және оның басқару органдарына сенім артуын қамтамасыз етуге бағытталған. Акционердің қапитал салымы және Банктің активтерін қорғауы осындай бақылаудың негізгі мақсаты болып табылады.

8.2. Қоғамның қаржы - шаруашылық қызметін бақылаудың бірде бір жүйесі кездейсоқ шығындардың әкелуіне әкеп соққан оқиғалардың болмауына кепіл бере алмайды. Сонымен қатар, Банкте ішкі бақылаудың тиімді жүйесінің жасалуы осындай шығындардың болу мүмкіндігін төмендетеді. Осыған байланысты Банк Банктің қаржы-шаруашылық қызметін ішкі бақылау жүйесінің тиімді қызметін қамтамасыз етуге міндетті. Банктің қаржы-шаруашылық қызметін ішкі бақылау ішкі аудит Қызметімен жасалады.

8.3. Қаржылық есептіліктің шынайылығы және әділдігі туралы тәуелсіз пікір алу мақсатында Банк Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ішкі аудит өткізеді. 8.4. Банк аудитін жүзеге асырушы аудиторлық ұйым Банктің Акционерімен анықталады.

8.5. Банктің қаржы-шаруашылық қызметін бақылау жүйесіне, аталған рәсімдерді есепке алмағанда, заңсыз алынатын кірістерді ресімдендіру (ақшаның ізін жасыру) және терроризмді қаржыландыру мәселелер бойынша рәсімдер жатқызылады.

8.6. Банктің Акционері мен Басшылығы Банкте ақшаның ізін жасыру бойынша операциялардың болуына жол берілмейді деп есептейді. Осыған байланысты Банктің барлық қызметкерлері осындай жағдайлардың болмауына барлық шараларды қолданғаны жөн. Ақшаның ізін жасыруды алдын алу үшін Банктің барлық құрылымды бөлімшелері тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Заңсыз алынатын кірістерді ресімдендіру (ақшаның ізін жасыру) және терроризмді қаржыландыру мәселелер бойынша Банктің саясаты Директорлар Кеңесімен бекітіледі.

9-ТАРАУ. ДИВИДЕНДТІК САЯСАТ
9.1. Банк Акционеріне дивидендтер төлеу мәселелер бойынша Акционер бекіткен Банктің Жарғысы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сүйенеді.

9.2. Банктің дивидендтік саясаты Банктің Акционері және әлеуетті инвесторлардың талдауына мүмкіндік беретін жеткілікті деңгейде ашық және қолжетімді болғаны жөн.

9.3. Дивидендтің мөлшері мен оны төлеу ҚР жүзеге асырылатын қаңнамасына мен Жарғысына сәйкес анықталады.
10-ТАРАУ. КАДРЛЫҚ САЯСАТ
10.1. Жалпы қағидалар

10.1.1. Банктің кадрлық саясаты оның қызметінің ұстанымдық қағидаларын, оның негізгі мақсатын, қызметкерлермен жүргізілетін жұмысты жетілдірудің негізгі міндеттері мен бағыттарын белгілейді.

10 1.2. Кадрлық саясаттың негізгі мақсаты – Банктің кадрлық потенциалының даму болашағын баяндау, Банктегі қызметкерлермен жүргізілетін жұмыстың барлық жүйесін жетілдірудің негізгі жолдары мен əдістерін анықтау.

11.1.3. Кадрлық саясат Қазақстан Республикасының Конституциясының, ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңының, республикада қолданылатын басқа заңнаманың, қызметкерлермен жүргізілетін жұмыс саласында жинақталған тəжірибенің негізінде əзірленген.



10.2. Кадр саясатының бастапқы идеялары

10.2.1. Кадрлық саясат Банкті кəсіби деңгейі мен адамгершілік-іскерлік қасиеттеріне ие қызметкерлермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың мақсаты, міндеттері, ұстанымдары, нысандары, əдістері, бағыттарының жүйесін білдіреді.

10.2.2. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу – Банк қызметінің аса жауапты жəне көп қырлы бағыттарының бірі болып табылады жəне басқару, экономикалық, əлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық жəне басқа міндеттерді кешенді түрде шешуді қажет етеді. Ол барлық деңгейдегі басшылардың басым бағыттарының бірі болып табылады.

10.2.3. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу, олардың кəсіби дайындығы мен адамгершілік-

іскерлік қасиеттерін жетілдіру – Банк бөлімшелері жүйесін басқарудың тиімділігін

арттырудың, оның тұтастылығы мен қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі

құрамдас факторлары

10.3. Кадрлық саясаттың мақсаттары

10.3.1. Кадрлық саясаттың мақсаты Банктің кəсіби біліктілігі жоғары, тұрақты, қазіргі кездегі жəне болашақтағы əлеуметтік-саяси, экономикалық, басқа талаптарға толық сәйкес келетін, Банктің даму стратегиясында белгіленген міндеттерді тиімді шешуге қабілетті қызметкерлерін жинақтау болып табылады. Жұмыскерлердің кəсіби деңгейінің өсуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді басқару жəне дайындау жүйесінің негізгі бағыттарын əзірлеу, оларда корпоративтік мəдениетті қалыптастыру.

10.4. Банктің қорпоративтік басқару жүйесі Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын, Банктің ішкі нормативтік құжаттарын, еңбек және ұжымдық келісім-шарттардың қағидаларын қатаң сақтауымен жүзеге асырылады.

10.5. Банктің кадрлық саясаты өзіне бос орындарға үміткерлерді дұрыс таңдау, жаңадан қабылданған қызметкерлердің бейімделуі, оларды оқытуды ұйымдастыру және біліктілігін жетілдіру, Банктің қызметкерлерін ынталандыру және аттестациялау (жұмысын бағалау), әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламасын қосады.

10.6. Банк еңбек ұжымында ыңғайлы және шығармашылық атмосфера болғанын максималды ынталандырады.



11-ТАРАУ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
11.1. Банк өзінің қызметінде қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша барлық негізгі қағидалар мен жүзеге асырылатын құқықтық актілерді сақтайды.

11.2. АҚ "ЕБ "Қазақстандағы Пәкістанның Ұлттық банкінің" қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі қағидалары:

11.2.1. халықтың еңбек ету, демалу және өмір сүруіне қолайлы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау басымдылығы;

11.2.2. Тікелей банктік қаржылық операциялар жолымен қоршаған ортаға деген әлеуетті зиянды алдын алу;

11.2.3. Қазақстан Республикасының халқының өмір сүруі мен қызмет етуінің және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуының және әл-ауқатының жоғарылауының негізі табиғат пен оның байлықтары болып табылатын назарға ала отырып, сонымен қатар, экологиялық жүйелерге Банктің шаруашылық және басқа да іс-әрекеттерінің зиянды әсерін алдын алу, табиғатты пайдаланудың рационалды ұйымдастырылуы мен биологиялық әр түрліліктің сақталуы мақсатында Банк өзінің қызмет ету үрдісінде қоғамның денсаулығына, қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға деген ұқыпты және рационалды қатынасты қамтамасыз етеді.
12-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТІК ШИЕЛЕНІСТЕРДІ РЕТТЕУ
12.1. Акционердің қоғамға қатысумен байланысты пайда болған Қоғамдық орган мен оның акционерінің арасындағы кез келген келіспеушілік пен дау және ол қоғамдық мүддені қозғайтын болса, онда ол корпоративті кикілжің болып табылады, себебі қоғам ішіндегі қатынастарды қозғайды немесе қозғауы мүмкін.

12.2. Қаншалықты тез корпоративтік шиеленістер қарастырылады, соншалықты корпоративтік шиеленістерді алдын-ала алу және реттеу бойынша жҥргізген жҧмыс тиімді болуы мҥмкін.Осыған байланысты Банк барынша қысқа мерзімде шиеленіс мәні бойынша өзінің ұстанымын анықтайды, тиісті шешім қабылдап, Банктің Акционеріне жеткізеді. Корпоративтік шиеленістегі Банктің ұстанымы Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің өкілетті органымен бекітілген корпоративтік әдеп Кодекстіне негізделеді.

12.3. Банктің шиеленістің мәні болып табылатын мәселе бойынша Акционерге толық ақпаратты ұсынуы Банк Акционерінің Банкке бағытталған талаптарын немесе өтінішін қайталауға қажеттілікті тудырмайды. Осыған байланысты Акционердің өтініші немесе талабына Банктің жауабы толық және дәлелді болуы қажет, ал өтінішті немесе талапты қанағаттандыру туралы келіспеушілік Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктің өкілетті органымен бекітілген корпоративтік әдеп Кодексіне негізделген болғаны жөн.

12.4. Банктің Директорлар Кеңесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша корпоративтік шиеленістерді реттейді. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша корпоратиытік шиеленістерді реттеуді Басқарма жүзеге асырады.

12.5. Банктегі корпоративтік даулардың алдын алу жəне реттеу акционерлердің

құқықтарын сақтауды жəне қорғауды, сондай-ақ Банктің мүліктік мүддесі мен іскерлік

беделін қорғауды қамтамасыз етуге тең мүмкіндіктер береді.

12.6. Корпоративтік дауларды сотқа жеткізбей реттеу туралы төменде көрсетілген

қағидалар құқығы бұзылған тұлғалардың сотқа жүгінуіне кедергі жасамайды.

Жалпы қағидалар

Банктің барлық органдары корпоративтік шиеленістерді алдын алу жəне оларды реттеу мақсатында қызметін тиімді координациялауды қамтамасыз етуге міндетті.

Корпоративтік шиеленеістердің есебін жүргізу Банктің Корпоративтік хатшысына жүктеледі. Ол акцинерлерден келіп түскен хабарламаларды, хаттар мен талаптарды тіркейді, оларға алдын ала бағалау жасап, Банктің осындай корпоративтік шиеленістерді шешуге құзырлы органына береді.

Банк өте қысқа мерзім ішінде шиеленестің мазмұны бойынша өз ұстанымын

анықтап, сəйкес шешім қабылдауға жəне оны акционерге хабарлауға тиісті.

Банктің корпоративтік шиеленістегі ұстанымы заңнама қағидаларына негізделуі қажет.

Банктің ұстанымы Акционерге уақтылы хабарлануы керек. Банктің

Акционерлердің хаттарына беретін жауабы толық жəне жан-жақты болуы керек, ал

акционердің өтінішін немесе талабын орындаудан бас тарту туралы хабарлама заңнама

қағидаларына негізделген болуы керек.

Егер Банктің акционердің талабын қанағаттандыруға келісімі Акционердің Занамада, Жарғыда немесе басқа құжаттарда көзделген қандай да бір іс-əрекетті орындауына байланысты болса, онда мұндай жағдайларда Банктің Акционерге беретін жауабында осындай жағдайлар мен оларды орындау үшін қажетті ақпарат (мысалы, акционер сұраған құжаттардың көшірмесін жасау үшін төленетін ақы немесе Банктің банктік реквизиттері) көрсетіледі.

Акционер мен банк арасында өздерінің міндеттемелерінің мазмұны бойынша кикілжің болмай, оларды орындау тəртібіне, тəсілдеріне, мерзімдеріне жəне басқа да талаптарына қатысты қайшылық туындаған жағдайларда, Банк акционерге туындаған кикілжіңді реттеуді жəне акционердің талабын қанағаттандыруға келісетін Банктің талаптарын баяндауды ұсынады.



Банк органдарының корпоративтік шиеленістерді реттеу жөніндегі жұмысның тəртібі

Банк органдарының корпоративтік шиеленістерді қарау жəне реттеу жөніндегі құзыры анық шектелуі қажет.

Банктің басқа органдарының құзырына жатқызылмаған мəселелерден басқа барлық мəселелерде Банктің атынан корпоративтік шиеленістерді шешуді, əдетте, Басқарма жүзеге асырады.

Басқарма Төрағасы немесе оның орнындағы тұлға корпоративтік шиеленістерді реттеу жөніндегі жұмысының тəртібін өз бетінше белгілейді.

Директорлар Кеңесі өзінің құзырына жататын мәселелер бойынша корпоративтік дауларды реттейді.

Директорлар Кеңесінің қарауына Басқарманың құзырына жататын жекелеген корпоративтік шиеленістер (егер шиеленістің мəні Басқарманың əрекеті (əркетсіздігі) əлде ол қабылдаған актілер болса) берілуі мүмкін.

Банк органдарының корпоративтік шиеленістерді реттеу кезіндегі негізгі міндеті Банктің мүддесіне жауап беретін заңды жəне негізделген шешім табу болып табылады. Шиеленісті реттеу жөніндегі жұмыс акционердің тікелей қатысуымен онымен тікелей келіссөз өткізу немесе хат алмасу арқылы жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда, Банк пен акционер арасында корпоративтік шиеленісті реттеу туралы келісім жасауға болады.

Корпоративтік шиеленісті бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету үшін жəне оны тиімді шешуге жағдай жасау үшін осы шиеленіс бойынша мүддесі қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін тұлғалар осы шиеленіс бойынша шешім шығаруға қатыспауы керек.

Егер шиеленіс өзінің қандай да бір даму деңгейінде Басқарма Төрағасының

мүддесін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, оны реттеу Директорлар Кеңесіне беріледі.

Директорлар Кеңесінің осы шиеленіс бойынша мүддесі қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін

мүшелері осы шиеленісті шешу жұмыстарына қатыспайды.

Банктегі өз уəкілеттіліктерінің күшіне қарай шиеленістерді шешуге қатысуға міндетті тұлға өзіне белгілі болған сəтте бірден осы даудың өз мүддесін қозғайтыны немесе қозғауы мүмкін екендігі туралы хабарлауға міндетті.


13-ТАРАУ. МҮДДЕЛЕР ШИЕЛЕНІСІН РЕТТЕУ БОЙЫНША САЯСАТ
13.1. Мүдделер шиеленісі қызметтік міндеттемелердің бұлжытпай орындалуына қызметкердің (басшыны қоса есептегенде) мүдделілігі әсер етуі мүмкін немесе әсер ететін жағдай болып анықталады.

13.2. Банк қызметкерлері басқаға немесе өзіне қатысты (немесе өзімен байланысты) мүдделер шиеленісінің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп өздерін ұстауы қажет. Мүдделер шиеленісін алдын алу туралы негізгі қағидалары Директорлар Кеңесімен бекітілген АҚ "ЕБ "Қазақстандағы Пәкістанның Ұлттық банкінің" Іскерлік этика Кодексінде бекітіледі.

13.3. Банктің ішкі нормативтік құжаттарының және жүзеге асырылатын қаңнама талаптарының Банк қызметкерлерімен (соның ішінде басшылармен де) орындалуын ішкі аудит Қызметі мен Банктің басқа бөлімшелері өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады. Көрсетілген бөлімшелер әлеуетті мүдделер шиеленісінің жағдайын бақылауға басты назар қоюлары қажет, ол үшін Директорлар Кеңесімен бекітілген, мүдделер шиеленісін алдын алу іскерлік этика Кодексімен қарастырылған талаптардың Банк қызметкерлерімен орындалуын қадағалау қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
АҚ "ЕБ "Қазақстандағы Пәкістанның Ұлттық банкінің" Корпоративті басқару Кодексі Банк Акционерінің Шешімінің бекітілуінен бастап күшке енеді.

Осы Кодекстің қағидаларын акционерлер, Банктің органдары, лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері орындауға міндетті.

Осы Кодексте баяндалған стандарттар мен ережелерді орындау Банктің осы Кодексте баяндалған корпоративтік басқару ұстанымдарын оңтайландырып, қолдануына

бағытталған қосымша ішкі нормативтік құжаттарды, қағидаларды жəне процедураларды əзірлейтінін жəне қолданатынын білдіреді.



Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілген, Қазақстан Республикасының уəкілетті органдары тарапынан қосымша нұсқаулар, корпоративтік басқарудың жаңа дүниежүзілік тəжірибелері пайда болған жағдайларда, осы Кодекстің қағидаларына толықтырулар немесе өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет