заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясаты негізінде осындай өңдеу өнімдерінің өзіндік құнына енгізілген алыс-беріс шикізаты құнының мөлшерінде айқындалады.
Осы бапты қолдану мақсаттары үшін салық төлеушінің есепке алу саясатында белгіленген өзіндік құнды айқындау әдісі күнтізбелік бір жыл ішінде өзгертілуге жатпайды.
276-15-бап. Кеден одағында қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт
1. Мыналарды:
1) осы Кодекстің 33-тарауында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса;
2) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы Кодекстің 276-5-баптың 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілуін растайтын құжаттар болып табылады.
Осы тармақшада аталған қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мынадай:
1) осы Кодекстiң 255-бабы 1-тармағының 1), 3) - 6), 6-1), 7) - 13) тармақшаларында көзделген тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақта көрсетiлген Кеден одағы шеңберiнде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Тауарды сатып алуға негіз болған, кепілдендірілген қызмет көрсетуді көздейтін шарт (келісімшарт), тауардың ілеспе құжаттары, шартқа (келісімшартқа) қатысушылар растаған кінә қою және ақау актісі кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде тауарлардың импортын растау болып табылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінде төленуге жатады.
5. Қазақстан Республикасының лизинг алушы-салық төлеушісінің Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне лизинг шарты бойынша төлейтін сыйақысы қосылған құн салығынан босатылады.
276-16-бап. Кеден одағында қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы осы Кодекстің 34-тарауында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылады.
2. Кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен төленген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы есептелген және (немесе) есепке жазылған шегінде есепке жатқызылады.
Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығының сомасы бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы болып табылады, бірақ осы Кодекстің 276-8-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорттың көлеміне салық кезеңі үшін келетін қосылған құн салығының сомасынан артпайды. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңдері үшін есепке жазылған (есептелген), оның ішінде осы Кодекстің 599 және 601-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жолымен төленген қосылған құн салығының сомалары ағымдағы салық кезеңінде есепке жатқызылуға тиіс.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг алушы-салық төлеушісінің алуына жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі лизингке берген кезде, Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы сыйақыны есепке алмай, әрбір лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына тура келетін бөлігінде айқындалады.
276-17-бап. Шот-фактура
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураны жазып беру тәртібі, осы Кодекстің 35-тарауына сәйкес айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, басқа мемлекеттің аумағына кейіннен өңдеу өнімдері түрінде әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, шот-фактура әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалуын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 263-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сай болуға, сондай-ақ мыналар:
1) өткізу бойынша айналым жасалған күн;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тұлғаны Кеден одағына мүше мемлекетте сатып алушы-салық төлеуші ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс.
3) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының салық төлеуші - лизинг берушісі Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің салық төлеушісі-лизинг алушысының алуына жататын тауарларды лизингке берген кезде шот-фактура лизинг шартында көрсетілген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде сыйақы есепке алынбай, әрбір лизингтік төлем күніне жазып беріледі.
Қазақстан Республикасының салық төлеуші-лизинг берушісінің сыйақы сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетілуге тиіс.
276-18-бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері
1. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың меншік иесі деп тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға түсінілуі керек.
2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса және бұл ретте тауарлар Кеден одағына мүше үшінші бір мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі төлейді.
3. Егер Кеден одағына мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі тауарларды комиссия шарты, Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне берілген тапсырма негізінде өткізсе және тауарлар Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - комиссионер, сенім білдірілген адам жүзеге асырады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Егер Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған жағдайда, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі, тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған кезде қосылған құн салығын төлеуді оларды сатып алу-сатуға бейрезидентпен шарттар (келісімшарттар) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.
Тауарларды сатып алу-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде, мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осындай сауда өткізілетіні туралы Кеден одағына мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімін қоса алғанда, оны өткізу басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын орналасқан жеріндегі салық органын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Егер Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына комиссионер, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі болып табылатын сенім білдірілген адам (оператор) бұдан бұрын импорттаған, олар бойынша жанама салықтар төленбеген тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған комиссия, тапсырма шарты (келісімшарты) бойынша сатып алса, онда жанама салықтарды төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауардың меншік иесі не тауарды импорттаған комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Кеден одағына мүше емес мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі не сенім білдірілген адам (оператор) төлейді.
276-19-бап. Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Кеден одағында комиссия, тапсырма шарттары бойынша қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері
1. Комиссионер (сенім білдірілген адам) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген адамға) жүктеледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасын осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі негізінде есепке жатқызуға тиіс.
2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
3. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізуі бойынша айналым болып табылмайды.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - комиссионер (сенім білдірілген адам) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген адам) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура жеткізушінің «комиссионер» («сенім білдірілген адам») деген мәртебесі көрсетіле отырып жазып беріледі.
Комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушыға жазып берген шот-фактурада осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 1) - 6) тармақшаларында белгіленген деректемелер, қосылған құн салығын есепке алмағанда тауарлардың құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетіледі.
Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетіледі.
Мұндай шот-фактураға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің комиссионерден (сенім білдірілген адамнан) алынған көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызуға негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы комиссионердің (сенім білдірілген адамның) есебіне жатқызылмайды.
5. Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген адам) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Осы тармақтың мақсаты үшін комитенттің (сенім білдірушінің) комиссионердің (сенім білдірілген адамның) атына тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжатты жасау күні есепке қабылдау күні болып табылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 276-20-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
276-20-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі осы Кодекстің 36-тарауына сәйкес айқындалады.
2. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште және электрондық түрде не электрондық түрде табыс етуге міндетті.
Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациясымен бір мезгілде мынадай құжаттарды:
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық түрде не электрондық түрде табыс етеді.
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi;
2) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін, және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесінің орындалуын растайтын, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де төлем құжатын немесе уәкілетті орган берген, салық төлеушіге салық төлеу мерзімін өзгертуге құқық берілгендігін растайтын өзге де құжатты, немесе осы Кодекстің 276-15-бабының талаптарын ескере отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжаттарды табыс етеді.
Бұл ретте аталған құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібінде, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотының есебіне жатқызылуға тиісті импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының жеке шоттарында артық төленген төлемдер болған жағдайда, салық төлеуші салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша аталған артық төленген сомаларды есепке жатқызуға немесе есеп айырысу шотына қайтаруға өтініш бермеген болса, табыс етілмейді.
Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар есепті салық кезеңіне келетін, лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемнің мерзімі бойынша, осы тармақта белгіленген мерзімде табыс етіледі;
2014.28.11. № 257-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |