50
•
Пайдаға байланысты бонус алуға құқылы және осы бонустың
мөлшеріне бухгалтер қабылдаған шешімдер тікелей әсер етуі
мүмкін.
•
Жұмыс беруші ұйымдағы кейінге
қалдырылған бонустық
акцияларға немесе опциондарға тікелей немесе жанама иелік
етеді, олардың құнына бухгалтер қабылдаған шешімдер әсер
етуі мүмкін.
•
Мақсаттарға қол жеткізу үшін ынталандыру тудыратын
немесе жұмыс беруші ұйым
акцияларының құнын барынша
ұлғайту бойынша күш-жігерді қолдайтын өтемақы туралы
келісімдерге қатысады. Мұндай келісімнің мысалы белгілі бір
жұмыс жағдайларын сақтаумен байланысты ынталандыру
жоспарларына қатысу болуы мүмкін.
240.3 А3
Мұндай қауіп-қатердің деңгейін бағалауға қатысы бар факторларға
мыналар жатады:
•
Қаржылық қызығушылықтың маңыздылығы.
Маңызды
қаржылық қызығушылық дегеніміз жеке жағдайларға және
адам үшін қаржылық қызығушылықтың маңыздылығына
байланысты болады.
•
Жоғары басшылықтың сыйақы деңгейін немесе нысанын
анықтау үшін басшылыққа тәуелсіз Комитет үшін саясат және
рәсімдер.
•
Кез келген ішкі саясатқа сәйкес
корпоративтік басқаруға
жауапты тұлғаларға келесі ақпаратты ашуы:
o
Барлық тиісті мүдделер.
o
Құқықтарды
іске
асырудың
немесе
тиісті
акциялармен саудаласудың кез келген жоспарлары.
•
Қаржылық мүддені тудыратын мәселелерді шешу үшін
арнайы арналған ішкі және сыртқы аудит рәсімдері.
240.3 A4
Өтемақы немесе ынталандыру келісімдерінен туындаған қауіп-
қатерлер биліктің немесе әріптестердің айқын немесе жасырын
қысымымен күрделене түсуі мүмкін. 270 бөлімін қараңыз,
Негізгі
қағидаларды бұзу үшін қысым.