мәлiметтер табыс ету
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген тапсырмалар, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Құқық бұзушылық жасалған кездегi бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома - жеке тұлғаға келтiрiлген, екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
Ескерту. 218-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
218-1-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен
импорты, жұмыстарды орындау, қызметтердi
көрсету кезiнде салық төлеушiлердiң Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында
белгiленген мiндеттердi орындамауы, сондай-ақ
тұлғалардың Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген талаптарды
орындамауы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген төлеу мерзiмiнен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жанама салықтарды төлемеу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға - он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген төлеу мерзiмiнен кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң жанама салықтарды төлемеу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде, бiрақ екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiнiң салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өңдеу өнiмдерiн әкелу (әкету) туралы мiндеттеменi, сондай-ақ уақытша әкелiнген тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейiннен әкету туралы мiндеттеменi табыс етпеуi және оларды орындамауы -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттiң аумағына әкетiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттiң аумағынан әкелiнген алыс-берiс шикiзатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген өңдеу мерзiмдерiн бұзу -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға есептелген салық сомасының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткiзу туралы хабарламауы не уақтылы хабарламауы -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – екi жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртiбiн бұзуы –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – екi жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы белгiленбеген орындардан өткiзу –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болған тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - екi жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттiң аумағынан әкелiнген акцизделетiн тауарларды алған күнi туралы хабарлама табыс етуге мiндеттi тұлғалардың орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша салық органдарына осындай хабарламаны табыс етпеуi –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнiң мақсаты үшiн, егер тұлға кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамағаны үшiн осы Кодекстiң 207-бабында көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартылуы тиiс болған жағдайда, осы тұлға осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
Ескерту. 16-тарау 218-1-тармақпен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
219-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды
адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Салық төлеушiнiң салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы, -
жеке тұлғаларға - сегiз, лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
жеке тұлғаларға - он бec, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салық тексеруiн жүргiзушi салық қызметi органы лауазымды адамының келiп кiруiне заңсыз кедергi келтiру, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 219-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
17-тарау. ӨНЕРКӘСIП, ЖЫЛУ, ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
РҚАО-ның ескертпесi!
17-тараудың тақырыбына өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
220-бап. Жарылғыш материалдарды, радиоактивтi және өзге
де экологиялық жағынан қауiптi заттарды
пайдалану ережелерiн бұзу
1. Осы Кодекстiң 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және қадағалау органдарының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлердегi өзге де экологиялық қауiптi заттар мен қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге асыру, тасымалдау немесе өзгедей айналысу ережелерiн бұзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесi!
2-бөлiкке өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2. Осы Кодекстiң 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық материалдарды, арнаулы ядролық емес материалдарды және ядролық қызметке қатысы бар қосарлы мақсаттағы бұйымдарды өндiрудiң, сақтаудың, көмудiң, пайдаланудың, кәдеге асырудың, тасымалдаудың немесе өзге де айналысудың белгiленген ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 220-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
221-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi
ережелердi бұзу
Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдардың және басқа да мемлекеттiк қадағалау органының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiнде белгiленген ережелердi бұзу, егер бұл адам денсаулығына абайсыздықтан ауыр және орташа ауырлықта зиян келтiруге әкеп соқтырмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 221-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
222-бап. Ядролық және техникалық қауiпсiздiктiң
белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзу
РҚАО-ның ескертпесi!
222-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және техникалық қауiпсiздiктiң белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзу; атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, осы объект жобасында көзделген барлық құрылыстарды iске қоспай тұрып атом энергиясын пайдалану объектiсiн iске қосуға қабылдаудың талаптарын сақтамау; атом энергиясын пайдалану жабдықтары мен объектiлерiн жеткiзу, монтаждау, сынақтан өткiзу, iске қосудың, сондай-ақ пайдаланудан алудың белгiленген талаптарын бұзу, егер бұл әрекеттер адам өлiмiне немесе қоршаған ортаны радиоактивтiк зақымдауға әкеп соқтырмаса, -
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң белгiлi бiр түрiне берiлген лицензиядан, арнайы рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнайы рұқсатсыз, лицензиясыз атом энергиясын пайдалану объектiлерiнде жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ ядролық материалдармен және радиоактивтi заттармен айналысу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң белгiлi бiр түрiне берiлген лицензиядан, арнайы рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 222-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
223-бап. Электр және жылу пайдаланатын қондырғыларды
техникалық пайдалану мен қауiпсiз қызмет
көрсету ережелерiн бұзу, сондай-ақ энергия
тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу
Авария қаупiне, қоршаған ортаның ластануына, өртке немесе қызмет көрсетушi адамның өмiрiне қауiптi жай-күйге әкеп соқтыратын, электр және жылу пайдаланатын қондырғыларды техникалық пайдалану мен қауiпсiз қызмет көрсетудiң белгiленген ережелерiн бұзу, не басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және одан ажыратуға әкеп соқтыратын энергия тұтынудың белгiленген режимiнiң бұзылуына жол беру, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 223-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
224-бап. Электр желiлерiн бүлдiру
Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде үзiлiс туғызған және залал келтiрген электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерi, жер асты және су асты кабель желiлерi, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станциялар, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттер) бүлдiру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 224-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
224-1-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия
көздерiн пайдалануды қолдау саласындағы
заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында белгiленген тиiстi бiлiктi энергия өндiрушi ұйымдар өндiретiн электр энергиясын сатып алу мiндетiн орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн электр немесе жылу желiлерiне қосудың ең жақын нүктесiн анықтаудың және оларды қосудың тәртiбi мен мерзiмiн бұзу түрiнде жасалған Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк шара қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 224-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.04. N 166-IV Заңымен.
225-бап. Жылу желiлерiн бүлдiру
Жылу желiлерiн (құбырлар мен олардың конструкцияларын, арналарды, жылу камераларын, сорап станцияларын) бүлдiру, егер бұл әрекет адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiрудiң нақты қатерiне соқтырмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 225-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
225-1-бап. Электр желiлерi мен жылу желiлерiнiң күзет
аймақтарында жұмыстар жүргiзу
Қарамағында электр және жылу желiлерi бар ұйымдардың келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерiнiң күзет аймақтарында құрылыс, монтаж, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды салуға байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгiнiң тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды қоймаға салу, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау мен төгу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 225-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.
226-бап. Газ пайдаланудың ережелерi мен нормаларын бұзу
Газ шаруашылығы ұйымының рұқсатынсыз газ пайдалану қондырғыларына газ жiберу немесе газ тұтынудың белгiленген режимiн сақтамау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
227-бап. Газ пайдалану қондырғыларын газдың жұмсалуын
есепке алмай пайдалану
Газ пайдалану қондырғыларын газдың жұмсалуын есепке алмай немесе газ қолдана отырып өндiрiлетiн жылу энергиясы мен өнiмдi есепке алмай пайдалану, не газ пайдалану қондырғысының жобасында көзделген газдың жану процестерiн автоматты түрде реттеу құралдарының немесе газдың ұтымды әрi тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн жылу-техникалық бақылау приборларының немесе жылуды пайдалануға жарататын жабдықтың болмауы (бұзылып қалуы), -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
228-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын
қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Газ тұтынушы ұйымдар үшiн көзделген резервтiк отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету шараларын қолданбау немесе газ пайдалану қондырғыларын резервке қойылған отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
229-бап. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын
зақымдау
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау немесе аспаптарды заңсыз орнату, ауыстыру, желiге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану ережелерiн аварияға себеп болуы мүмкiн өзге де бұзушылықтар, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 229-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
230-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу
кезiнде аумақтарды бүлдiру
Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн тәртiпке келтiруге шаралар қолданбау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 230-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
18-тарау. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТI САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
231-бап. Сәулет-құрылыс қызметi саласында заңнама мен
мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза
отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау,
құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс
материалдарын, бөлшектерi мен құрастырмаларын
шығару мен қолдану
1. Сәулет-құрылыс қызметi саласында заңнама талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектерi мен құрастырмаларын шығару, қолдану, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүзден тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 231-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
232-бап. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру
Достарыңызбен бөлісу: |