Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары



Pdf көрінісі
бет139/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

92- 
6 а п. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары 
Осы Кодекстің 91-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды емдеу немесе олардың 
психикалық жай-күйін жақсарту, сондай-ақ олардың осы Кодекстің Ерекше бөлігінің баптарында 
көзделген жаңа іс-әрекеттерді жасауының алдын алу медициналык сипаттағы мәжбүрлеу шараларын 
қолданудың мақсаттары болып табылады. 
93- 
6 а п. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері 
1. 
Сот медициналық сипаттагы мәжбүрлеу шараларының мынадай түрлерін: 
1) 
амбулаториялық мәжбүрлеп байқауды және психиатрда емдеуді; 
2) 
жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді; 
3) 
мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді; 
4) 
интенсивті байқайтын мамандандырылган үлгідегі психиатриялық стационарда 
мәжбүрлеп емдеуді тагайындауы мүмкін. 
2. 
Есі дурыс күйінде жасалган қылмыстық қуқық бузушылықтар үшін сотталган, бірақ 
алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқумарлықтан емдеуді не есінің дурыстыгы жоққа 
шыгарылмайтын психикасының бузылуынан емдеуді қажет ететін адамдарга сот жазамен 
бірге амбулаториялық мажбүрлеп байқау және психиатрда емдеу түрінде медициналық 
сипаттагы мәжбүрлеу шараларын тагайындауы мүмкін. 
Медициналык сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері оны тағайындаудың, өзгертудің жэне 
тоқтатудың тэртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 
93- 
бабында белгіленген. Занда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының төрт түрі 
көрсетілген: 
а) емханалык мәжбүрлеп кадағалау жэне психиатрда емделу; 
б) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу; 
в) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мэжбүрлеп емдеу; 
г) интенсивті қадағаланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационар- да 
мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындауы мүмкін. 
Есі дұрыс күйінде жасалған қылмыстық кұқық бұзушылық үшін сотталған, бірақ ал- 
коголизмнен, нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) емдеуді не психикасының дұрыстыгын жоққа 
шығармайтындай бұзылуынан емдеуді кажет ететін адамдарға сот жазамен бірге емханалық 
мәжбүрлеп қадагалау жэне психиатрда емдеу түрінде медициналык сипаттағы мәжбүрлеу 
шараларын тағайындауы мүмкін. 
Осы көрсетілген мэжбүрлеу шаралары ауруларды емдеумен бірге, оларды қоғамнан оқшаулап, 
медицина мекемелері арқылы мұндай адамдардың денсаулығы мен мінез- құлқына өте мұкият түрде 
бақылау жасау арқылы жүзеге асырылады. 
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерін бөлудің негізгі бел- гілеріне 
істелген іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі жэне сот-психиатриялык сарапшының қорытындысымен 
анықталған ауру адамның психикалық күйі болып табылады. 
Қылмыстық кодексте соттың медициналық сипаттагы мәжбүрлеу шараларының түрін белгілеуде 
қандай жағдайларды еске алуы қажетілігі көрсетілген. 


245 
Алкоголизм, нашақорлык пен уытқұмарлық дертіне шалдыкқан адамдарға қылмыстық құқық 
бұзушылық жасауына баиланысты қолданылатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын 
қолдану (91-бап, І-бөлігі, «4» тармағы). Есі дұрыс емес адамдарға қолданатын медициналық 
сипаттағы мэжбүрлеу шараларына қарағанда қылмыстық жа- замен бірге емес, онымен қатар 
тағайындалады жэне оның басқа түрлері болады. 
Алкоголизммен, нашақорлықпен, уытқұмарлыкпен ауыратын адамдарга қылмыстық құкық 
бұзушылық істеген ретте медициналық сипаттагы еріксіз шараны қолданудың не- гізгі мақсагы, 
мұндай аурумен зардап шегетіндерді емдеп, осындай күйде олардың тагы да қылмыстық кұқық 
бұзушылық істеуіне жол бермеу болып табылады. Қылмыстық заң алкоголизм, нашақорлық немесе 
уытқұмарлыкпен қылмыстық құқық бұзушылық істегендердің бэріне де медициналық сипаттагы 
еріксіз шараны қолдануды талап етпейді. 
Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан қылмыстық құкық бұзушылық 
істеген адамга қылмысы үшін тағайындалатын жазамен бірге медициналық сипаттағы мэжбүрлеу 
шараларын қолданудың басты шарты осы дертке шалдыққан ау- руларды еріксіз емдеуге жіберу 
қажет деген медициналық қорытындының жэне мұндай емдеу, емделетін адамның денсаулығына 
зияны жоқ деген тұжырым бар болғанда ғана колданылады. 
Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға сотталған жоғарыда аталған адамдар 
арнаулы емдеу және емдеу режимін сақтай отырып, медицина мекемелерінде еріксіз емделуі тиіс. 
Мұндай адамдар бас бостандығынан айыруға сотталған ретте олар жазасын өтеп жүрген кезде 
еріксіз емделуге тиіс, ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін, осындай 
емдеуді ұзарту кажет болған ретте арнаулы емдеу және емдеу режимі бар медицина мекемелерінде 
еріксіз емделуге тиіс. 
Алкоголизммен, нашақорлықпенуытқұмарлықдертінешалдыққандаргамедициналык сипаттагы 
еріксіз емдеу шаралары сот үкімі бойынша тағайындалады жэне мұндай ретте емдеудің мерзімі жэне 
оның накты түрі көрсетілмейді. 
Еріксіз емдеуді токтату сол адам емделіп жаткан емдеу мекемесінің ұсынысы бойын- ша сот 
арқылы жасалады. 
Спирт ішімдіктерін, нашақорлық немесе уытқұмарлық заттарын қасақана пайдалана- тын және 
оның салдарынан өз отбасын ауыр материалдык жағдайда қалдыратын адамдар қылмыс жасаган 
ретте сот оған жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза 
қолданумен бірге оның отбасының, еңбек ұйымының және өзге қоғамдык ұйымның, прокурордың, 
қорғаншылық пен қамқоршылык органының немесе емдеу мекемесінің өтініші бойынша оны әрекет 
қабілеті шектелген деп тануга құқылы. Сот үкімінің негізінде мұндай адамға қорғаншылық 
белгіленеді. 
Осы айтылған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасы Жогаргы Сотының 
«Медициналык сипаттагы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі ту- ралы» 1999 
жылғы 9 шілдедегі № 8 қаулысында сараланган' 
Қылмыс істеуге байланысты емес жағдайда алкоголизмге, нашақорлык пен уытқұмарлық 
дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу шаралары Қазақстан Респуб- ликасы Президентінің 1995 
жылғы 7 сәуірдегі заң күші бар Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық 
бұзушылық істеген адамдарга қарағанда қылмыстык құқық бұзушылық істемеген адамдарды 
көрсетілген дерттен емдеудің негізі, мерзімі, жағдайы, емдеуді ұйымдастыру тэртібі біркелкі емес, 
өзара айырмашылықтары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет