Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс



бет17/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48

               жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс
               нормаларының және жобалау құжаттарының
               талаптарын бұзу

      1. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң пайдаланылу сапасын нашарлатуға, берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соқтыратын бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу, -


      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соқтыратын осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау, -
      қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 232-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      233-бап. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау


               құжаттамасынсыз объектiлердi тұрғызу және қайта
               жаңғырту кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж,
               жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу

      1. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, -


      жүргiзiлiп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      лицензиядан айыра отырып не онсыз және жүргiзiлiп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 233-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       234-бап. Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту,


               құрылыс материалдарын, бұйымдар мен
               құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж,
               жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу
               кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген
               атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу
               ережелерiн бұзу

      Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу, -


      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 234-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      234-1-бап. Магистралдық құбыр жолдарын салу, пайдалану


                  немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн
                  бұзу

      Магистралдық құбыр жолдарын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, –


      айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 18-тарау 234-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      235-бап. Белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген


                немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу құқығына
                рұқсатсыз объектiлердi салу, қайта жаңғырту
                және күрделi жөндеу

      1. Заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сараптамадан өткiзiлмеген немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу құқығына рұқсатсыз объектiлердi салу, қайта жаңғырту және күрделi жөндеу, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 235-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      236-бап. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң


               белгiленген тәртiбiн бұзу

      Сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтер талаптарын бұза отырып, объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, -


      лауазымды адамдарға - мемлекеттiк қабылдау комиссиясының мүшелерiне, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 236-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      237-бап. Заңсыз құрылыс

        Белгiленген тәртiппен алынған лицензиясыз, рұқсатсыз өндiрiстiк, тұрғын-үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi заңсыз салу, -
      заңсыз салынған немесе салынып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 237-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      237-1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына


                   үлестiк қатысу туралы заңнамалық актiсiнiң
                   талаптарын бұзу

      1. Құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы заңнамалық актiсiнiң құрылыс салушы, жобалау компаниясы туралы және құрылыс объектiсi туралы ақпараттың мазмұнына қоятын талаптарын, сондай-ақ оны тарату тәртiбiн бұзуы не құрылыс салушының, жобалау компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы -


      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәлiметтер мен есептiлiктi табыс етпеуi не олардың дәйексiз мәлiметтер мен есептiлiктi табыс етуi -
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, құрылыс салушы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) -
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, жобалау компаниясы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), сол сияқты осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
      үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензияның қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
      Ескерту. 237-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11. N 183-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      238-бап. Тұрғын үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау


               және қайта жоспарлау

       1. Тұрғын үйдегi адам тұратын және тұрмайтын үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсатынсыз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ғимарат берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн нақ сол iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертулер. 1. Ғимараттардың, құрылғылардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырма элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң кемiп кетуiне және жойылуына, тұрғызылатын объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға керi әсер етуiне әкеп соғатын аумақтағы қала құрылысын салу кезiнде аумақты игеру, объектiлердi және кешендердi жобалау, салу, қайта жаңғырту, қалпына келтiру, жетiлдiру, күрделi жөндеу мен көркейту кезiнде техникалық регламенттердi қоспағанда, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң, жобалардың, басқа да нормативтiк актiлердiң мiндеттi талаптарының сақталмауы, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртiбiн бұзатын iс-әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп ұғынылады.


      2. Ғимараттың және құрылыстың материалдарының, құрастырмаларының, бұйымдарының, олардың түйiскен тораптарының, негiзгi топырақ қабатының есептiк мәндегi салмақтың түсуiне және әсерлерге бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктiлiк деп ұғынылады.
      3. Ғимараттың, құрылыстың есептiк - әсерлер мен салмақтың түсу ықпалына орай орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалуы орнықтылық деп ұғынылады.
      4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, салмақ көтерушi және бөлектеушi құрастырмаларының нормаланатын көрсеткiштер мәндерiмен айқындалған мiндеттердi атқару қабiлетi сенiмдiлiк деп ұғынылады.
      5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттары (жоба, жұмыстық жоба және жобалардың басқа да түрлерi) бойынша жүргiзiлетiн жұмыстар жобалау жұмыстары деп ұғынылады.
      Ескерту. 238-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      239-бап. Белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген


               объектiлер мен кешендердi пайдалану

      Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, қызмет көрсету, кiрiстер алу мақсатында өнiмдер өндiру), -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 239-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

  19-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ


ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

      240-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-


               эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды
               бұзу

      1. Осы баптың 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау жөнiнде нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу, -


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiнде белгiленген нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды арттыруға немесе төмендетуге нұсқау немесе рұқсат беруi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      240-1-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу


                 талаптарын бұзу

      Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын   бұзу, -


      жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 240-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.09. N 213 Заңымен.

      241-бап. Экологиялық ластану зардаптарын жою жөнiнде


               шаралар жүргiзуден жалтару

      Ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi, егер бұл iс-әрекеттер адам немесе қоршаған орта үшiн ауыр зардаптарға әкеп соқтырмаса, -


      жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 241-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      242-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс


                тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды
                орналастыру туралы хабарламау

       Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңдарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру және қоршаған ортаға басқа да зиянды апаттық әсерi туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпарат беру, -


      лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 242-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      243-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта


               белгiленген эмиссиялар нормативтерiнiң асып
               кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы

      Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгiленген эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға эмиссиялар көлемiн асырып жiбергенi үшiн қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлем ставкасының бiр мың процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
      Ескерту. 243-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.09. N 213 Заңымен.

      244-бап. Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға


                және сарқынды суларды ағызуға арналған
                жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу,
                сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау

       Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу, сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 244-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      245-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi


               түрде өткiзу туралы заңдар талаптарын орындамау

      Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзу туралы заңдар талаптарын немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында айтылған талаптарды орындамау, сол сияқты мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлмеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 245-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      246-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың


                болуы нормативтерден асып кететiн көлiк және
                басқа да жылжымалы құралдарды шығару

       1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомобильдердi, ұшақтарды, кемелердi және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      қызметiн тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 246-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      247-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың


               болуы нормативтен асып кететiн
               автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы
               құралдарды пайдалану

      1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде туғызатын шуылдың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды жеке тұлғалардың пайдалануы, -


      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 247-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      248-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi заңнаманы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет