Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


болмаганда бір аса ауыр қылмыс кірсе, онда түпкілікті жаза жазаларды ішінара неме- се толық



Pdf көрінісі
бет99/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

болмаганда бір аса ауыр қылмыс кірсе, онда түпкілікті жаза жазаларды ішінара неме- се толық 
қосу арқылы тагайындалады. Бұл ретте бас бостандыгынан айыру түріндегі түпкілікті 
жазаны жиырма бес жылдан асыруга болмайды. 
Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтыгына жасалганы үшін осы Кодекс- те 
жиырма жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыру түрінде жаза көзделген ең 
болмаганда бір аса ауыр қылмыс, сондай-ақ жасалганы үшін айыппұл тагайындалган 
қылмыстық теріс қылық кірсе, онда түпкілікті жаза онша қатаң емес жазаны негұрлым қатаң 
жазага сіңіру арқылы тагайындалады. 
Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін өмір бойына бас бостандыгынан айыру немесе өлім 
жазасы тагайындалса, онда түпкілікті жаза өмір бойына бас бостандыгынан айыру немесе 
тиісінше өлім жазасы түрінде тагайындалады. 
5. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтыгы бойынша тагайындалган негізгі жазага 
жиынтықты құрайтын құқық бұзушылықтар үшін тагайындалган қосымша жаза- лар қосылуы 
мүмкін. Ішінара немесе толық қосу кезінде түпкілікті қосымша жазаны осы Кодекстің Жалпы 
бөлігінің осы жаза түрі үшін белгіленген ең жогары мерзімнен немесе мөлшерден асыруга 
болмайды. 
6. 
Егер сотталган адамның ісі бойынша сот үкім шыгарганнан кейін оның бірінші іс 
бойынша үкім шыгарылганга дейін жасаган тагы да басқа қылмыстық құқық бұзушылыққа 
кінәлі екені анықталса, жаза осы баптың қагидалары бойынша тагайындалады. Бұл жагдайда 
соттың бірінші үкімі бойынша өтелген жаза түпкілікті жаза мерзіміне есепте- леді. 
Сот тәжірибесінде бір адамның кылмыстық заңның ор түрлі баптарында көрсетілген екі немесе 
одан да көп қылмыстарды істеп, осы кылмыстық қүкық бұзушылықтар бір- де-біреуі үшін 
сотталмаған жагдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ, іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталган 
адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмыстық күқық бүзушылықты 
істегендігі үшін кінэлі екендігі аныкталатын жағдайлар да кездеседі. Мүндай жағдайлар кылмыстык 
күкық бүзушылықтын жиынтығын кұрайды. 
Бір адамның бірнеше қылмыстық кұкық бүзушылықтарды істеуі, оның істеген әрбір кылмыстық 
құқық бүзушылығы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза белгілеу- ді қажет етеді. Мүндай 
жағдайда заң қылмыстык күкык бүзушылықтарды жиынтыктап жаза тағайындау тэртібін белгілейді. 
Бір адам кылмыстык заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстық 
құкық бұзушылықтарды істегенге кінэлі деп танылып, соның бірде біреуі үшін сотталмаса, онда 
оның әрекетінде кылмыстық қүкык бүзушылықтың жиынтыгы бар деп саналады. Бұл жерде заңца 
белгіленген не- гіздер мен қылмыстық құқық бүзушылык үшін жауаптылықтан босатылган адамның 


205 
бүрынғы істеген қылмысы есепке алынбайды. Қылмыстық қүқық бұзушылыктар жиынтығында сот 
эрбір қылмыстық құқық бұзушылык үшін бөлек жаза (негізгі жэне қосымша) тағайындап, түпкілікті 
онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы немесе тағайындалған жазаларды 
толық немесе ішінара қосу арқылы жазаны айқындайды (58-бап, 1-бөлігі). 
Осы заңның талабына сәйкес, сот эрбір кылмыстык кұкық бұзушылық үшін жаза- ны бөлек-
бөлек тағайындайды. Оның өзіндік маңызы зор. Өйткені, бұл апелляциялық, кассациялық немесе 
бақылау сатыларында істеген қылмыстык құкык бұзушылықтар біреуі үшін үкімді өзгертуге 
мүмкіндік туғызады. Әрбір қылмыстык құкык бұзушылык үшін жазаны бөлек тағайындау 
ракымшылық актісін колдануға да қолайлы мүмкіндік туғызады. Өйткені, кінэлінің істеген 
қылмыстық құқық бұзушылығының біріне рақымшылық актісі колданылуы, ал екіншісіне оның 
колданылмауы мүмкін немесе бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін рақымшылық актісі бойынша 
тұтас алынып таста- луы, ал екіншісі қылмысы үшін жаза мөлшері сол негізбен қыскартылуы 
мүмкін. 
Қылмыстық кұқық бұзушылыктар жиынтыгы бойынша сот жаза тағайындағанда жаза 
тағайындаудың жалпы бастамаларын, істелген қылмыстың мэні мен зияндылық дәрежесін, 
қылмыскердің тұлгасын жэне істің мэн-жайын, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын 
жағдайларды тұтастай басшылыкка алады. Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Сотының 
«Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылыкты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 
сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысында: 
«Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда, соттар заңда көрсетілген жеңілірек 
жазаны ауырырақ жазаға сіңіру немесе тағайындаған жазаларды түгелдей иә болмаса ішінара қосу 
принциптерін үкімде дәлелдеуі керек. 
Үш немесе одан да көп қылмыстық кұқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза 
тағайындағанда, соттың жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру принципін онша ауыр емес 
қылмыстық кұқық бұзушылықтар үшін қолданып, одан кейін сол жазаға ор- таша ауырлықтағы, 
ауыр немесе аса ауыр қылмыстык кұкық бұзушылыктар жиынтығы үшін тағайындалған жазаларды 
түгелдей, болмаса ішінара косып, екі принципті қоса колдануға қақысы бар. 
Жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру принципін қолданған кезде, соттар жаза түрлерінің 
қатаңдык дәрежесі ҚК-нің 40-бабында қандай ретпен көрсетілсе, сондай рет бойынша 
анықталатынын ескеру керек. Жиынтыкка кіретін қылмыстық құкық бұзушылықтардың 
әрқайсысына жазаның бір түрі тағайындалған кезде, олардың ішіндегі мерзімі мен көлемі көп жаза 
— неғұрлым катаң жаза болып саналады. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар 
үшін түрі жэне мөлшері жагынан бірдей жаза тағайындалса, онда бір жазаны баска бір жазаға сіңіру 
жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті баптарының ең жоғары жазалау шаралары 
шегінде тағайындалса ғана рұқсат етіледі», - деп арнайы көрсетілген. Жаза тағайындаудың осы 
принциптерін басшылыққа алу қылмыстық кұқық бұзушылықтар жиынтығы бойын- ша жазаны жеке 
қылмыстық құқық бұзушылық істегендерге қарағанда ауырырак етіп тағайындауға мүмкіндік береді. 
Жазаны әрбір қылмыстық құқық бұзушылыққа бөлек- бөлек тағайындап алып, сот жазаны барлық 
қылмыстык құқық бұзушылықтар үшін жиынтықтап бір-ақ тагайындайды. Бұл жерде қылмыстык заң 
бойынша жеңілірек жазаны


206 
ауырырақжазағасіңіру жолын немесетағайындалғанжазаларды түгелдей я болмаса ішіна- ра қосу 
жолымен заңның ауырырақ жаза белгілеген бабындағы шектен асырмай жаза бел- гіленеді. Сіңіру 
принципі бойынша сот қылмыстық құқық бүзушылыктың жиынтыгына кіретін әрбір қылмыстық 
қүқық бұзушылық үшін біртектес жоне әртектес жаза түрлерін тағайындағанда жеңілірек жазаны 
ауырырақ жазаға сіңіру жолымен жинактап бір-ақ тағайындайды. Осындай кезде жаза түрлерінің 
қатандық дэрежесі Қылмыстык кодекстің 40-бабында қандай ретпен корсетілсе, сондай рет бойынша 
анықталатынын ескеруі қажет. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін түрі 
мен мөлшері жағынан бірдей жаза тагайындалса, онда бір жазаны басқа бір жазаға сіңіру жолымен 
корытынды жаза тағайындау заңның гиісті баптарын ең жоғарғы жазалау шаралары ше- 
гіндетағайындалса ғана рұқсат етіледі. Мысалы, қылмыскер қызғанып өз әйелін өлтіргені үшін алты 
жылға, кәнігі бұзақылығы үшін 4 жылға бас бостандыгынан айырылды делік. Сіңіру принципі 
қолданыла отырып, оған ақыргы жаза 6 жыл бас бостандығынан айы- ру болып белгіленеді немесе 
кінәлінің бір қылмыстык кұқық бұзушылық үшін сот оган 
2 жыл түзеу жұмысын тағайындайды, ал екінші кылмыстық құқық бұзушылық үшін 
3 жыл бас бостандыгынан айыру жазасын тағайындайды. Жеңілірек жазаны ауырырак жазага сіңіру 
жолымен сот оның ақырғы жазасын 3 жыл бас бостандыгынан айыру деп белгілейді. 
Тағайындалған жазаларды түгелдей қосып жаза белгілеу дегеніміз, әрбір қылмыстық құқық 
бұзушылыққа бөлек-бөлек жаза тагайындап алып, сол жазаларды бір-біріне түгелдей қосып, акырғы 
жазаны анықтау болып табылады. Жазаларды түгелдей қосу прин- ципі сот тәжірибесінде көп 
жагдайларда істелген қылмыстық кұқық бұзушылықтардың мэні мен зияндылық дәрежесі өзара 
ұқсас болған жағдайларда қолданылады. Тағайындаған жазаларды ішінара қосып, жаза белгілеу 
дегеніміз сот ауырырақ жазаға басқа қылмыстық кұкык бұзушылык үшін тағайындалған жазаны 
ішінара қосып, ақырғы жазаны анықтайды. Қылмыстық кұқық бұзушылықтың жиынтығы бірнеше 
кылмыстык құқық бұзушылық үшін жазаны толық немесе ішінара қосу жолымен тағайындалғанда 
ақырғы жаза мөлшері ауырырақ жаза белгілеген баптың шегінен асырылмай белгі- ленуі мүмкін. 
Мысалы, ұрлық үшін 3 жылға, ауырлататын жағдайдағы бұзакылығы үшін 
4 жылға тағайындалған жазаны, сот ішінара қосу жолымен ақырғы жазаны 5 жылдан бас 
бостандыгынан айыруға деп белгілейді. Өйткені, ауырлататын бұзақылығы үшін (293-бап, 2-бөлігі) 
жазаның ең жоғарғы шегі заңда 5 жыл деп көрсетілген. Бұл шектен асуға болмайды. 
Қылмыстық құкык бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда соттың қайсы 
принципті басшылыққа алатыны (сіңіру жолымен немесе түгелдей, іші- нара қосу жолымен) нақты 
жағдайларға байланысты, істің жағдайына, қылмыскердің тұлгасына, эр қылмыстық құкык 
бұзушылық үшін тағайындалған жазаның түрі мен ауырлығына сәйкес шешіледі. Тек қана 
Қылмыстық кодекстің 58-бабының 2-бөлігіне сэйкес: Егер қылмыстық кұқық бұзушылықтар 
жиынтығында тек қылмыстық теріс қылықтар қамтылса, онда түпкілікті жаза онша қатаң емес 
жазаны неғұрлым қатан жазаға сіңіру арқылы не жазаларды ішінара немесе толык қосу арқылы 
тагайындалады. Бұл ретте айыппұл түріндегі жазаның түикілікті мөлшерін - бір мың айлық есептік 
көрсеткіштен, ал қоғамдық жұмыстарға тарту немесе камаққа алу түріндегі жазанын түпкілікті 
мерзімін тиісінше алты жүз сағаттан немесе тоқсан тэуліктен асыруға болмай- ды. 
Егер қылмыстык құқық бұзушылықтар жиынтығына тек қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр 
емес жэне ауырлыгы орташа қылмыстар кірсе, онда түпкілікті жаза онша қатаң емес жазаны 
неғұрлым катаң жазаға сіңіру аркылы тағайындалады. Яғни заңда тек орташа, одан төмен 
ауырлыктағы қылмыстар жиынтығын есепке алу кезінде ғана сіңіру принципі қолданылады. 
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қазақстан Респуб- ликасының 
Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу жэне Қылмыстык-атқару кодекстеріне өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» 2002 жылғы 21 желтоксандағы Қазакстан Республикасы заңын 
соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы 2005 жылгы 28 казан №7 нормативтік 


207 
каулысында: Егер заң қолданысқа енгізілгенге дейін, адам кішігірім немесе ауырлығы орташа 
кылмыстық құкык бұзушылық жиынтығы бойынша сотталса жэне оған жаза жазаларды ішінара 
немесе толық қосу жолымен тағайындалса, онда сот уәкілетті органның ұсынысы немесе 
сотталғанның өтініші бойынша жаза- ны үкімді орындау тәртібімен жеңілірек жазаны неғұрлым 
қатаң жазаға сіңіру жолы- мен анықтауы тиіс, - деп түсіндірілді. Адам кінәлі деп танылған 
қылмыстық құқык бұзушылыктар үшін тағайындалған косымша жазаны сот негізгі жазаға қоса 
алады. 
Егер іс бойынша үкім шығарылғаннан кейін сотталган адамның алғашкы іс бойынша үкім 
шығарғанға дейін басқа бір қылмыстық кұқықбұзушылық істегендігі анықталса, бұл жағдайда да 
жаза осы ережелер бойынша тағайындалады. Бұл ретте жазаның мерзіміне бірінші үкім бойынша 
өтеген жаза есептелінеді. Мысалы, кінәлі адам әйел зорлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан 
айырылуға сотталған. Ол осы жазаның екі жылын өтеген соң, оның осы қылмыстық құқық 
бұзушылық үшін сотталғанға дейін бұзақылық істегені анықталады. Сот қылмыскерді бұзакылығы 
үшін кінэлі деп тауып, сол үшін оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен. 
Тағайындалған жазаларды түгелдей қосу арқылы, оның ақырғы өтейтін жазасы 8 жыл бас 
бостандығынан айыруға деп белгіленген. Сот оның бірінші үкім бойынша өтеген екі жыл жазасын 
есепке ала отырып, ақырғы өтеу жазасының мерзімін 6 жыл деп белгілеген. Қылмыстық кодекстің 
58-бабының 3-бөлігінде: «Егер кылмыстардың жиынтығында ауыр немесе аса ауыр қылмыс 
қамтылса, түпкілікті жаза қатандығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен не 
жазаларды ішінара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан 
айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма жылдан ас- пауы керек», - деп көрсетілген. Ал осы баптың 
төртінші бөлігінде: «Егер қылмыстық құқық бұзушылыктар жиынтығында осы Кодексте жиырма 
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас 
бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда, бір аса ауыр қылмыс қамтылатын болса, түпкілікті 
жазалау ішінара немесе толық қосылып тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру 
түріндегі түпкілікті жазалау жиырма бес жылдан аспауға тиіс». Егер кылмыстық құқық 
бұзушылықтардың жиынтығына кіретін қылмыстық құқық бұзушылық үшін өмір бойы- на бас 
бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалатын болса, онда түпкілікті жаза өмір бойына 
бас бостандығына айыруға немесе тиісінше өлім жазасы түрінде тағайындалады»,- деп белгіленген. 
Мұндай ережелер істелген қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қандай санатка 
жататынына, қылмыскердің жеке басының кім екендігі ескеріле отырып, әділетті жаза тағайындауға 
мүмкіндік береді. 58-баптың 2-4-бөлігінде көзделген қылмыстар санатының түсінігі Қылмыстық 
кодекстің 
11- 
бабында берілген. 
Қылмыстық құқык бұзушылықтар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға 
жиынтықты құрайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін тағайындалған қосымша жазалар 
қосылуы мүмкін. Жекелеп немесе толык қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жаза осы Кодекстің 
Жалпы бөлімінің сол жазалау түрі үшін белгіленген ең жоғары мер- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет