Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық қуқық



Pdf көрінісі
бет17/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

7- 
6 а п. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық қуқық 
бузушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы 
1. 
Қазақстан Республикасының аумагында қылмыстық қуқық бузушылық жасаган адам осы 
Кодекс бойынша жауаптылыққа жатады. 
2. 
Қазақстан Республикасының аумагында басталган немесе жалгастырылган не 
аяқталган іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумагында жасалган қылмыстық қуқық 
бузушылық деп танылады. Осы Кодекстің күші Қазақстан Республикасының континент- тік 
қайраңында және айрықша экономикалық аймагында жасалган қылмыстық қуқық 
бузушылықтарга да қолданылады. 
3. 
Қазақстан Республикасының портына тіркелген және Қазақстан Республикасының 
шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыстық қуқық бузушылық 
жасаган адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, 
осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының әскери 
кораблінде немесе әскери әуе кемесінде қылмыстық қуқық бузушылық жасаган адам да, өзінің 
қай жерде болганына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылықта болады. 
4. 
Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитетті пайдалана- тын 
өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылыгы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан 
Республикасының аумагында қылмыстық қуқық бузушылық жасаган жагдайда, халықаралық 
қуқық нормаларына сәйкес шешіледі. 
9
 
дипломатиялық өкілдсрінің және иммунитегті 
пайдаланатын өзге де азаматтарының жауаптылыты; 5) кылмыскерді ұстап беру туралы 
халықаралық шарт туралы. Қылмыстык кодекстің 7-бабының 4-бөлігінде Қазақстан 
Республикасынын аумагында кылмыс жасаган адамдарға, республика кылмыстық заңы ережелерінің 
қолданылу шар- ты көрсетілген. Бұл бапта:
 
1. Қазакстан Республикасының аумагында қылмыстық құқық бұзушылық жасаган адам осы 
Кодекс бойынша жауапка тартылуы жатады. 
2. Қазакстан Республикасының аумагында басталған немесе жалгастырылған не аяқталган іс-
әрекет Қазақстан Республикасының аумагында жасалған қылмыс деп та- нылады. Осы Кодекстің 
күші Қазақстан Республикасының құрлықтык шельфінде және ерекше экономикалық аймагында 
жасалган кылмыстарга да колданылады. 
3. Қазақстан Республикасының портына тіркелген, Қазакстан Республикасының ше- гінен тыс 
ашык су немесе эуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс жасаган адам, егер Қазакстан 
Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша кылмыстык 
жауапка тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблін- де немесе эскери эуе кемесінде 
қылмыстық құқық бұзушылық жасаган адам да оның кай жерде болуына карамастан, осы Кодекс 
бойынша кылмыстық жауапқа тартылады. 
4. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитетті пайдаланатын өзге 
азаматтардың қылмыстык жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының 
аумағында кылмыстык құкық бұзушылық жасаған жагдайда халықаралық құқық нормаларына 
сәйкес шешіледі делінген. 
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардагы «Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік шекарасы туралы» заңының 1-бабына сәйкес Республика аумагының ше- гін құрлық, су, 
жер койнауы және эуе кеңістігі шегін айкындайтын сызық және осы сызык бойынша өтетін беткі 
қабат құрайды. Ашық теңізде жүзіп немесе оның әуе кеңістігінің үстінде ұшып жүрген әскери емес 
корабльдер, ұшактар немесе қандай жер- де тұрғанына карамастан, Қазақстанның әскери 
корабльдері мен ұшақтары Республика аумағының бір бөлігі болып табылады. Оларға да Республика 
Қылмыстық заңының күші қолданылады. Қазакстан Республикасының мемлекеттік шекарасы 
9 Қазақстан Республикасының аумағы; 2) Қазакстан Республикасының қылмыстык заңы 
қолданылатын жерлер мен объектілер; 3) кылмыс істелу орны; 4) шет мемлекеттердің 


57 
аумактың (су, жер койнауы, әуе кеңістігінің) заң жүзінде баянды етілген кеңістігі шегінде 
қарастырылады. Құрғак аумақка Қазақстан Республикасының жер бедерінің сипатты нүктелері мен 
сызықтары жатады. Су аумагына Республиканың ішкі суларынан басқа, аумақтық теңіз 
жағалауындагы теңіз сулары, олардың тиесілі ені жатады. Қазақстан Республикасы эуе кеңістігі 
аумагына - Қазақстан Республикасы құргақ немесе су аумагы үстіндегі берілген аспан кеңістіктері 
жатады. Жер қойнауына мемлекеттік шекарамен белгіленген құрғақ немесе су кеңістігі астындағы 
аумактар жатады. Жер қойнауының тереңдігіне Қазакстан Республикасында ешкандай шек 
койылмайды. Қазақстан Республикасының кылмыстық заңының күші Республиканың кез келген 
аумагында немесе объектілерінде істелген қылмыстык іс-эрекеттің бэріне де колданылады. Егер 
қылмыстық кұқык бұзушылық Қазақстан Республикасының портына тіркелген жэне Республика 
шегінен тыс ашык су немесе әуе кеңістігінде жүрген, бірак шет мемлекеттердің жерінде емес кемеде 
істел- се, ал әскери корабльде немесе эскери әуе кемесінде қылмыстық кұқык бұзушылык жасаған 
адам олар қай жерде тұрса да онда ол Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық кұкык 
бұзушылык істеген деп танылып, мұндай адамдар кылмыстық кұқық бұзушылык үшін жауапка 
Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексі бойынша тар- тылады. Республика аумағында 
Қазақстанга тиесілі Каспий теңізі суларының үстіңгі жэне астынгы кеңістігі - кұрлықтық шельфі, 
сондай-ақ ерекше экономикалык аймақтар да жатады. Қазақстан Республикасының шет 
мемлекеттердегі елшіліктері, өкілдіктері орналасқан жер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
жалауымен жүрген елшілері мен өкілдіктерінің автокөліктері Қазақстан Республикасының аумағына 
жатады. 
Егер кылмыстық қүқық бұзушылык істеуге даярланғандық немесе кылмыстык құқық 
бұзушылық істеуге оқталғандық шекарадан тысқары жерде жүзеге асырылып, ол біздің елімізде 
аяқталса, онда кылмыстық құқықбұзушылық Қазакстан Республикасы аумағында істелген деп 
табылады. Сондай-ақ, қылмыстық кұқық бұзушылыққа катысу, қылмыстык кұқық бұзушылық 
істеуді ұйымдастыру немесе қылмыстық құкық бұзушылықтык азғырушылық эрекеттері үшін де 
жауаптылық дэл осындай тәртіппен шешіледі. Екі немесе одан да көп мемлекеттің аумағында 
істелген қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық қылмыстық құқық бұзушылық аякталған 
немесе қылмыстык кұкык бұзушылық тоқтатылған мемлекеттің заңы бойынша жүзеге асырылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші шет елде, 
орындаушы Қазақстан Республикасының аумағында іс-эрекет істесе немесе қылмыстық құқық 
бұзушылыққа сыбайластықпен қатысу Қазақстан Республикасының аумағында, ал қылмысты 
орындау шетелде орын алса, қылмыстық кұқық бұзушылық Қазақстан Республикасының аумағында 
істелген деп танылады. Қылмыстык кодекстің 7-бабының 4-тармағына сэйкес қолданылып жүрген 
заңдар бойынша жэне халықаралық шарттар бойынша қылмыстық істері Қазақстан 
Республикасының соттарында қаралуға жатпай- тын шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық 
өкілдері мен иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтарының қылмыстық жауаптылығы 
жағдайындағы мәселе бұл адамдар Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық құқық 
бұзушылық істеген болса, халықаралық құқық нормаларымен шешіледі. Шет мемлекеттің Қазақстан 
Республикасы аумағында дипломатиялық жэне консулдар өкілдіктері туралы ережеге сэйкес жеке 
ба- сына қол сұқпайтындығы иммунитеті, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары (елші, өкіл, 
сенімді өкіл) кеңесшілер, сауда өкілі жэне оның орынбасары, эскери, эскери-теңіз, әскери-әуе 
атташелері жэне олардың көмекшілері, бірінші, екінші және үшінші хат- шылар, архивариус - 
хатшылары, олардың өздерімен бірге тұрақгы тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болып 
танылмайтын отбасы мүшелері пайдаланады. Бұл санаттағы адамдардың қылмыстық істері 
Қазақстан Республикасы соттарында қаралуға жатпайды. Мемлекеттердің өзара келісімі бойынша 
консулдық лауазым адамдары: дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, парламенттік немесе 
үкіметтік делегация мүшелері, халықаралық ұйымдардың мүшелері немесе лауазым адамдары, 
қылмыстық жауапкершілік туралы шекті иммунитет құкығын пайдаланады. Мұндай эксаумақтық 


58 
құқықтарын пайдаланатын адамдардың тізімі мүдделі жақтардың өзара келісімі бойынша 
белгіленеді. Эксаумактык құқығы дипломатиялық өкілдіктердің қызмет немесе тұрғын жайларына, 
қатынас көліктеріне де қолданылады. Әрине, мұндай кұқық дипломатиялык өкілдіктердің 
қызметтеріне өз иммунитеттерін пайдаланып, заңсыз эрекет істеуіне жол бермейді. Осындай 
иммунитетті - атақты пайдаланып, қылмыс жасағандар 
персона нон грата
(жарамсыз адам) деп 
жарияланады. Оларға белгілі бір уақыт ішінде Қазақстан Республикасы аумагынан кету талап 
етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет