Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


салауаттылығы саласындағы заңнаманы, сондай-ақ



бет23/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48

                салауаттылығы саласындағы заңнаманы, сондай-ақ
                гигиеналық нормативтердi бұзу

       1. Осы Кодекстiң 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда және абайсыздықтан жаппай ауруға немесе адамдардың улануына, немесе адам өлiмiне әкеп соқтырмаған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруi мүмкiн iс-әрекет (әрекетсiздiк), егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      қызметiн тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - екi жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 323-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      324-бап. Фармацевтикалық қызмет ережелерiн бұзу

      1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тiркеу және қайта тiркеу, өндiру және сапасын бақылау, сынау (зерттеу), сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткiзу, қолдану, қамтамасыз ету, жою, жарнамалау ережелерiн бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқпаса, -
      фармацевтикалық қызметiн тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға жетпiс, лауазымды адамдар мен дара кәсiпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Тiркелмеген, жалған, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк  заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу, жарнамалау, егер бұлар адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқпаса, -
      қызметiн тоқтата тұрып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын дәрiлiк және оларға теңестiрiлген заттар, емдеу-профилактикалық тағам өнiмдерi мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсiпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан iс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, емдеу-профилактикалық тағам өнiмдерi мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - екi жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ олардың қызметiне тыйым салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 324-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.

      324-1-бап. Заңсыз медициналық қызмет және есiрткi


                  құралдарын немесе психотроптық заттарды алуға
                  құқық беретiн рецептердi немесе өзге де
                  құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау

      Медициналық немесе фармацевтикалық қызметке сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның қызметтiң осы түрiмен айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, –


      айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 21-тарау 324-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      325-бап. Денсаулық сақтау саласындағы дәйексiз жарнама

      РҚАО-ның ескертпесi!
      325-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Медициналық қызметтер көрсетудiң, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдiстерi мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активтi қоспалардың мемлекеттiк тiркеусiз және оларды жарнамалауға рұқсатсыз жарнамасын, мұндай қызмет түрiне лицензиясы және оларды жарнамалауға рұқсаты жоқ жарнама берушiнiң таратуы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 325-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз),  өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.

       326-бап. Қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын


               жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен,
               туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып
               жүрген, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындауынсыз
               есiрткi құралдарын немесе психотроптық
               заттарды пайдаланушы адамдардың медициналық
               тексеруден және емделуден жалтаруы

      1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша түрде жасаған ескертуiнен кейiн де қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болуды жалғастырып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Маскүнемдiкпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған не дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 326-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       327-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен


               ауыратын адамдардың емделуден жалтаруы

      1. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болып жүрген және профилактикалық емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрi-дәрмек құралдарын қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 327-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       328-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн


              аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру
              көзiн және өздерiмен қатынаста болған
              адамдарды жасыруы

      Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      328-1-бап. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң медициналық


                 қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын
                 алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен
                 ақпараттар ұсынуы

      1. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпараттар, оның iшiнде құжаттарды бұрмалау жолымен табыс етуi, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды тұлғаларға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      328-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      329-бап. <*>


      Ескерту. 329-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

  22-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТIПКЕ ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚОЛ СҰҒАТЫН


ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

      330-бап. Ұсақ бұзақылық

      1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза  қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 330-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       330-1-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын


                  адамның заңды талабына бағынбау
 
       1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 330-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      331-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық

      Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, -
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 331-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10. N 176-IV Заңымен.

      332-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату,


               пиротехникалық қондырғыларды жару

      1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығын әрi белгiленген тәртiптi бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейiмделiп жасалған қарудан ату, -


      қаруды тәркiлеп немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығы мен белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару, -
      пиротехникалық құралдар мен қондырғыларды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
      пиротехникалық құралдарын тәркiлей отырып, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстiң 333-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе оннан он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 332-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      333-бап. Тыныштықты бұзу

      1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осындай iс-әрекет -
      жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 333-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       334-бап. Арнайы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру

      1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, табиғи апат зардаптарын жою кезеңiнде жасалған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, -
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 334-бап өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.05.26 N 34 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       334-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi


                 туралы көрiнеу жалған ақпарат беру

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзетiн органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат беру, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 334-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 308 Заңымен.

      335-бап. Үйде жасалатын алкогольдiк iшiмдiктердi


               дайындау және сату

      Самогон, чача, тұт арағы, брага және басқа да алкогольдiк iшiмдiктердi сату мақсатымен заңсыз дайындау, сол сияқты аталған спирт iшiмдiктерiн сату, -


      алкогольдiк iшiмдiктердi, аппараттарды, оларды дайындауға арналған шикiзаттарды және жабдықтарды, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақша мен өзге де құндылықтарды тәркiлей отырып, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 335-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10 N 176-IV, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      336-бап. Алкогольдiк iшiмдiктердi iшу немесе қоғамдық


               орындарға мас күйiнде келу

      1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдiк iшiмдiктердi құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдiк iшiмдiктердi iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, -


      екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-1. Жасы он сегiзге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйiнде келуi, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда алкоголь iшiмдiктерiн iшуi –
      ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген, алкогольдiк iшiмдiктердi iшкенi немесе қоғамдық орынға мас күйiнде келгенi үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның жасаған iс-әрекеттерi, -
      он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 336-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 176-IV , 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       336-1-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге


                 тыйым салуды бұзу

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу, -


      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнаулы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнаулы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы, -
      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 336-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       336-2-бап. Қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын,


                  психотроптық заттарды және прекурсорларды
                  медициналық тұрғыдан тыс тұтыну

      1. Қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтыну -


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтынғаны үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жазаға тартылған адам жасаған әрекет -
      он бес тәулiкке әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 336-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       336-3-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта


                 ойын-сауық мекемелерiнде болуы

      1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнiң ертiп жүруiнсiз түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) ойын-сауық мекемелерiнде болуы, -


      заңды өкiлдерiне ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      заңды өкiлдерiне айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 336-3-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 176-IV Заңымен.

      336-4-бап. Заңды өкiлдерi ерiп жүрмеген кәмелетке


                  толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы

      1. Заңды өкiлдерi ерiп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы -


      заңды өкiлдерiне ескертуге әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      заңды өкiлдерiне бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 336-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       337-бап. <*>


      Ескерту. 337-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       338-бап. Құмар ойындар

      1. Бұл үшiн бөлiнбеген орындарда құмар ойындарға (ақшаға, затқа және басқа құндылықтарға) қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тiгуi, -
      ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркiлей отырып, екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының жиырма бiр жасқа дейiнгi азаматтарын құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тiгумен айналысуға тарту және рұқсат ету, -
      үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 338-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 220 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      338-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесi



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет