есепке алу және пайдалану ережелерiн бұзу,
сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс
аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен
шағылыстыру
1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн, жануарлардың өсiп-өну жағдайларын, орын ауыстыру жолдары мен шоғырланатын орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзден он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 295-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.
296-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да
объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу,
өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк
құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау
құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және
басқа да препараттарды қолдану кезiнде
жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау ережелерiн
бұзу
Осы Кодекстiң 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 296-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
296-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
жекелеген түрлерiнде жеке тұлғалардың болу
тәртiбiн бұзу
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи саябақтардың аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде болуы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 296-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
297-бап. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi
бүлдiру немесе жою
Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi: артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың мұрағаттық клондарын, географиялық дақылдарды, популяциялар мен будандардың сынақ дақылдарын бүлдiру немесе жою, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 297-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
298-бап. Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесiн пайдалану
1. Аң аулау ережелерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ бұзу және осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген аң аулау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жарылғыш құрылғыларды, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, оның iшiнде қарда жүретiн техниканы қолданып заңсыз аң аулау, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған аң аулау ережелерiн бұзу, -
жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралдары болған өзге де заттары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiден он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
2-1. Заңсыз аңшылық, егер бұл әрекет елеулi залал келтiрiп жасалса, –
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептiк көрсеткiштен бiр жүз және одан да көп есе асатын залал мөлшерi елеулi залал деп танылады.
Ескерту. 298-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
298-1-бап. Балық аулау және балық ресурстарын және басқа
да су жануарларын қорғау ережелерiн бұзу
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзiмдерде тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау), сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн өрескел бұзу, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Балықты бас саға құрылыстарына түсiп кетуден қорғау үшiн арнайы қондырғылар салмай, балық шаруашылығы су қоймаларынан су алу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 298-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.12.05 N 506, өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
299-бап. Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiту,
пайдалану және қорғау тәртiбiн бұзу
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiту, пайдалану және қорғау тәртiбiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 299-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
300-бап. Жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау
ережелерiн бұзу
Жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 300-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
301-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту,
сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын
жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу
Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 301-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 Заңымен.
302-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
қайраңында рұқсат етiлген қызметтi реттейтiн
лицензия шарттарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында рұқсат етiлген қызметтi реттейтiн лицензия шарттарын бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруi не қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуы мүмкiн су асты кабельдерiн немесе құбыр жолдарын Қазақстан Республикасының аумағына шығару немесе оларды Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңына төсеу ережелерiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдарды тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 302-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.12.19. N 11 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
303-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу
ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатымен немесе халықаралық шарттарымен көзделген теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу, не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiнiң бағдарламаларын заңсыз өзгерту, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеулер нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 303-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
304-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды
көму ережелерiн, сондай-ақ уақытша тоқтата тұру
және бөлшектеу ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де қалқымалы құралдарды, ұшатын аппараттарды, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге, биологиялық ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруге немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуға әкеп соғуы мүмкiн уақытша тоқтата тұру мен бөлшектеу ережелерiн бұзу, -
жеке адамдарға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма бес есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 304-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
305-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
қайраңын қорғау органдары лауазымды
адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ бұл лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, соның iшiнде кеменi тексеруiне кедергi жасау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 305-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
306-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңiзiндегi)
және iшкi суларындағы минералдық және
биологиялық ресурстарды заңсыз беру
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңiзiндегi) және iшкi суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды шетелдiктерге, басқа мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз беру, -
жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 306-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
306-1-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу
1. Мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы заңнама талаптарын орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Экологиялық аудиторлардың (экологиялық аудиторлық ұйымдардың) көрiнеу дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауы, -
экологиялық аудиторларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға - екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
экологиялық аудиторлық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, экологиялық аудиторларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға - сегiз жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тексерiлiп жатқан тұлғаның экологиялық аудит жүргiзiлу барысында дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын көрiнеу дұрыс емес немесе толық емес ақпаратты беруi, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 306-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
306-2-бап. Бекiре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртiбiн
бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған
уылдырығын өткiзу
1. Бекiре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртiбiн бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткiзу –
таңбалау тәртiбiн бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткiзiлетiн уылдырықты тәркiлей отырып жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан отыз беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – елуден алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпiстен тоқсанға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
таңбалау тәртiбiн бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткiзiлетiн уылдырықты тәркiлей отырып жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жүз оннан жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз қырықтан жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 306-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
20-тарау. Карантин ережелерi, астық нарығы мен астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
Ескерту. Тарау тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 299, өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.24 N 190-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
307-бап. Карантиндiк зиянкестермен, өсiмдiк ауруларымен
Достарыңызбен бөлісу: |