33
2-БӨЛІК - БИЗНЕСТЕГІ КӘСІБИ БУХГАЛТЕР
200-БӨЛІМ
«БИЗНЕСТЕГІ КӘСІБИ БУХГАЛТЕРДІҢ
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДІ ҚОЛДАНУЫ»
Кіріспе
200.1
Кодекстің бұл бөлімінде 120 бөлімде
баяндалған тұжырымдамалық
негізді қолдану кезінде бизнесте жұмыс істейтін кәсіби бухгалтер
үшін талаптар мен қолданбалы материалдар қарастырылған.
Бизнестегі кәсіби бухгалтер бетпе-бет келетін кәсіби қызмет,
мүдделер мен қатынастарды қоса алғанда
іргелі қағидаларды сақтау
қауіп-қатерін туғызуы мүмкін барлық фактілер мен жағдайларды
баяндамайды. Демек тұжырымдамалық негіз осындай фактілер мен
жағдайларға қатысты бизнестегі кәсіби бухгалтердің мұқият болуын
талап етеді.
200.2
Инвесторлар, несие берушілер, жұмыс беруші ұйымдар және өзге де
бизнес-қоғамдастықтар, сондай-ақ үкімет
пен көпшілік қауым
бизнестегі бухгалтердің жұмысына арқа сүйеуі мүмкін. Бизнесте
жұмыс істейтін кәсіби бухгалтер жұмыс беруші ұйым мен үшінші
жақтың сүйенетін қаржылық және өзге де ақпараттарды дайындауға
жеке немесе бірлескен жауапкершілікті мойынына алады. Сонымен
қатар олар қаржыны тиімді басқаруға және бизнеспен байланысты
әр түрлі мәселелер бойынша құзыретті
кеңес беруге жауапты
болады.
200.3
Бизнестегі кәсіби бухгалтер қызметкер, мердігер, әріптес,
директор
(орындаушы немесе орындаушы емес), менеджер-меншік иесі
немесе жұмыс беруші ұйымның валонтеры болуы мүмкін. Бухгалтер
мен жұмыс беруші ұйымның арасындағы қарым-қатынастың
құқықтық нысаны бухгалтер сүйенетін
әдеп міндеттеріне ықпал
етпейді.
200.4
Осы бөлімдегі “кәсіби бухгалтер” термині мынаны білдіреді:
(а)
Бизнестегі кәсіби бухгалтер; сонымен қатар
(b)
Бухгалтерлік фирмамен қарым-қатынасқа сәйкес мердігер,
қызметкер немесе меншік
иесі ретінде болсын кәсіби
қызметті орындау кезінде көпшілік алдындағы тәжірибелі
кәсіби бухгалтер болып табылатын тұлға. Көпшілік
алдындағы тәжірибелі кәсіби бухгалтерге қолданылатын 2
бөлісдегі ақпараттар егжей-тегжейлі R120.4, R300.5 және
300.5 A1. параграфтарда баяндалған.