194
604.2
Осы бөлімдегі нақты талаптар мен қолданбалы материалдарға
қосымша, 600.1-ден R600.10-ға дейінгі параграфтардағы талаптар
мен қолданбалы материалдар аудитке
тапсырыс берушіге салық
қызметтерін ұсыну кезінде тұжырымдамалық негізді қолдануға
қатысты болып табылады. Бұл бөлім фирмалар мен желілік
фирмаларға белгілі бір жағдайларда аудит
клиенттеріне белгілі бір
салық қызметтерін ұсынуға тыйым салатын талаптарды қамтиды,
өйткені сақтық шараларын қолдану арқылы туындаған қауіптерді
жою мүмкін емес.
Талаптар және қолданбалы материал
Барлық аудит клиенттері
604.3 A1
Салық қызметтері қызметтердің кең спектрін қамтиды, соның ішінде:
• Салық декларациясын дайындау.
•
Бухгалтерлік
жазбаларды
дайындау
мақсатында
салықтарды есептеу.
• Салықтық жоспарлау және басқа да салықтық кеңестер.
• Бағалау бойынша салық қызметтері.
• Салық дауларын шешуге көмектесу.
Осы бөлімде жоғарыда аталған салық қызметтерінің әр түрі жеке
тақырыптарда қарастырылғанмен, іс жүзінде салық қызметтерін
ұсынуға байланысты іс-шаралар көбінесе өзара байланысты.
604.3 A2
Аудитке тапсырыс берушіге кез-келген
салық қызметін ұсыну
нәтижесінде туындаған қауіп-қатер деңгейін бағалау үшін маңызды
факторларға мыналар жатады:
• Келісімнің нақты сипаттамалары.
• Клиент қызметкерлерінің салық сараптамасының деңгейі.
• Салық органдары тиісті салықты бағалайтын және
реттейтін жүйе, сондай-ақ осы процестегі фирманың немесе
желілік фирманың рөлі.
• Тиісті салық режимінің күрделілігі және оны қолдану үшін
қажетті пайымдау дәрежесі.
Достарыңызбен бөлісу: