45
220.7 A1
Басқаларға байланысты тәуелділіктің негізділігін анықтау кезінде
ескерілуі керек факторларға мыналар жатады:
•
Бедел мен тәжірибе, сондай-ақ
басқа адамға немесе ұйымға
қол жетімді ресурстар.
•
Басқа
тұлға
қолданылатын
кәсіби
және
этикалық
стандарттардың ықпалына түсетіндігі.
Мұндай ақпарат басқа тұлғамен немесе ұйыммен алдынғы өзара іс-
қимыл нәтижесінде немесе олармен кеңесу арқылы алынуы мүмкін.
Жаңылыстыруы мүмкін немесе жаңылыстыратын ақпаратқа жүгіну
R220.8
Кәсіби бухгалтер ақпараттың жаңылыстыратынын білсе немесе оған
негіз болған кезде, мәселені шешуге тырысу үшін тиісті әрекеттерді
жасауы керек.
220.8 A1
Орынды болуы мүмкін әрекеттерге мыналар кіреді:
•
Кәсіби бухгалтердің басшысы және / немесе бухгалтердің
жұмыс беруші ұйымындағы басшылықтың тиісті деңгейі
немесе корпоративтік басқаруға жауапты тұлғалар ақпаратты
жаңылыстырады деген қауіптерді
талқылау және осындай
тұлғаларға мәселені шешу үшін тиісті іс-қимыл жасауды
сұрау. Мұндай әрекет мыналарды қамтуы мүмкін:
o
Ақпараттарды түзету.
o
Егер ақпарат болжамды пайдаланушыларға ашылған
болса, оларды дұрыс ақпаратпен хабардар ету.
•
Компания ішінде осындай
мәселелерді қалай шешуге
болатындығы туралы жұмыс беруші ұйымның саясаттары мен
рәсімдеріне
(мысалы,
этикалық
саясат
немесе
Ақпараттандыру саясаты) кеңес беру.
220.8 A2
Кәсіби бухгалтер жұмыс беруші ұйымның тиісті әрекеттерді
жасамағанын
анықтай
алады.
Егер
бухгалтердің
ақпарат
жаңылыстырады деп ойлауға әлі де негізі болса,
бухгалтер
құпиялылық қағидасын мұқият қадағалап отырған жағдайда, келесі
әрекеттер қажет болуы мүмкін:
•
Мыналардан кеңес алу
o
Сәйкес кәсіби органнан.
o
Жұмыс беруші ұйымның ішкі немесе сыртқы аудиті.
46
o
Заңгерлік кеңес алу.
•
Мыналарға байланысты қандай да бір талапты анықтау:
o
Ақпаратты тұтынушыларды қоса алғанда үшінші
жақтармен.
o
Реттеуші және қадағалпаушы органдармен.
R220.9
Егер барлық мүмкін нұсқалар таусылғаннан
кейін кәсіби бухгалтер
тиісті іс-шаралар қабылданбағанын анықтаса және ақпарат әлі де
жаңылыстырады деп айтуға негіз болса, онда бухгалтер
ақпаратпен
байланысты болудан бас тартуы керек.
220.9 A1
Мұндай жағдайларда кәсіби бухгалтер үшін жұмыс беруші ұйымнан
кету орынды болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: