Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет40/104
Дата03.07.2016
өлшемі8.24 Mb.
#173617
түріКодекс
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104
бұр.ред.қара)

4. Резидент еместің салықтық өтініші деректерінің салық төлеушінің және (немесе) салық агентінің салық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған кезде, сондай-ақ салық төлемі болмаған немесе салық төлеушіде және (немесе) салық агентінде салық өтініші берілген күні резидент еместердің табысынан салықты аудару бойынша салықтық берешек болған жағдайда, салық органы резидент емеске анықтама беруден жазбаша бас тартуды жібереді.

5. Резидент емес салық органына салықтық өтінішті табыс етпеген жағдайда, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама берілмейді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Резидент емеске құжаттарды беру журналына қол қойғызып Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беріледі.

 

 

27-тарау. РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



 

221-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстар

1. Осы Кодекстің мақсаты үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстар деп төленген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар болып табылмайтын барлық табыс түрлері танылады.

2. Резидент - салық төлеуші Қазақстан Республикасындағы салық декларациясында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған, оның ішінде салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердегі көздерден алынған табыстарды көрсетуге міндетті.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 221-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 221-1-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



221-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін табысын айқындау тәртібі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін табысы мүлікті өткізу құны болып табылады.

2. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін табысы мынадай мүлікті:

1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүлікке құқық немесе ол бойынша мәмілелер шет мемлекеттің құзыретті органында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын;

2) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі, шет мемлекеттің құзыретті органында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

3. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін табысы өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

4. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін табысы өткізу күнгі дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, купон есепке алынбаған өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

5. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған қатысу үлесін өткізу кезінде түсетін табысы өткізу құны мен оны сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

6. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:

1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болса;

2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген болса, қолданылмайды.

7. Осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген табыстар жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, қолданылмайды.

8. Осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарының ережелері:

1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);

2) мүлікті өткізу құнын;

3) мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органының тіркегенін растайтын құжаттар негізінде қолданылады.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 222-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



222-бап. Резидент - заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарын шегерімге жатқызу тәртібі

1. Резидент - салық төлеуші табыс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды осы Кодекстің 4 және 6-бөлімдерінің ережелерінде белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызады.

2. Резидент - салық төлеуші өзінің шет мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесіне Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де шеккен, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды осындай шет мемлекеттің салық заңнамасының ережелеріне сәйкес шегерімге жатқызады.

3. Резидент - заңды тұлғаның шет мемлекеттегі тұрақты мекемесінің салық салынатын табысын айқындау кезінде мұндай шет мемлекеттің салық заңнамасының немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес осындай салық салынатын табысты алу мақсатында Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерім жасауға жол беріледі.

4. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстардың сомасы резидент - заңды тұлға сондағы көздерден табыс алған шет мемлекетте осындай шет мемлекеттің салық заңнамасында көзделген тәртіппен шегерімге жатады.

Егер резидент - заңды тұлға сондағы көздерден табыс алған шет мемлекеттің салық заңнамасында немесе халықаралық шартта басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерім жасауға жол берілсе, бірақ бұл ретте шет мемлекеттің салық заңнамасында мұндай шығыстарды шегерімге жатқызудың тәртібі көзделмеген болса, резидент - салық төлеуші көрсетілген шет мемлекеттегі басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды осы Кодекстің 208 - 211-баптарында көзделген тәртіппен шегерімге жатқызады.

 

223-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  1-тармақ өзгертілді

1. Табыстарға салынатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген салықтардың немесе резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан табыс салығының бірдей түрінің сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне осындай салықтың төленгенін растайтын құжат болған кезде есепке жатқызылуға жатады.

Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.

Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шет тілде жасалса, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.

Шет мемлекетте төленген салықтарды корпоративтiк немесе жеке табыс салығын төлеу шотына есепке жатқызу кезінде салық төлеуші осы тармақта көрсетілген анықтаманы камералдық бақылау жүргізу мақсатында салық органының талап етуі бойынша тапсыруға құқылы.

2. Шетелдік салықты есепке жатқызу Қазақстан Республикасында резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған:

1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған;

2) осы Кодекстің 99-бабына сәйкес түзетуге жататын;

3) шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде шет мемлекеттегі осындай табыстардан салықтарды төлеу және (немесе) ұстау фактісіне қарамастан, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын табыстарынан берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы салықтың іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төлеуге жататын салық сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Осы бапта көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшері әрбір шет мемлекет бойынша жеке айқындалады.

Бұл ретте, салықтың есепке жатқызылатын сомасының мөлшері мынадай сомалардың:

1) резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан салықтың шет мемлекетте іс жүзінде төленген сомасының;

2) Қазақстан Республикасында осы Кодекстің осы тарауының және 4 немесе 6-бөлімдерінің ережелеріне, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан табыс салығы сомасының ең төменін білдіреді.

Салық төлеуші осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде көрсетілген табыс алынуға жататын (алынған) салық кезеңінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізеді.

Көрсетілген табыс осы Кодекске сәйкес танылатын салық кезеңінен басқа салық кезеңінде шет мемлекетте табысты таныған жағдайда, резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осындай табыс есептелген салық кезеңіне Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізуге құқылы.

4. Шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардан осы мемлекетте төленген табыс салығын есепке жатқызудың жалпы сомасын айқындау үшін резидент корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияға тиісті қосымшаны толтырады.

5. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 224-бап өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 224-бап жаңа редакцияда (1, 2-тармақтар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 3, 4, 5-тармақтар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



224-бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс

1. Осы баптың мақсаты үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:



1) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген;

2) жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде Қазақстан Республикасының резидентіне тиесілі болатын резидент емес заңды тұлға жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес болып табылады.

Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте (мемлекеттерде) орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместердің табысының бір бөлігі салық салынатын табысына қосылуға жатады, ал салық салынатын табыс болмаған жағдайда, осындай резидент еместердің жарғылық капиталының немесе дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде тиесілі Қазақстан Республикасы резидентінің залалын азайтады.

Осы тармақтың ережелері қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде 10 және одан да көп пайызды құрайтын заңды тұлғаны құрмайтын, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарына резиденттің қатысуына да қолданылады.

Осы тармақтың ережелері резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына жанама түрде қатысуына және (немесе) резиденттің басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын осындай резидент еместің дауыс беретін акцияларына жанама түрде иелік етуіне қолданылмайды.

Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместердің салық салынатын табысына қосуға жататын табысының, ал салық салынатын табысы болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы резидентінің залалын азайтатын бір бөлігі резиденттің осындай резидент емес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін және (немесе) дауыс беретін акцияларына иелік ету үлесін (бұдан әрі - шоғырландырылатын пайда) ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

П =П1 х Ү1 + П2 х Ү2 +…+ Пn х Үn,

мұнда:

П - шоғырландырылатын пайда;

П1, П2, Пn - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінде танылған салық салу кезеңінен кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;

Ү1, Ү2, Үn - резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жарғылық капиталына резиденттің тікелей немесе жанама түрде қатысу үлесі немесе резиденттің осындай резидент еместің дауыс беретін акцияларына тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесі.

Осы баптың мақсатында ұзақтығы осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің ұзақтығына сәйкес келетін кезең есепті кезең болып танылады.

Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте және Қазақстан Республикасында ұзақтық немесе есепті кезең мен осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын есепті салық кезеңінің басталатын және аяқталатын күндері сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеуші түзету коэффициенттерін (К1, К2) қолдану арқылы табыстың мөлшерін былайша түзетуге міндетті:

П1, П2, Пn = Пу х К1 + Пу+1 х К2,

К1 = СК (СР)1

СК (СР)3,

К2 = СК (СР)2

СК (СР)3,

мұнда:

П1, П2, Пn - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінде танылған салық салу кезеңінен кейінгі есепті кезең пайдасының сомасы;

СК (СР)1 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте бір есепті кезеңдегі айдың саны;

СК (СР)2 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте кезекті есепті кезеңдегі айдың саны;

СК (СР)3 - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте есепті кезеңдегі айдың жалпы саны;

Ту - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің осындай мемлекетте бір есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін табысының бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне қосылатын сомасы;

Ту+1 - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің осындай мемлекетте басқа есепті кезең үшін салық салынғаннан кейін бір бөлігі Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне қосылатын табысының сомасы.

Осы баптың мақсатында резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына жанама түрде қатысу немесе дауыс беретін акцияларына жанама түрде иелік ету үлесі (бұдан әрі - жанама түрде қатысу немесе иелік ету үлесі) мынадай формула бойынша айқындалады:

Х = Х1 * Х2*…*Хn * 100;

мұнда:

Х - жанама түрде қатысу немесе иелік ету үлесі, пайызбен;

Х1 - резиденттің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент еместің жарғылық капиталына тікелей түрде қатысу немесе резиденттің осындай резидент еместің акцияларына тікелей түрде иелік ету коэффициенті;

X2,…, Хn - жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместің жарғылық капиталына тікелей түрде қатысу немесе жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген басқа резидент еместің акцияларына тікелей түрде иелік ету коэффициенті.

2. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің салық салынғаннан кейінгі есепті кезеңнің пайда сомасы осындай резидент еместің жеке қаржылық есептілігімен расталуға тиіс, оның бір бөлігі Қазақстан Республикасында резиденттің салық салынатын табысына енгізілуі тиіс, ал салық салынатын табыс болмаған жағдайда оның залалын азайтатын пайда бөлігіне осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындау кезінде есептеледі.



Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің пайдасын оның жеке қаржы есептілігінің деректері бойынша осы баптың ережесін қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті осындай есептілік жасалған есепті кезең үшін валюта айырбасының орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгемен қайта есептейді.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына өзі жасаған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, жарғылық капиталының немесе дауыс беру акцияларының 10 және одан да көп пайызы оған тікелей немесе жанама тиесілі резидент еместер туралы анықтаманы табыс етуге міндетті. Мұндай анықтамада резидент емес заңды тұлғалардың атауы туралы деректер, бар болса олардың инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірлері (немесе оның аналогы), инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлері (немесе оның аналогы) көрсетілуге тиіс.



Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса тіркей отырып, мынадай құжаттардың:

1) резидент заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің (егер резидент заңды тұлғаның жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген еншілес ұйымы болған жағдайда);

2) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген әрбір резидент еместің жеке қаржылық есептілігінің;

3) егер жоғарыда аталған тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде осындай қаржылық есептілікке аудит жүргізу міндетті деп белгіленген жағдайда, осы тармақта көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмелерін де беруге міндетті.

4. Егер шет мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігі мынадай талаптардың бірiне сай келген жағдайда:



1) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте табыс салығының ставкасы 10 пайыздан аз мөлшердi құраса;

2) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүлiктiң, табыстың нақты иесі немесе заңды тұлғаның (компанияның) нақты иелерi, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлерi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн заңдар болса, ол жеңілдікті салық салынатын мемлекет деп танылады. Уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органынан аталған халықаралық шартта алмасу көзделген мәлiметтердi беруден жазбаша бас тартуды алған немесе шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органы мұндай мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi сауалды жiбергеннен кейiн екi жылдан астам уақыт iшiнде бермеген жағдайларды қоспағанда, осы тармақшаның ережелерi Қазақстан Республикасы құзыреттi органдар арасында ақпарат алмасу туралы ережелердi көздейтiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттерге немесе мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктеріне қатысты қолданылмайды.

Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

5. Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктерге, инвестициялық салық преференцияларына, барынша қолайлылық режимiне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгендерден неғұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет