мiндеттi төлемдердiң есептелген (есептелген)
сомасын төлеуден жалтару
Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкiмiнiң қолданысы кезеңiндегi салық берешегi болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүргiзiлген есеп айырысу сомасының отыз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 208-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету
1. Салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын декларацияда, есепте, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiште төмендетiп көрсету -
жеке тұлғаларға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға — жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға және шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасының отыз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен).
3. Салық төлеушiнiң ағымдағы төлемдер сомасын есепте кемiтiп көрсетуi, -
дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының отыз процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген аванстық төлемдер сомасынан жиырма процент мөлшерде асып түсуi - ic жүзiндегi салықтың асып түскен сомасының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. (алып тасталды)
6. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi-заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, -
патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының отыз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiндегi мақсаттар үшiн, егер қосылған құн салығына есептелген сома салық кезеңiнде бюджетке енгiзiлуге жататын қосылған құн салығына әсер етпесе, тұлға әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмауы тиiс.
1-1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң мақсаттары үшiн, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiште жанама салықтардың сомаларын төмендеткенi үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс болған жағдайда, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларацияда жанама салықтардың көрсетiлген сомаларын төмендеткенi үшiн бөлек әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
2. Осы баптың төртiншi бөлiгiндегi мақсаттар үшiн, салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң есептерiн ұсынбаған жағдайда да, тұлға әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмауы тиiс. Бұл ретте, аванстық төлемдердiң есептелген сомасы нөлге теңестiрiледi.
Ескерту. 209-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.11.29 N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi, 2-бапты қараңыз), 2003.12.05 N 506 , 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.07.07 N 177 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.26 N 312 , 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
210-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және
(немесе) аудару жөнiндегi мiндеттердi
орындамауы
1. Салық агентiнiң ұстап қалуға және (немесе) бюджетке аударуға жататын салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзiмде ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы -
лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған сомасының отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агентiнiң бюджетке аударуға жататын ұстап қалған салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзiмде аудармауы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Тұлға салық агентi дербес анықтаған және қосымша салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықтардың ұсталған (ұсталуға тиiс) сомалары бойынша, оларды салық органына қосымша салық есептiлiгiн табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бюджетке аударған жағдайда осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
Ескерту. 210-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
211-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының жүз жиырма процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi нақты жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура жалған шот-фактура деп танылады.
Ескерту. 211-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.
212-бап. Базар аумағына жiберу тәртiбiн бұзу
Ескерту. 212-бап алынып тасталды - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
213-бап. Биоотынды, этил спиртi мен алкоголь өнiмiн
қоспағанда, мұнай өнiмдерi мен акцизделетiн
тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру және
олардың айналымын мемлекеттiк реттеу
саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзу
1. Биоотынды, этил спиртi мен алкоголь өнiмiн қоспағанда, iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу, акцизделетiн тауарларды декларациялау қағидаларын бұзу, сол сияқты биоотынды, этил спиртi мен алкоголь өнiмiн қоспағанда, iлеспе жүкқұжаттарды, сондай-ақ акцизделетiн тауарлардың өндiрiлуi мен айналымы бойынша декларацияларды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу -
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының темекi бұйымдарының өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы заңнамасын:
уәкiлеттi органға темекi бұйымдарының өндiрiлуi мен оның айналымы саласындағы мәлiметтердi беруден бас тарту немесе дұрыс емес ақпарат беру, сол сияқты өндiрiс паспортына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бермеу;
темекi бұйымдарын лицензияда көрсетiлген мекенжайдан басқа орында өндiру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн жабдықтарда өндiру;
лицензия берiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде темекi бұйымдарын өндiру бойынша қызметтi жүзеге асырмау түрiнде бұзу -
лауазымды адамдарға – жүз жиырма, тиiстi қызмет түрiне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға – жүз елу, тиiстi қызмет түрiне арналған лицензиядан айыра отырып, дара кәсiпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Биоотынды, этил спиртi мен алкоголь өнiмiн қоспағанда, мұнай өнiмдерi мен акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру және өткiзу шарттарын:
этилдендiрiлген бензиннiң айналымы, сондай-ақ кондициялық емес мұнай өнiмдерiн өткiзу және оларды одан әрi өңдемей сақтау;
мұнай өндiрушiлер мен жеткiзушiлердi қоспағанда, тұлғалардың мұнай өнiмдерiн мұнай өнiмдерi базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткiзуi;
мұнай өнiмдерiн iлеспе жүкқұжаттарынсыз өткiзу және (немесе) тасымалдау;
бақылаушы есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;
темекi бұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ең төменгi бағалардан төмен бағаларда айналымда болуы (экспорттан басқа);
мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi жанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден тыс орындарда өткiзу түрiнде бұзу –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болған мұнай өнiмдерi және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болған мұнай өнiмдерi және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – екi жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 213-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
214-бап. Акцизделетiн тауарларды акциздiк таңбалармен
және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен
таңбалау тәртiбi мен қағидаларын бұзу
1. Өндiрушiнiң немесе импорттаушының акциздiк таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды таңбалау қағидаларын бұзуы -
лауазымды адамдарға – жүз жиырма, тиiстi қызмет түрiне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акциздiк таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетiн тауарларды акциздiк және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларсыз, сол сияқты белгiленбеген үлгiдегi және (немесе) сәйкестендiруге келмейтiн таңбалармен сақтау, өткiзу және (немесе) тасымалдау түрiндегi айналымы –
жеке тұлғаларға құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болған акцизделетiн тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерiнде, құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болған акцизделетiн тауарлары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркiлене отырып,лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 214-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
215-бап. Кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртiбiн
бұзу
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртiбiн бұзу —
дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға және лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен).
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға және лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 215-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
216-бап. Банктер және банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар,
қор биржалары лауазымды адамдарының салық
заңдарында көзделген мiндеттердi орындамауы
1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi:
салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) банк шоттарын ашқаны туралы салық қызметi органдарына хабарламау, салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдер сомаларын, оларға салық органдары берген және оны есепке қою фактiсiн растайтын құжатты табыс етпей, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға төлемдер тапсырмасын жүзеге асыру;
салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдердiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұлдар мен өсiмпұлдар сомасын республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға (төлеуге) төлемдiк тапсырмаларды бiрiншi кезекте орындамау;
салық төлеушiнiң банктiк шоттарынан ақшаны есептен шығару жөнiндегi операция жасалған күнi банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын және банктердiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына енгiзiлген қолма-қол ақшаны салық және басқа да мiндеттi төлемдердi, өсiмпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебiне аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктiк шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзген күннен кейiн) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
салық органдарының салық төлеушiлерден белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салықтар, айыппұлдар, өсiмпұлдар сомасын өндiрiп алу жөнiндегi инкассолық тапсырмаларын бiрiншi кезекте орындамау;
салық қызметi органдарының қызметкерлерiн банк шоттары бойынша, салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) осы шоттарда ақшасының бар-жоғы жөнiнде жасалған (жасалатын) операцияларды, сондай-ақ нақты жеке тұлғалардың операцияларын және шоттарда, салымдарда ақшасы бар-жоғын тексеруге жiберуден бас тарту немесе осы тексерулердi жүзеге асыруда өзгеше кедергi жасау;
салық органдарының заңды тұлғалардың, дара кәсiпкерлердiң, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жөнiндегi өкiмдерiн орындамау, салық заңдарын бұзушылықтың анықталған жағдайларын жою туралы талаптарды орындамау, салық қызметi органдарына және олардың лауазымды адамдарына қаржылық есептiлiктi, есептер мен салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеумен және төлеумен, бағалар және тарифтер белгiлеумен және қолданумен байланысты басқа да құжаттарды тапсырмау немесе тапсырудан бас тарту;
салық органдарының сауал салулары бойынша белгiлi бiр кезеңде банк шоттары бойынша жасалған операциялар туралы, салық төлеушiлердiң осы шоттарда ақшасының бар-жоғы туралы мәлiметтердi табыс етпеу;
банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, қор биржаларының лауазымды адамдарының салық қызметi органдарының сауал салулары бойынша салық төлеушiлердiң алдағы жыл iшiндегi қаржы операциялары туралы және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан мен мерзiм бойынша есептелген сыйақы (мүдде) туралы мәлiметтердi табыс етпеу;
аталған банкте ашылған банк шоты бар, салық қызметi органдары инкассалық өкiм немесе салық төлеушiнiң банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған клиентiне жаңа банк шотын ашу;
әрекетсiз салық төлеушiге банк шотын ашу түрiнде орындамауы, —
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 216-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
217-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық
заңдарында белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген мiндеттердi:
РҚАО-ның ескертуi!
1-тармақтың 2-шi абзацына 2012 жылғы 1 қаңтарда ҚР 2007.01.12 N 224Заңымен өзгерту енгiзiледi.
салық төлеушiнiң (жеке тұлғалар - резидент еместерден басқа) банк шоттарын ашуы кезiнде оның тiркеу нөмiрiн есепке алмау;
салық төлеушiге - заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарына оны ашқан күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарламаның кепiлдендiрiлген жеткiзудi қамтамасыз ететiн байланыстың электронды арналары арқылы не хабарламаны қағаз жеткiзгiште жiберген кезде — үш жұмыс күнi iшiнде хабарламау;
РҚАО-ның ескертуi!
1-тармақтың 4-шi абзацына 2012 жылғы 1 қаңтарда ҚР 2007.01.12 N 224Заңымен өзгерту енгiзiледi.
клиенттер шоттары бойынша төлем құжаттарында (вексельдi қоспағанда) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоймай операциялар жүргiзу;
салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының өкiмi бойынша тоқтатпау;
банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын, өсiмпұлдарды, айыппұлдарды аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктiк шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзген күннен кейiн) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
салық органдарының салықты және басқа да төлемдердi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алу жөнiндегi инкассолық тапсырмаларын (өкiмдерiн) бiрiншi кезекте орындамау түрiнде жүзеге асырмауы, -
өз клиентiне оның осы банкте соңғы ашқан банк шотына салық қызметi органдарының салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша инкассалық өкiмдерi немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмдерi қойылған немесе инкассалық өкiмдерi қойылған болса, жаңа банк шотын ашу;
әрекетсiз салық төлеушiге банк шотын ашу;
банк сыйақыларының есептелген сомалары туралы мәлiметтердi салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзiм iшiнде бермеу;
есептi тоқсан iшiнде шартты банк салымында орналастырылған ақшаның қозғалысы туралы есептi ақшаның осындай қозғалысы бар болған кезде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзiм iшiнде ұсынбау түрiнде орындамауы, —
заңды тұлғаларға банктiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамаған кезеңi iшiнде салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын аудармауы немесе дер кезiнде аудармауы, -
заңды тұлғаларға шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе дер кезiнде аударылмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлем сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 217-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
218-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған
Достарыңызбен бөлісу: |