2І0
жаза көзделген ең болмаганда бір аса ауыр қылмыстық жасалуына кінәлі үкім кірсе, онда бас
бостандығынан айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті
жаза- ны отыз жылдан
асыруға болмайды. Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін өмір бойы
бас бостандығынан айыру
немесе
өлім жазасы тағайындалса, онда түпкілікті жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру
немесе тиісінше өлім жазасы түрінде тағайындалады.
4. Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза қайта жасалған қылмыстық қүқық
бүзушылық үшін тағайындалган жазадан да, соттың оның алдындағы үкімі бойынша тағайындалған
жазаның өтелмеген бөлігінен де артық болуы тиіс.
5. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза гағайындау кезінде жазалардың косымша түрлерін қосу
қылмыстық күқық бүзушылыктың жиынтыгы бойынша жаза тағайындау қагидалары бойынша
жүргізіледі (Қылмыстык кодекстің 60-бабы).
Осы айтылған заң нормаларының мазмүны төмендегідей:
Қылмыс жасап үкім бойынша жаза алган адамның тағы да қылмыс істеуінің коғамға қауіптілігі
орасан, сондыктан жаңа Қылмыстық кодекс мүндай қылмыскерлерге қылмыстардың жиынтыгы
бойынша жаза тағайындауға карағанда қатаңырақ жаза тағайындау тәртібін белгілеген. Үкімдердің
жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың
ауырлығына карамастан заң
талабына сәйкес бүрынғы үкім бойынша тағайындалган, жазаның өтелмей калған бөлігін түгелдей я
болмаса ішіна- ра қосып белгілейді. Қылмыстық кодекстің 58-бабында көрсетілген сіңіру ережесі
бүл банқа колданылмайды.
Үкімді жинақтап тағайындаған ақырғы жаза жаңа істелген кылмыска тағайындалған жазадан да,
сондай-ақ алдыңғы үкім бойынша өтелмей калған жазаның бөлігінен де артық болуы керек.
Бірнеше үкім бойынша жаза өтеу мерзімі соңғы қылмысы үшін үкім шығарылған уақыттан
бастап есептеледі. Үкімдерді жиынтықтап косқанда жазаның
жалпы мер- зімі егер ол бас
бостандығынан айырумен байланысты болмаса жазаның сол түріне белгіленген ең үзақ мерзімінен
аспауы тиіс. Бас бостандыгынан айыру түріндегі жаза- ларды косканда жазаның жалпы мерзімі 25
жылдан аспауы тиіс, ал заң бойынша бас бостандығынан айыру жазасы жиырма жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленген
бір аса ауыр қылмыстың ең
болмағанда біреуін істеуге кінэлі деп танылғандарга қылмыстар істегені үшін жазаның жалпы
мерзімі 30 жылдан аспауы тиіс. Ал жиынтыққа кіретін кылмыс үшін өмір бойына бас
бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалса, онда түпкілікті жаза өнер бойы бас
бостандығынан айыру немесе тиісінше өлім жазасы түрінде қалады. (58-бап, 4-бөлігі). Үкімдерді
жиынтықтап жаза тағайындағанда негізгі жазаға жауаптылықты белгілейтін бапта көрсетілген
қосымша жазаларды да қосуға қүқылы. Әр түрлі түрдегі қосымша жазалар жеке-жеке орындалады.
Қазақстан Республикасы Жогарғы Сотының «Қылмыстык жаза тағайындаған кез- де соттардың
заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 20-24-
тармақтарында үкімдердің жиынтығы бойынша жаңа тағайындауда басшылыкка алатын қагидалары
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: