Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда



Pdf көрінісі
бет26/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

210 БӨЛІМ 
МҮДДЕЛЕРДІҢ ҚАЙШЫЛЫҒЫ 
Кіріспе 
210.1 
Кәсіби бухгалтерлер қауіп-қатерлерді анықтау, бағалау және жою 
үшін 120-бөлімде көрсетілген тұжырымдамалық негізді ұстануы 
және қолдануы тиіс. 
210.2 
Мүдделер қайшылығы объективтілік қағидасын сақтауға қауіп 
төндіреді және басқа да негізгі қағидаларды сақтауға қауіп төндіруі 
мүмкін. Мұндай қауіп-қатерлер келесі жағдайларда пайда болуы 
мүмкін:
(а) 
Кәсіби бухгалтер мүдделері қайшылықта болатын екі немесе 
одан да көп тараптардың мәселесіне байланысты кәсіби 
қызметті жүзеге асырады;
(b) 
Белгілі бір мәселеге қатысты кәсіби бухгалтердің мүдделері 
және осы мәселеге байланысты бухгалтер кәсіби қызметті 
жүзеге асырған кезде тараптың мүдделері қайшы келеді. 
Тарапқа жұмыс беруші ұйым, жабдықтаушы, клиент, несие беруші, 
акционер немесе басқа тараптар енуі мүмкін. 
210.3 
Бұл 
бөлімде 
мүдделер 
қайшылығына 
қолданылатын 
тұжырымдамалық негіздерге қатысты ерекше талаптар мен 
қолданбалы материал баяндалған.
Талаптар және өтінім материалдары 
Жалпы
R210.4 
Кәсіби бухгалтер мүдделер қайшылығына кәсіби немесе іскерлік 
пайымлауға қауіп-қатер төндірмеуі керек. 
210.4 A1 
Мүдделер 
қайшылығын 
туғызатын 
жағдайларға 
жататын 
мысалдарға мыналар кіреді:
• 
Екі жұмыс беруші ұйымда бір мезетте жетекші немесе 
басқарушы лауазымда жұмыс істеу - бір ұйымнан алған құпия 
ақпаратты екінші ұйымның пайдасына немесе зиян келтіруіне 
пайдаланылуы мүмкін. 
• 
Әріптес екі ұйым әріптестікті тоқтату үшін екеуі де бір 
бухгалтерді жалдаса, онда мұндай әріптес ұйымдардың әр 
қайсысында кәсіби қызметті жүзеге асыру.


40 
• 
Компанияны сатып алуға ұмтылатын басшылығы бар, жұмыс 
беруші ұйымның белгілі бір мүшелері үшін қаржылық 
ақпарат дайындау.
• 
Бухгалтер отбасының ең жақын мүшесі мәміледен қаржылық 
пайда ала алатын кезде жұмыс беруші ұйым үшін 
жабдықтаушыны таңдау жауапкершілігі. 
• 
Компания үшін белгілі бір инвестицияларды бекітіп, олардың 
бірі бухгалтердің немесе оның жақын отбасы мүшелерінің 
инвестициялық портфелінің құнын арттыруға алып келетін 
жұмыс беруші ұйымда басшылық ретінде жұмыс істеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет