Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
16. Мерзiмдi баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, оған қоса олардың жалпыға бірдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердiң интернет-ресурсында орналасқан өнiмдерiн өткiзген кезде салық салынатын айналымның мөлшерi есептi салық кезеңiнде мерзiмдi баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң өткiзiлген бөлiгiне келетiн құны негiзiнде айқындалады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
17. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар бұзылған жағдайда мүлiктi қаржы лизингiне беру кезіндегі салықтан босатылған айналым мөлшерi осы Кодекстiң 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген айналым жасалған күннен бастап салық салынатын болып танылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 18-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 18-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде тауарды әкетуді жүзеге асырған салық төлеушінің осы тауар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген кезде салық салынатын айналымының мөлшері қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетілген осы тауар құнының негізінде, әкелінген тауардың экспортты ресімдеген кезде қолданылған өлшем бірлігіндегі көлеміне пропорционалды айқындалады.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 18-1-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1. Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша салық салынатын айналым мөлшері алынған нысаналы салым сомасы ретінде айқындалады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 19-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
19. Шетелдiк валютамен операция осы бөлімнің мақсатында айналым жасалған күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен - теңгемен қайта есептеледi.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 20-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы бөлімнің салық салынатын айналым мөлшерін айқындау (оның ішінде оны түзету) жөніндегі ережелері салық салынбайтын айналым мөлшерін айқындау кезінде де қолданылады.
239-бап. Салық салынатын айналым мөлшерін түзету
1. Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
2. Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:
2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) кері импорттың кедендік рәсімінде әкелуді қоспағанда, бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарды тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәміленің шарттары өзгерген;
3) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін бағалар, өтемақылар өзгерген;
4) бағаны түсірген, сату бағасын түсірген;
5) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған;
6) осы Кодекстің 231-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.
3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналымның мөлшерін түзету бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, түзету жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттар болған;
2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша теріс (оң) мәні бар қосымша шот-фактура болған кезде жүргізіледі.
Салық салынатын айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету осындай тауарларды өткізу, осындай жұмыстарды атқару, осындай қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген айналым мөлшерінен аспауға тиіс.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған салық кезеңінде жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын түзету сомасы өткізу айналымы жасалған күнге қолданыстағы мөлшерлеме бойынша айқындалады.
240-бап. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету
1. Егер өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін талаптың бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) күмәнді талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңінің басынан бастап үш жыл өткен соң;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңінде салық салынатын айналым мөлшерін осындай талап бойынша азайтуға құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы Кодекстің 105-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргізіледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін азайту, өткізу бойынша айналым жасау күні қолданыста болатын қосылған құн салығы мөлшерлемесін қолдана отырып, тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызмет көрсетулер бойынша бұған дейін көрсетілген салық салынатын айналым мөлшері шегінде жүргізіледі.
3. Өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төлемақыны қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 1-тармағына сәйкес өзіне берілген құқығын пайдаланғаннан кейін алған жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері аталған төлемақы алынған сол салық кезеңінде көрсетілген төлемақының құнына арттырылуға жатады.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 241-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
241-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде салық салынатын айналым
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, бейрезидент ұсынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер оларды өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға жатады.
2. Осы баптың мақсаты үшін жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық салынатын айналымының мөлшері, қосылған құн салығынан басқа салықтарды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында аталған сатып алынған жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде айқындалады.
3. Осы бапқа сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерлемені салық салынатын айналым мөлшеріне қолдану арқылы айқындалады. Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төленетін төлем шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым валюта айырбастаудың айналым жасалған күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленедi.
5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжаты немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстің 256-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық береді.
6. Егер:
1) берілген жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстің 248-бабында аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер болып табылса;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, импортталатын тауарлардың әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленіп, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтарылуға жатпайтын кедендік құнға енгізілсе;
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жұмыстар мен қызметтер:
осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына;
осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына көрсетiлген жұмыстар, қызметтер болып табылса;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, қызметтердің құны осы Кодекстің 276-8-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, ол бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 37-1-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын болса;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстің 230-бабының 1-2-тармағына сәйкес, бейрезидент заңды тұлға филиалының, өкілдігінің айналымы болып табылса, осы баптың ережелері қолданылмайды.
31-тарау. НӨЛДІК мөлшерлеме БОЙЫНША САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМДАР
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 242-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
242-бап. Тауарлар экспорты
Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Кеден одағының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
243-бап. Тауарлар экспортын растау
1. Мыналар:
1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ Кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға декларацияның көшірмесі тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) мынадай жағдайларда:
магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде;
тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға толық декларацияның көшiрмесi;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
Тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі табыс етіледі;
5) зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда, оның құнының растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын әкетілген тауарларды немесе олардың қайта өңделген өнімдерін одан әрі экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау осы баптың 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) қайта өңдеу рәсімі кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсіміне өзгертілетін тауарларға декларацияның көшірмелері;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсімінде ресімделген тауарларға декларацияның көшірмелері;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезінде кеден аумағында қайта өңдеу (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімінде ресімделген, осындай ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған тауарларға декларацияның көшірмесі;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тауарларға декларацияның көшірмесіне сәйкес шет мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеудің кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту енгізілетін сол декларацияның көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |