Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


 о л і м. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР



Pdf көрінісі
бет20/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

6 о л і м. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
10- 
6 а п. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық угымдары 
1. 
Қылмыстық қуқық бузушылықтар қогамга қауіптілікжәне жазаланушылық дәрежесіне 
қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді. 
2. 
Осы Кодексте айыппул салу, тузеу жумыстары, бас бостандыгын шектеу, бас 
бостандыгынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынган 
айыпты жасалган, қогамга қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп та- 
нылады. 
3. 
Қылмыстық теріс қылық деп қогамга зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян кел- тірген 
не адамның жеке басына, уйымга, қогамга немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін тугызган, 
оны жасаганы үшін айыппул салу, түзеу жумыстары, қогамдық жумыстарга тарту, қамаққа 
алу түріндегі жаза кезделген, айыпты жасалган іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады. 
4. 
Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген, формальды түрде, қандай да бір іс- 
әрекеттің белгілері бар, бірақ маңызы жагынан болмашы болгандықтан, қогамга қауіп 
төндірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық қуқық бузушылық болып табыл- майды. 
Қылмыстық кұқыктагы негізгі мәселелердің бірі кылмыстык кұкык бұзушылықтың ұгымын 
аныктау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға 
қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оган осы мәселеде қылмыстық кұкылық 
шараларды қолдану аркылы осы катынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі 
болып табылады. Қылмыстык құқық бұзушылық әр уакытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет 
немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе 
отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның накты іс-әрекетінің, мінез-кұлкының сыртка шыкқан 
көрінісі екенін атап көрсетеді. 
Адамның құқыққа кайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы 
мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның кылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал 


60 
әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлыктар, 
бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа 
қайшы немесе оған қайшы емес мінез-кұлқы оның ойлау жүйелері аркылы, содан соң белгілі бір іс-
әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаган 
ойлар, пікірлер соншалыкты катерлі болғанына карамастан, қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір 
іс-әрекет аркылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-максаттары когамға қауіп туғызбайтындықтан 
кылмыстық қүкык реттеу саласына жатпайды. Қылмыстык кұкык ғылымында бұл мәселе туралы 
бірауыздан осылай тұжырым жасалған. 
Қылмыстык құқық бұзушылық құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жактарын 
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген кылмыстық заңға сәйкес 
қылмыстык құқык бұзушылықтың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі. 
Бұрынгы кеңестік жүйеде кылмыстың ұгымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың Қылмыстық 
кұкык жөніндегі басшылык негіздерінде (5-бап): «Қылмыстык құқықпен қоргалатын қогамдык 
қатынастар тэртібін бұзушылық қылмыс деп танылады» делін- ген. РСФСР-дың 1922 жылғы 
Қылмыс кодексінде «Қылмыс дегеніміз кез келген қогамға қауіпті әрекет немесе эрекетсіздік» деген 
ұғыммен тұжырымдалады. 
1924 жылы КСРО жэне одақтас республикалардың қылмыстык заңдарының негізгі 
бастамаларында кылмыс туралы ұгымға арнаған бап болған жок. 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық 
кодексінде «қылмыс дегеніміз когамға қауіпті іс-әрекет» деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік 
құрылысқа немесе құқық тэртібіне бағытталған эрекет неме- се әрекетсіздік коғамға кауіпті деп 
жарияланды. КСРО жэне одақтас республикалардың 1958 жылғы кылмыстық заңдардың негізінде 
«Қылмыстық заңда көзделген, оның са- яси жэне экономикалык жүйелеріне, социалистік меншігіне, 
азаматтардың жеке басы- на, саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құкықтары мен бостандықтарына 
киянат жа- сайтын қоғамдық кауіпті іс-эрекет (әрекет немесе эрекетсіздік), сондай-ақ социалистік 
кұкық тәртібіне киянат жасайтын қылмыстық занда көзделген қоғамдық қауіпті іс- әрекет қылмыс 
деп табылады» делінген. Дэл осындай анықтама бұрынғы Одакқа кір- ген барлық республикалардың, 
оның ішінде 1959 жылы 22 шілдеде кабылданған Қазак КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап) 
берілді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш рет 1997 жылы жаңа Қылмыстык кодекс 
кабылданды. Осы Кодексте өмірімізде, коғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси 
өзгерістерге сәйкес кылмыстың жаңа ұгымы берілген. Онда «жазалау қатерімен тыйым салынған 
айыпты коғамға кауіпті әрекет (іс-эрекет немесе эрекетсіздік) кылмыс деп танылады» делінген (9-
бап). Осы аныктамадан кылмыстық құкыққа кайшылык, коғамға кауіптілік, кінэлілік, 
жазаланушылық қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері екендігі көрініп тұр. 
2014 жылы 3 шілдеде кабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстык кодексінде 
кылмыстык кұкык бұзушылықтың жаңа анықгамасы берілген. Қылмыстык кодекстің 10-бабында 
кылмыстын жэне қылмыстық теріс қылык ұгымдары айтылады. Өйткені осы баптың 1-бөлігінде 
қылмыстык құқық бұзушылықтар қоғамға кауіптілік және жазаланушылык дәрежесіне карай 
қылмыстар жэне қылмыстык теріс қылықтар болып бөлінеді. 
Қылмыстык кодекстің 10-бабының 2-бөлігінде осы кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, 
бас бостандыгынан шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жаза- сы түріндегі жазалау 
қатерімен тыйым салынған коғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет неме- се әрекетсіздік) кылмыс деп 
танылады» - делінген. Қылмыстык кодекстің 10-бабының 
3- 
бөлігінде - кылмыстық теріс кылык деп қоғамға зор кауіп төндірмейтін, болмашы ғана зиян 
келтіретін не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян кел- тіру катерін 
тугызатын, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, коғамдык жұмыстарға тарту, 
камаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-эрекет (әрекет немесе эрекетсіздік) 
танылады делінген. Сөйтіп жаңа қылмыстық заң бойынша қылмыстық күкық бұзушылык кылмыс 


61 
және қылмыстық теріс қылықтың жиынтығы екендігі айкын көрініп тұр. Сонымен жаңа 2014 жылғы 
Қылмыстық кодексте құқык бұзушылыктың белгілері де айқындалады. 
Қазакстан Республикасының Қылмыстык кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптары- ның 
диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыс- тық кұкықта 
қылмыстық құқык бұзушылықтың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа 
қайшылық деп атау қалыптасқан. 
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша, яғни қылмыстық 
заң нормасында эдейі көрсетілмеген іс-эрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын 
нормаларды колдануға жол берілген еді. Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде 
бейберекетсіздікке ұрынуға әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа 
Конституциясында, осыған орай 2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодекс- те қылмыстық занды 
ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген (4-бап). 
Адамның қылмыстық құқылық норматыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа 
қайшылық деп атаймыз. Адамның қылмыстық заң тыйым салмаган, осы заңда көрсетілмеген іс-
әрекеттерді істеуін қылмыс катарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-
әрекетті қылмыс қатарына жатқызуга мүмкіндік беретін оның мэнді белгілерін анықтайды. 
Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген 
жагдайда накты нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазаның белгілі бір 
түрінің тағайындалуы бо- лып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген 
тиісті заңның жарияланган уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай 
ретте мемлекет осындай іс-эрекеттермен қылмыстық кұкылық норма арқылы күрес жүргізуге 
мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған кылмыстық- құқылык норма 
қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-эрекеттер қылмыс деп санал- майды. Мысалы: елімізде 
нарықтык қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлык деген қылмыс 
құрамы катарынан алынып тасталды. Бұрын кылмыс қатарында жок жалған банкроттык, табысты 
жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстык жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар 
пайда болды. 
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қогамға кауіптілігі болып табылады. Бұл белгі 
қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер 
қылмыс болып табылатынын түсіндіреді. Қоғамға кауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің 
қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін тугызатынын білдіреді. Қоғамға 
қауіптілік - қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң шығарушының санасына жэне еркіне 
байланыссыз қогамдық катынастарға зиян келтіреді және өзінің ішкі мэні жөнінен қоғамның бір 
қалыпты өмір сүру шарттарына кайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезенде, дәуірде, 
коғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-әрекеттің қайсысының 
кылмыс қатарына жататыны туралы шешім кабылдау болып табылады. 
Қылмыстық кодекстің 2-бабында коғамга қауіптіліктіңсипаттамасы кылмыстыкзаңда коіделген 
адам мен азаматтың кұкыктарына, бостандықтары мен занды мүдделеріне, ұйымдардың кұкыктары 
мен заңды мүдделеріне, когамдық тэртіп пен қауіпсіздікке, табиги ортага т. б. киянат жасап кол 
сұғатын кылмыстык кұкык бұзушылык объектілерін тізбекгеп көрсету аркылы берілген. Бірақ та 
коғамга кауіптілік кылмыс кол сұғатын объ- ектілерді көрсету аркылы гана тұжырымдалмайды. Бұл 
қылмыстың когамга кауіптілігін сипаттайтын мэнді жактарының бірі гана. 
Қогамга кауіптілік коғамга зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, 


62 
орны, тэсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Мысалы: согыс уакытында немесе тотенше 
жағдайлар кезінде тыйым салынган ереуілге басшылык жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына 
кедергі келтіру қылмыс болып табылады (401-бап). Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі 
мүмкін зиян қогамга кауіптіліктің көлемін айкындайтын негізгі бір белгі болып табылады. Кейбір іс-
әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген уақыттан бастап, өзінің қандай зиян келтірілгеніне 
қарамастан, коғамга кауіпті болады. Басқалары қылмыстык заңда көрсетілген зардап- тар болган 
жагдайда гана қогамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамга кауіпті және кылмыс 
қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың сипаттама- сын заң шыгарушы эр түрлі етіп 
бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде кылмыстың зар- дабы қылмыстык заңның езінде дәлме-дәл 
көрсетіледі. Мысалы, денеге жарақат салу, материалдык залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т. б. 
Келтірілген дене жарақагының ауырлыгына орай денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-
бап), денсаулыкка касақана орташа ауырлыктагы зиян келтіру (107-бап), денсаулыққа қасақана 
жеңіл зиян келтіру (108-бап) болып бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың эр түрлі болып 
келетіндігін ескеріп, заң шығарушы оның бэрін нактылап жатпайды, оларды елеулі зиян келтіру 
(147-бап, 3-бөлігі), ірі мөлшер (188-бап, 3-бөлігі), ауыр зардап келтіру (127-бап, 4-бөлігі), т. б. деп 
жалпылама береді. Мұндай жагдайларда зардаптың осы көрсетілген мөлшерін аныктау нақты 
жагдайларда орындалған фактіге бай- ланысты шешіледі. Қылмыстың қогамга кауіптілігі 
кылмыстык ниет жэне мақсат сиякты оның белгілеріне де байланысты. Мысалы, қылмыстык іс 
қозғау мақсатымен қылмыс істелді деп корінеу өтірік хабарлау. Егер мүндай іс-әрекетті пайдакорлық 
мақсатпен істесе, хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады. Кейбір реттерде 
кэгамға кауіптілік іс-әрекетті істеген адамның ерекшелігіне де байланысты аныкталады. Қайсыбір іс-
эрекеттер оны істеген адамның жэбірленушімен ерекше қатынаста болуы- на байланысты кылмыс 
деп танылады. Мысалы, айыптының материалдық жөнінен не- месе басқа реттен тәуелді адамга 
қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру халіне жеткізілуі 
(105-бап). Кейде субъектінің ерекше жагдайы қылмыстың қогамға зияндылыгын үдетеді. Мысалы: 
жауапты мемлекеттік кызметтегі лауазымды адамның пара алуы (366-бап, 1-бөлігі). 
Қылмыстық кұкық гылымы қоғамга қауіптіліктің сапалық жэне сандық жақтарын бөліп 
карайды. Қылмыстык кодекстің 52-бабында жаза тагайындаудың жалпы негіздерін аныктай отырып, 
сот жазаны тагайындауда істелген қылмыстың сипатын жэне когамга кауіптілік дэрежесін есепке алу 
қажеттігін көрсетеді. Мұның өзі кылмыстың сипатын кылмыстык сапалық, ал дәрежесін - сандық 
сипаттамасы дегі түсінуді білдіреді. Си- патына карай қогамга кауіптілік экономикалық және зорлық 
қылмыстары, қасакана жэне абайсыздық, жеке адамга, меншікке қарсы қылмыстар болып болінеді. 
Қогамға кауіптілік сипаты кылмыстың объектісі бойынша анықталады. Объектілердің тізбе- гі 
Қылмыстык кодекстің 2-бабында көрсетілген, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі топтық 
объектілері белгілері бойынша тарауларға бөлінеді. Қылмыстык кодекстің Ерек- ше бөлімінің 
жүйелері топтық объектілерінің маңыздылығына карай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға 
қауіптіліктің сипатының тағы бір көрсеткіші келтірілген зиян бо- лып табылады. Материалдық, 
моральдық зиян күш қолдану, коркыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс 
коғамға кауіптілік сипатына карай мүліктік, үйымдастырушылық, жалпыға қауіпті және зорлықпен 
жасалатын кылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан эрі кінэнің нысандары арқылы 
анықталады. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін кылмыстарға 
қарағанда коғамга қауіптілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда касақана 
өлтіргені үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруға, не мүлкін тәркілеу 
арқылы немесе онсыз омір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады (99-бап, 2-бөлігі), ал 
абайсызда кісі өлтіру (104-бап, 1-бөлігі) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не 
сол мерзімге бас бостандыған айыруға жазаланады. Кінэнің нысандарын анықтау кылмыстың 
қоғамга қауіптілігінің сипатын осылай белгілеуде маңызды роль аткарады. Қылмыстың қоғамға 


63 
қауіптілігінің сандык жагын анықтағанда көптеген факторларды еске алу кажет. Мүндай ретте кел- 
тірілген зардаптың ауырлығын (аса көп мөлшерде, көп, едәуір мөлшерде) қылмыстық істің 
ерекшеліктеріне (аяқталған немесе аякталмаған қылмыс) қылмысты жеке немесе бірлесіп қатысу 
арқылы істеу, қылмыс істегенде қандай тэсіл қолданылды, кінэнің сипа- тын (ниет, максат) 
кылмыстың субъектісінің ерекшелігіне, іс-эрекеттің істелу уакытына, жагдайына баса назар аудару 
керек. Мысалы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің (106-бап), денсаулыкка касакана орташа 
ауырлықтағы (107-бап) зиян келтіруден қоғамға кауіптілік дәрежесі едәуір жоғары. Қарақшылықтың 
(192-бап) үрлықтан (188-бап) дэрежесі жагынан қоғамға қауіптілігі жоғары. Өйткені шабуыл жасап, 
қарақшылық жа- сап тонағанда бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен қауіпті тәсіл шабуылға 
үшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына күш жүмсаумен ұштастырылады. 
Қылмыстык қүкық бұзушылықтың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген 
санкция бойынша да анықталады. Мэні жөнінен екі қылмыстык күқық бұзушылықтың қоғамға 
қауіптілік дәрежесін анықтау, сол қылмыста берілген бел- гіленген санкцияларды салыстыру қажет. 
Ауыр жаза белгіленген қылмыстық күкық бүзушылық түрінің қоғамға кауіптілігі дәрежесі де жогары 
болып табылады. Қылмыстық қүқық бүзушылықтың қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша қоғамға 
қауіптілік сипаты бірдей кылмыстарды бір-бірінен ажыратуға болады. 
Сондай-ақ кылмыстык теріс қылык та қылмыстан қогамға қауіптілік дэрежесі арқылы 
ажыратылады. 
Қылмыстық күкық бұзушылыктың тағы бір белгісі кінэ болып табылады. Яғни, бұл жерде әңгіме 
заң қорғайтын объектілерге әрекет немесе эрекетсіздік арқылы кінэлі түрде қасақаналық немесе 
абайсыздықпен қол сүгушылық туралы болып түр. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың жауапқа және жазаға тек қана қылмыстық кұқык бүзушылык 
істегені үшін, яғни қылмыстык қүқық бұзушылық үшін заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-эрекетті 
қасақана немесе абайсыздықпен істеген адам ғана тартылады. Кінәсіз қылмыстық қүқык бүзушылык 
үшін жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Кінәнің нысандары қылмыстық заңда қасақаналык 
(тікелей немесе жанама), абайсыздық (менмендік немесе немқұрайдылық) болып түрге бөлінеді. 
Тікелей немесе жанама ни- етпен жасалған эрскет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет