293
Өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерге еркек пен еркектің, әйел мен эйелдің
жыныстық катынастарына жатпайтын, баска тұрғыдағы жыныстық
құмарлыкты қанағаттандыруға
багытталган эр түрлі әрекеттер жатады, оган еркектің эйелдермен немесе әйелдің еркектермен
сексуалдык сипаттағы эр түрлі зорлық қатынастары жата- ды. Мысалы: табиғи түрге жатпайтын
зорлык жыныстык қатынастары (жәбірленушінің жыныс органдарынан басқа дене мүшелерін
пайдалану арқылы жыныстык құмарлықты қанағаттандыру (анус),
садистік тәсілдерді қолдану;
жәбірленушінің жыныс орга- нын күйдіру, оған мүйіз, таяк, басқа зат тығу; әйелдің еркекті оның
еркіне қарамастан жыныстык катынас жасауға зорлауы (онанизм) т.с.с.
Некрофилия
- кінәлінің өзі өлтірген жәбірленушімен зорлык катынасын жасауы болып
табылады. Кінэлінің мұндай әрекеті Қылмыстық кодекстің 121-бабымен емес, 99-бабының 2-
тармағының «10» тармақшасымен саралануға жатады. Ал өздігінен
өлген адамның мэйітімен
жыныстық қатынас жасаудағы жауаптылык Қылмыстык кодекстің 314-бабында көрсетілген
(өлгендердің мэйіттерін немесе олар жерленген жерлер- ді қорлау). Бұл қылмысты кінәлі адам күш
колдану немесе оны қолданбакшы болып қорқыту не жәбірленушінің дэрменсіз күйін пайдалану
арқылы жүзеге асырады. Бұл ұғымдардың мазмұнына зорлау (Қылмыстык кодекстің 120-бабы)
құрамын талдағанда толык тоқталып өткенбіз.
Қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс күш қолдану немесе оны қолданбақшы болып
қорқыту не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану аркылы
нәпсіқұмарлық сипаттағы
эрекеттерді істеуді бастаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам өзінің
әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстың негіз- гі ниеті -
жыныстық құмарлықты қанагаттандыру болып табылады. Бұдан басқа кейбір реттерде кек алу,
адамгершілікті аякқа басу, кінәлінің өзінің жыныстық қабілетсіздігін (импотенттік) жасыру ниеттері
де орын алуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі - 14-ке толған ерлер немесе эйелдер.
Қылмыстық кодекстің 121-бабының 2, 3 жэне 4-тармактарында
осы қылмыстың ауырлататын
жэне өте ауырлататын түрлері үшін жауаптылык белгіленген. Бұлардың мазмұнын Қылмыстық
кодекстің 120-бабының 2, 3 жэне 4-тармақтарында көрсетілген қылмыс кұрамдарын талдағанда
ашып көрсеткенбіз, осыған орай оған екінші рет тоқталып жатпаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: