Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi мен



бет38/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48

               министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi мен
               Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң , Әдiлет
               министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң
                санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын
               медициналық қызметтерi

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық - эпидемияға қарсы ережелердi бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      Ескерту. 558-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      559-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган



      1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2.  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      шекара және кеден пункттерiндегi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi) ветеринариялық бақылау бекеттерiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      3. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары лауазымды адамдарының:
      1) өткiзу орындарында - мал (соның iшiнде құс, балық және ара), азық-түлiк және мал өнiмдерi шикiзатын сатудың ветеринариялық-санитариялық ережелерiн бұзғаны үшiн;
      2) темiр жол, су жолы және әуе көлiгiнде, тас жолдар мен қара жолдарда, мал айдайтын жолдарда - малды (соның iшiнде құсты, балықты және араны), азық-түлiк пен мал өнiмдерi шикiзатын тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық ережелерiн, сондай-ақ мал айдау ережелерiн бұзғаны үшiн;
      3) Мемлекеттiк шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын шет мемлекеттерден малдың (соның iшiнде құстың, балықтың және араның) жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөнiндегi ветеринариялық-санитариялық ережелердi бұзғаны үшiн айыппұлды сол жерде алуына болады.
      Ескерту. 559-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.24. N 190-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      560-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары осы Кодекстiң 307-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлар, өсiмдiк карантинi жөнiндегi облыстық және қалалық қызметтердiң мемлекеттiк инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      өсiмдiктер карантинi жөнiндегi қалалық, аудандық қызметтердiң, шекаралық пункттер мен бекеттердiң мемлекеттiк инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 560-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      560-1-бап. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту


                  және астық нарығын реттеу саласындағы
                  уәкiлеттi орган

      1. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 186, 309-1 (екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 309-2 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 309-4 (бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 560-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.12.05 N 506, өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20 N 123, 2007.07.21 N 299, 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.11  N 229-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      560-2-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi


                  орган

     1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 220, 294, 309-3, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - сексенге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 560-2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      561-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы


                уәкiлеттi органдар

       1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 124 (екiншi бөлiгiнде), 276, 277, 278 (екiншi бөлiгiнде), 279-281, 281-2-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      Суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор және оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейндiк (аумақтық) инспекторлары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпысқа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 561-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 180-IV Заңдарымен.

      562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы


               саласындағы уәкiлеттi органдар

      1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. P040291


      2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
      2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары;
      2-1) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары;
      3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде),  296-1, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
      Ескерту. 562-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       563-бап. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк


                бақылауды жүзеге асыратын органдар

       1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 118, 120, 121, 250-258, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      Қазақстан Республикасының жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 563-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 180-IV Заңдарымен.

      563-1-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 563-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 4 мамырдағы N 48 Заңымен.

      564-бап. <*>

      Ескерту. 564-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

      565-бап. Монополияға қарсы орган

      1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 147-2, 147-3,  147-4, 163-5-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      Ескерту. 565-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.25 N 113-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      565-1-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және


                   реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге
                   асыратын уәкiлеттi орган

       1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы  Кодекстiң 147-5, 147-6, 147-7, 147-8, 147-9, 186, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      Ескерту. 565-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      565-2-бап. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған


                 қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге
                 асыратын уәкiлеттi орган

       Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 147-1-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      Ескерту. 565-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

       566-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн


                қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк бақылауды
                жүзеге асыратын органдар

       1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 317 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 566-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi


               уәкiлеттi орган

      1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 567-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      567-1-бап. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi


                  мемлекеттiк орган

      1. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 173 (1-1, 4-1-бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 175 (екiншi бөлiгiнде) (өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. Кодекс 567-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.06.03 N 428, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      568-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк


               сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге
                 асыратын органдар

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 230 , 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234 , 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236 , 238 , 239 , 278 (екiншi бөлiгiнде), 291 , 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 387 , 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк инспекторы, оның орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттiк инспекторлары құқылы.
     Ескерту. 568-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.12.05 N 506, 2005.10.21 N 80, өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.10 N 116(2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.20 N 123(2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.21 N 307, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      569-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi


                орган

      1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 381, 381-2, 382, 383, 384 және 384-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазаларды қолдануға құқылы.
      Ескерту. 569-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      570-бап. Салық қызметi органдары

      1. Салық қызметi органдары осы Кодекстiң 88 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 88-1 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 163 (бiрiншi, екiншi, бесiншi және сегiзiншi бөлiктерiнде), 166, 205-212, 213 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 215-218, 218-1 (бiрiншi – алтыншы, сегiзiншi бөлiктерiнде), 219, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Салық қызметi органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 570-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.03.13 N 394 , 2003.12.05 N 506 , 2004.04.08 N 542 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      570-1-бап. Қаржы полициясы органдары

      1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 161-1, 164, 169-1, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 206-2, 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 570-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.07.12 N 240, өзгерту енгiзiлдi - 2003.12.05 N 506, 2004.12.09 N 10, 2005.10.21 N 80, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет