Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады



Pdf көрінісі
бет270/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
4. 
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер 
оларды: 
1) 
қылмыстық топ жасаса; 
2) 
аса ірі мөлшерде жасалса - 
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен ай- налысу 


375
 
құқыгынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он екі жылға дейінгі 
мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Иеленіп алу немесе талан-тараж ету - кінэлі адамга тапсырылган бөтен мүлікті жымкыруга 
салудың бір нысаны болып табылады. 
Қылмыстың объективтік жагы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе талан- таражга 
салу белгілерімен сипатталады. Осыған байланысты бұл жерде жымқырудың екі нысаны: иеленіп 
алу немесе талан-таражға салу ету құрамдары туралы сөз болып отыр. 
Иеленіп алу дегеніміз кінэлінің өзіне сеніп тапсырылган бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына 
заңсыз айналдыруы мақсатымен оган заңсыз иелік етуі болып табылады. Мұндай ретте иеленген 
мүлік кінэлінің билігінде болады. Ол меншік иесіне негізсіз қайтарылмайды немесе бөтен адамға 
берілмейді. 
Мүліктің жоғалуы, іріп-шіріп кету, жойылуы, баска адамның ұрлауы нәтижесіндс меншік иесіне 
қайтарылмаса, онда бұл иеленіп кетуге жатпайды. 
Иеленіп кетуді бөтеннің мүлкін уақытша пайдалана тұрумен шатастыруга болмайды. Егер өзіне 
мүлік сеніп тапсырылган адам оны заңсыз пайдалана отырып, оны заңды иесі- не кайтаруға немесе 
оның құнын төлеуге деген ниетте болса, онда оның әрекеті иеленіп кету емес, нақты жағдайларга 
карай Қылмыстык кодекстің 250 немесе 389-баптарымен саралануы мүмкін. 
Талан-тараж етуге кінәлі адамның өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті заңсыз және тегін 
өзінін пайдалануы немесе баска біреуге беруі, сыйлауы, сатуы, карызга беруі және т.б. әрекеттері 
жатады. 
Сеніп тапсырылган бөтен мүлікті иелену мен талан-таражға салудың етудің не- гізгі 
айырмашылықтары мынадай: сеніп тапсырылган бөтен мүлікті иеленуде кінәлі адам бөтеннің мүлкін 
жөнсіз, негізсіз, заңга кайшы әрекеттермен ұстап тұрады, иесіне қайтармайды, ал талан-таражға 
етуге осы аталган мүлікті әр түрлі жолмен талан-таражга салуы, пайдаланып кетуі, шашылып-
төгілуі, рәсуә болуы, тегін немесе ақысын алып та- рату жатады. 
Иеленіп алу мен талан-таражға салудың етудің ортақ белгісі: екі қылмыстық құқық бұзушылық 
кұрамы бойынша да кінәлі адамга мүлік уакытша сеніп тапсырылады; мүлікті талан-тараж жасау 
үшін бұл ретте кінэлі адамдар өздеріне берілген мүлікке иеліктерді қылмыстық құкық бұзушылық 
әрекетке пайдаланады. 
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналык нысаны арқылы сипаттала- ды. Кінәлі адам 
өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленетінін немесе ысырап ететінін сезеді және өз әрекеті 
аркылы меншік иесіне мүліктік залал келтіргенін күні бұрын біледі және сондай залалдың болуын 
тілейді. Бұл жерде кінэлі адам пайдакүнемдік ниетті басшылыққа ала отырып, заңсыз бөтеннің мүлкі 
есебінен пайда табу мақсатын да көздейді. 
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың субъектісі болып арнаулы субъект - талан-таражға түскен 
мүлік өзіне заң, шарт, келісімшарт негізінде немесе кызметтік жагдайына байла- нысты сеніп 
тапсырылган мүлікке құзыретті адам танылады. 
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салудың құрамының 
ауырлататын (189-баптың 2, 3-тармағы) және аса ауырлататын түрлері (189-баптың 4-тармагы) 
алаяқтыктың (190-бап) ауырлататын жэне аса ауырлататын кұрамдары белгісімен ұксас, соларға сай 
келеді, Сондықтан осы құрамдағы белгілердің мэнін қайталап ашып көрсетудің қажеті жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет