Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда


Талаптар және қолданбалы материалдар



Pdf көрінісі
бет23/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

Талаптар және қолданбалы материалдар 
Жалпы
R200.5 
Кәсіби бухгалтер іргелі қағидаларды сақтауға төнетін қауіп-қатерді 
анықтау, бағалау және болдырмау үшін 110 бөлімде баяндалған 
іргелі қағидаларды сақтауға және 120 бөлімде баяндалған 
тұжырымдамалық негізді қолдануға тиісті. 
200.5 A1 
Кәсіби бухгалтер жұмыс беруші ұйымның заңды мақсатқа қол 
жеткізуіне жауапты болады. Кодекс бухгалтердің бұл жұмысты 
орындауына кедергі болмайды, бірақ негізгі қағидаларды сақтау 
қауіп-қатерді туғызу мүмкін жағдайларды қарастырады. 
200.5 A2 
Кәсіби бухгалтер жұмыс беруші ұйымның заңды мақсаттары мен 
міндеттеріне жетуі үшін ұстанымын қолдауы мүмкінғ алайда бұл 
жағдайда орындалған іс-әрекеттер жалған немесе адастыруға алып 
келмеуі тиіс. Мұндай іс-әрекеттер аса қорғануды қажет ететіндей 
қауіп-қатерді туғызбайды.
200.5 А3 
Кәсіби бухгалтерді лауазымы неғұрлым жоғарылаған сайын 
ақпараттарды алуға қабілеті мен қол жетімділігі соғұрлым жоғары 
болады және жұмыс беруші ұйыммен байланысты саясатқа, 
қабылданатын шешімдерге және өзге тұлғалардың іс-әрекетіне 
ықпал жасай алатын болады. Бухгалтерлер ұйымдағы этикаға 
негізделген мәдениетті, олардың жағдайы мен ұйымдағы 
тәжірибесін ескере отырып, оны жасай алатын дәрежеде 
көтермелейді және алға тартады деп күтіледі. Жасалуы мүмкін іс-
әрекеттердің мысалдары енгізу және қадағалауды қамтиды:
• 
Әдеп бойынша білім беру және оқыту бағдарламаларымен.
• 
Әдеп және әшкерелеу саясаты.
• 
Заңдар мен қаулыларды сақтамаудың алдын алуға 
бағытталған саясат пен рәсімдер. 
Қауіп-қатерді анықтау
200.6 A1 
Негізгі қағидаларды сақтау қауіп-қатері кең ауқымды фактілер мен 
жағдайлардан туындауы мүмкін. Қауіп-қатердің санаттары 120.6 A3 
тармақта жазылған. Төменде кәсіби бухгалтер кәсіби қызметін 
орындау кезінде қауіп-қатер туғызатын әрбір санатқа мысал 
фактілер мен жағдайлар келтірілген: 
(а) 
Жеке қызығушылық қауіп-қатері


35 
• Кәсіби бухгалтердің жұмыс беруші ұйымнан кепіл, 
қарыз алуы немесе қаржылық қызығушылығы болуы 
мүмкін. 
• Кәсіби бухгалтер жұмыс беруші ұйымның ұсынған 
ынталандырушы 
өтемақы 
шараларына 
қатысуы 
мүмкін. 
• Кәсіби бухгалтердің жеке мақсаты үшін корпоративтік 
активке қол жетімділігі болуы мүмкін.
• Кәсіби 
бухгалтерге 
жұмыс 
беруші 
ұйымның 
жабдықтаушысы ерекше қызмет көрсетуі немесе 
ұсынуы мүмкін. 
(b) 
Өз бетінше тексеру қауіп-қатері
• Кәсіби бухгалтер сатып алу туралы шешімді растайтын 
техникалық-экономикалық негіздемені орындағаннан 
кейін бизнесті біріктіру үшін есепке алудың тиісті 
тәртібін айқындайды. 
(c) 
Шамадан тыс қорғаныс қаупі 
• Кәсіби бухгалтер тиімді қаржыландыруды алу үшін 
эмиссия 
проспектісіндегі 
ақпаратты 
басқаруға 
мүмкіндігінің болуы. 
(d) 
Таныс-тамырдың қауіп-қатері
• Жұмыс беруші ұйымның қаржылық есептілігіне 
жауапты кәсіби бухгалтер тікелей немесе жақын 
отбасы мүшелерінен болып қаржылық есептілікке 
ықпал ететін шешімдерді қабылдауы.
• Кәсіби бухгалтер бизнес шешімдерге ықпал ететін 
адамдармен көптен бері бірлесіп жұмыс істеуі.
(e) 
Қорқыту қауіп-қатері
• Кәсіби бухгалтер - отбасының тікелей немесе жақын 
мүшесі болып табылатын ұйымдарда мынандай 
келіспеушілік салдарынан жұмыстан босату немесе 
ауыстыру қаупіне тап болуы мүмкін: 

Бухгалтерлік қағидаларды қолдану.


36 

Қаржылық ақпаратты ұсыну тәсілі. 
• Кәсіби бухгалтердің қабылдайтын шешіміне, мысалы 
келісім-шартты жасауға немесе бухгалтерлік есеп 
қағидаларын 
қолдануға 
қатысты 
ықпал 
етуге 
тырысатын тұлға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет