Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет185/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

тартуга жазаланады. 
2. 
Көпшілік алдында немесе бүқаралық ақпарат қүралдарын немесе ақпараттық- 
коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалган дәл сол іс-әрекет - 
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салуга не сол мөлшерде 
түзеу жүмыстарына не бір жүз сексен сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жүмыстарга 
тартуга жазаланады. 
Қылмыстың тікелей объектісі - адамдардың ар-намысы, қадір-қасиеті, беделі. 
Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам. 
Объективтік жағынан қорлау, ягни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде 
кемсіту арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың объективтік жагының міндетті белгілерінің бірі 
адамның ар-намысы мен қадір-касиетін әдепсіз түрде кемсіту болып табылады. Кемсітудің тәсілі сан 
алуан болуы мүмкін: ауызша, жазбаша, орекет арқылы. Әдепсіз түрде кемсітуге моральга, 
адамгершілікке жатпайтын әдепсіз сөздермен, жаман, теріс кимылдар көрсетумен немесе бетіне 
түкірумен, ұрумен, балагат сөздермен тілдеу сияқты әрекеттер жатады. Мүндай қорлау әрекеттері 
нақты адам немесе бір топ адамға қатысты орын алуы мүмкін. 
Қылмыс құрамы формальдық, ол жәбірленушіні қорлайтын орекеттер орын алған сәттен бастап 
аяқталған деп танылады. 
Субъективтік жагынан алғанда қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам бөтен 
адамның ар-намысын, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетінін сезеді және оны жүзеге асыруды 
тілейді. 
Қылмыстың субъектісі - І6-га толган адам. 
Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бүқаралық ақпарат 
құралдарында қорлау - осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (131 -баптың 2-
тармагы). Қылмыстың ауырлататын бұл түрлерінің мазмұны жала жабу (130-бап) құрамының 
ауырлататын түріне ұқсас. 
§7. Жыныстық кылмыстык кукык бұзушылықіар 
Қазақстан Республикасы Жоғаргы Сотының 2007 жылгы 11 мамырдағы «Зор- лау және озге де 
нәпсіқұмарлық сипаттагы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір 
моселелері туралы № 4 нормативтік қаулысында атап көрсетілгендей жыныстық қылмыстардың 
қогамга қауіптілігі өте зор және ол кең өріс алган қылмыстардың бірі. Оның қогамға кауіптілігі сол 
мұндай қылмыстарды істеу азаматтардың заң қорғайтын жыныстық бостандыгына және жыныстық 
бостандыгына қол сұғылмаушылыққа касақана қол сұгу арқылы, оларга моральдық, рухани, 
адамгер- шілік тұргысынан зиян келтіре отырып, жеке тұлгалардың өмірі мен денсаулыгына зор 
катер тугызады. 
Бұл тұрғыда қылмыстардың топтық объектісі жеке тұлгалардың жыныстык бостандығын
жыныстык бостандыққа қол сұғушылықты реттейтін қоғамдык қатынастардың жиынтығы болып 
табылады. Қылмыстын тікелей объектісі - жыныстык бостандыктың, жыныстык бостандықка қол 
сұғылмаушылыктың жекелеген салалары болып табылады. 
Объективтік жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстардың барлығы белсенді эрекет аркылы жүзеге 
асырылады. Зандылық құрылысы жөнінен бұл қылмыстар (зорлаудың ауырлата- тын түрінен 
басқалары) формальдық кұрамға жатады. 
Субъективтік жағынан осы топка жататын қылмыстар тікелей қасақаналыкпен жүзеге 
асырылады. 


289 
Қылмыстың субъектісі - накты қылмыс құрамының ерекшеліктеріне байланысты 14, 16 немесе 
18-ге толған кез келген ер немесе эйел жынысты адамдар болады. Зорлаудың (120-бап) субъектісі 
тек ер жынысты адам болады. Енді осы топка кіретін жекелеген құрамдарға талдау жасайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет