Бағалауға байланысты салық қызметтері Барлық аудит клиенттері 604.9 A1
Аудитке тапсырыс берушіге салықтық бағалау қызметтерін ұсыну
өзін-өзі талдау немесе мүдделерді қорғау қаупін тудыруы мүмкін.
604.9 A2
Егер бағалау нәтижесі қаржылық есептілікке тікелей әсер етпесе,
фирма немесе желілік фирма бағалауды салық салу мақсаттары үшін
ғана жүргізе алады (яғни қаржылық есептілікке салыққа қатысты
бухгалтерлік жазбалар ғана әсер етеді). Егер қаржылық есептілікке
әсер ету маңызды болмаса немесе бағалау салық немесе осыған ұқсас
реттеуші органның сыртқы тексеруіне жатса, бұл әдетте қауіп
төндірмейді.
604.9 A3
Егер салық мақсаттары үшін орындалатын бағалау сыртқы тексеруге
жатпаса және оның әсері қаржылық есептілік үшін елеулі болып
табылса, 604.3 A2-тармаққа қосымша, өзін-өзі талдауға немесе
мүдделерді қорғауға төнетін қауіп-қатер деңгейін бағалау үшін
мынадай факторлардың маңызы бар, яғни бұл қызметтерді аудит
клиентіне ұсыну:
• Бағалау
әдіснамасы
салық
заңнамасында
немесе
нормативтік актілерде, басқа прецеденттерде немесе
қалыптасқан тәжірибеде қолданылатын дәреже.
• Бағалауға тән субъективтілік дәрежесі.
• Бастапқы деректердің сенімділігі мен көлемі.
604.9 A4 Қауіптен қорғайтын әрекеттердің мысалдары:
• Қызмет көрсету үшін аудит тобының мүшелері болып
табылмайтын кәсіпқойларды пайдалану өзін-өзі тексеру
немесе қорғау қатерлерін жоюға көмектеседі.
• Қызмет көрсетуге қатыспаған, орындалған аудиторлық
жұмысты немесе қызметті тексеретін тиісті тексерушінің
болуы, бұл өзін-өзі тексеру қатерін жоя алады.
• Салық органдарынан алдын-ала рұқсат алу өзін-өзі тексеру
немесе қорғау қаупін жоя алады.
604.9 A5
Фирма немесе желілік фирма сонымен қатар аудитке тапсырыс
берген клиентке салық есептілігі бойынша міндеттемелерімен немесе
бағалау нәтижесі қаржылық есептілікке тікелей әсер ететін салықтық
жоспарлау мақсаттарымен көмектесу үшін салықтық бағалауды
жүргізе алады. Мұндай жағдайларда бағалау жөніндегі қызметтерге