Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет273/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

жазаланады. 
Қарақшыл ық- жымқыруға салудың ең қауіпті түрі болып табылады. Қылмыстык занда 
«қарақшылық, яғни бөтен мүлікті жымкырудың максатында шабуыл жасауға үшыраған адамның 
өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш колдану мен қатерін 
төндірумен күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жа- сау» деп (192-бап) анықталған. 
Қарақшылықтың қауіптілігі бөтеннің меншігіне қол сұғумен бірге, осы қол сұғудың өте қауіпті 
тәсілі - шабуыл жасауға ұшыраган адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе 
тікелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқанында болып табылады. Қылмыстық құкық 
бұзушылықтың бұл түрінің қогамға қауіптілігінің көтеріңкі жагдайы оның екі бірдей объектісі - 
меншікке жэне адамның өмірі мен денсаулығына бір мезетте қылмыстық құқық бұзушылық қол 
сұғуы арқылы сипатталады. 
Қарақшылықтың объективтік жағы адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен 


379
 
немесе тікелей осындай күш колданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы 
белгіленеді. Осыган орай қарақшылықтың объективтік жағы негізінен екі әрекет арқылы: шабуыл 
жасау жэне күш көрсету арқылы жүзеге асырылады. 
Шабуыл жасау деп кінэлі адамның жәбірленушіге кенеттен, оның қарсылығын той- тару 
мақсатында өте үрдіс түрде күш қолдануы болып табылады. Шабуылга ашык түрде жасалған зорлық 
әрекеттерінен бөтен жәбірленушіні ту сыртынан ұру, тасада тұрып оған оқ ату, жәбірленушінің 
өміріне, денсаулығына қауіп келтіретін жағдайда оған қатты әсер ететін, уландыратын немесе 
жындандыратын нэрселер беру арқылы оны есеңгірететін жағдайға келтіру сияқты әрекеттер 
жатады. 
Адамның өмірі мен денсаулыгына қауіпті күш көрсету, жәбірленушінің денсаулығына қасакана 
ауыр зиян келтіру (106-бап), орташа ауырлықтағы зиян келтіру (Ю7-бап) не- месе денсаулықтың 
қысқа уақытқа бұзылуының немесе еңбек кабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеліп 
соққан зиян келтіру (108-бап), сондай-ақ жэбірленушінің өміріне тікелей қауіп тудырған басқадай 
күш қолданулар жатады. 
Өмірге, денсаулыкка қауіпті күш колдануға адамның тыныс жолдарын бекіту, биік- тен жерге 
тастау, жүріп бара жаткан немесе тұрған көліктен итеріп жіберу немесе жәбірленушіні уландыратын 
немесе оның нерв жүйесіне қатты эсер ететін нэрселер қолдану жатады. Күш қолданудың осы 
түрлерін қолданудың өзі жәбірленушінің денсаулығына ешқандай зиян келтірілмегеніне қарамастан 
қарақшылық эрекеті ретінде сараланады. 
Қарақшылықтың құрамын күш қолданумен бірге адамнын өмірі мен денсаулыгына қауіпті күш 
қолдану қатерін төндірумен үштасқан деп қорқытумен де ұштасқан эрекеттер күрайды. Мүндай 
ретте корқыту шын мэнінде адамның өмірі мен денсаулыгына қауіпті болуы және қарсыласқан 
жагдайда ол қорқытудың нақты іс жүзіне асатынына жәбірленушінің ешбір күмэні болмауы керек. 
Қарақшылықтагы күш қолдану бөтеннің мүлкіне иелік етудің қүралы болып табы- лады. 
Сондықтан да күш қолдану иелік етуден бұрын жүзеге асырылады. Егер кінэлі адам бөтеннің мүлкін 
жасырын түрде ұрлауды жүзеге асыру барысында меншік иесінің немесе өзге де адамдардың 
карсылығына тап болып күш қолданса, онда оның әрекеті қаракшылық ретінде сараланады. Егер 
кінэлі адам бөтеннің мүлкін жасырын ұрлап, бірақ қылмыс істеген жерде көзге түсіп қалып, қашып 
құтылу мақсатымен жэбірлеушіге күш қолданса, онда оның әрекеті қарақшылық емес, ұрлық және 
жеке адамга қарсы қылмыстық кұкык бұзушылық ретінде сараланады. 
Қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап, оның бөтеннің мүлкіне иелік жасағанына 
немесе жасамағанына қарамастан аяқталды деп саналады. Сондықтан да қарақшылық қүрамы заңда 
формальдық қүрам ретінде қарастырылған. 
Қарақшылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне пайдакүнемдік мақсатпен 
сипатталады. 
Қарақшылықтың субъектісі болып 14-ке толған есі дұрыс кез келген адам танылады. 
Қарақшылық кұрамының ауырлататын түрлері болып: 
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; 
б) бірнеше рет; 
в) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған; 
г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған; 
д) 
денсаулыққа ауыр зиян келтірумен жасалған қарақшылык танылады (192-баптың 
2- 
тармағы). 
Осы 192-баптың 2-тармағында көрсетілген алдыңғы үш ауырлататын белгілер үрлықта немесе 
тонауда айтылған ауырлататын белгілермен мэні бірдей. Бұл жерде қару немесе қару ретінде 
пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған қарақшылыққа ғана тэн әрекеттердің мэнін ашу 
қажет. 


380
 
Бүл жерде қылмыстың қүралы: а) қару; б) қару емес, бірақ қару ретінде пайдаланыла- тын заттар 
болып табылады. 
Қаруға атылатын және суық карулар жатады. Атылатын қаруға тапанша, автомат, пуле- мет, 
гранотомет, мылтық, гранат, мина жэне басқа жарылатын заттар жатады. Аңшылык мылтығы, газ 
пистолеті жэне баллондары каруга жатпайды, бірақ қарақшылық істеуде қару ретінде 
пайдаланылғанда осы құрамның ауырлататын түрін қүрайды. 
Қару ретінде пайдаланылатын заттарга жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына кауіп 
туғызатын, соның көмегімен олардың өмірін жоятын, оларга дене жарақатын келтіретін кез келген 
заттар жатады. Мысалы, балта, тас, балға, отвертка, лом темір, шоқпар, пышақ, ұстара жэне т.б. Осы 
заттардың алдын ала қарақшылық қылмыстық қүқық бүзушылык үшін істеуге бейімделуі немесе 
қылмыс болған жерден кездейсоқ табылып, кінэлінін пайдалануы қылмыстық құкық бұзушылыкты 
саралауға ешбір әсер етпейді. Ең басты- сы осы көрсетілген заттар қаракшылыкта жэбірленушінің 
омірі мен денсаулығына кауіп келтіретін кару ретінде қолданылуы қажет. 
Қаруды немесе басқа заттарды қолдану деп кінәлінің оны адамның денсаулығына зиян келтіру 
үшін шын мәнінде пайдалануы немесе шабуыл барысында оны дереу қолданбакшы болып 
қоркытатын әрекеттерді істеуі болып табылады. 
Іске жарамсыз карумен немесе қарудың макеті аркылы жәбірленушіге оның өмірі мен 
денсаулыгына қауіпті дене жарақатын салу ниетінсіз коркыту қару колданган каракшылык деп 
саналмайды. Біракта, жэбірленуші мұндай эрекетті өз өмірі мен денсаулыгына накты қауіп тудырды 
деп санағандыктан, мұндай шабуыл Қылмыстык кодекстің 192-бабының 1-тармағы бойынша 
сараланады. 
Қарақшылықта кару қолданып шабуыл жасаган адам заң бойынша белгіленген тэртіппен каруды 
алып жүруге тиісті рұксаты жоқ болса, онда оның әрекеті кылмыстык кұқық бұзушылыктардың 
жиынтыгы бойынша Қылмыстық кодекстің 192 жэне 287-бап- тарымен саралануга жатады. 
Денсаулыққа ауыр әсер келтірумен ұштасқан каракшылык деп, меншік иесіне меншіктің өзге де 
иеленушісіне немесе басқа адамдарға мүлікке байланысты олардың қарсылығын жою мақсатымен 
Қылмыстык кодекстің 106-бабында тізбектелген жарақаттардың бірін келтіруді айтамыз. Мұндай 
ретте кінәлінің әрекеті Қылмыстык кодекстің 192-бабымен тікелей сараланады. 106-баппен косымша 
саралануға жатпайды. 
Егер карақшылықпен шабуыл жасау нэтижесінде адамның өміріне қасакана қол сұғылатын 
болса, онда кінэлінің іс-әрекеті қарақшылык құрамы шегінен шыгыгі ке- теді. Мұндай ретте 
жәбірленушіге қаза келтіру қосымша саралауды кажет етеді. Қарақшылыкпен шабуыл жасау кезінде 
адам өлтіру орын алса, онда кінэлінің әрекеті қарақшылық құрамымен қоса пайдакүнемдікпен адам 
өлтіру (99-баптың 2-тармағының «1» тармақшасы) құрамымен косымша сараланады. Егер кінэлінің 
ниеті жэбірленушінін денсаулығына ауыр зиян келтірумен ғана шектеліп, оның адам өлтіруге деген 
ниеті аныкталмаса, бірак денсаулыққа осындай ауыр зиян келтіруден абайсызда жәбірлену- шінің 
өлімі орын алса онда оның әрекеті Қылмыстык кодекстің 179-бабының 
3- 
тармагының «1» тармакшасы бойынша сараланады. 
Мынадай: 
1) денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқкан; 
2) 
ірі мөлшердегі мүлікті жымқыру максатында жасалган қарақшылық (192-баптың 
3- 
бөлігі) қарақшылықтың ауыр түріне, ал 1) қылмыстық топ жасаса; 2) аса ірі мөлшерде жасалса 
(ҚҚ-тің 192-бабы 4-тармағы) аса ауыр түріне жатады. 
Осы белгілердің біріншісінің және соңғысының мазмұны талан-таражга салудың басқа 
нысандарындағы осындай белгілермен бірдей. 
Осы белгілердің ішіндегі денсаулыққа ауыр зиян келтіру мен мүлікті ірі мөлшерде талан-
таражға салу мақсатындағы қаракшылық кұрамдарының өзіндік ерекшеліктері бар. 
Мүлікті ірі мөлшерде талан-таражга салу мақсатындағы қарақшылық кұрамдарының өзіндік 


381
 
ерекшеліктері бар. 
Мүлікті ірі мөлшерде талан-таражга салу мақсатында жасалған карақшылықта кінәлі адамның 
құны айлык есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүлкін нақты иеле- нуі шарт емес. 
Өйткені қаракшылықтың ауырлататын немесе аса ауырлататын түрлері де оның негізгі құрамы 
сияқты формальдык құрамга жатады, осыған орай бұл жерде кінэлі адамның ниетінің ірі мөлшердегі 
мүлікті иемдену мақсатында шабуыл жасауын анықгау гана жеткілікті. 
Қаракшылықты қорқытып алушылық құрамынан (194-бап) ажырата білу керек. Қарақшылық 
жасаганда қылмыстык құкық бұзушылыктың заты болып тек мүлік, ал қорқытып алушылықта - 
мүлік, мүлікке құқық, мүліктік сипаттагы баска да эрекеттер жатады. Қаракшылықта күш колдану 
немесе колданамын деп коркыту орын алады, ал 
корқытып алушылықтың негізгі құралы қорқыту арқылы ғана жүзеге асырылады, күш қолдану 
қорқытып алушылықтыңауырлататын қүрамына ғана жатады. Қарақшылықтағы коркытутекқанакүш 
колданамындепқорқытуменшектеледі,ал қорқытыпалушылықтағы қорқытудың шеңбері одан кеңдеу 
(масқаралайтын мәліметтерді таратумен, мүлікті жою немесе бүлдірумен қорқыту сиякты эрекеттер). 
Қарақшылықта мүлікті беруді талап ету шабуыл жасаған уақытпен сайма-сай келеді, ал 
қорқытып алушылықта мүлікті болашақта беруді талап етеді, қарақшылықтағы күш қолдану өмірге 
және денсаулыққа қауіпті болады, ал қорқытып алушылықта - кінәлі адам кез келген күш 
қолдануды, оның ішінде қауіпсізін де қолдануға күқы бар. Қарақшылык шабуыл жасаган уақыттан 
бастап аяқталган деп саналады, ал қорқытып алушылықбөтен мүлікті немесе мүлікке қүкықты 
беруді немесе мүліктік сипаттагы басқа да іс-эрекеттерді жасауды талап еткен кезде аяқталған деп 
саналады. Қаракшылык бандитизммен (268- бап) мынадай белгілер бойынша ажыратылады. 
Қарақшылықтың тікелей объектісі болып меншік қатынастары саналса, бандитизмнің тікелей 
объектісіне коғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қатынастар жатады. 
Қарақшылық жеке орындаушылар немесе адамдар тобы арқылы жасалуы мүмкін, банда 
күрамының міндетті белгісі үйымдасқан топ болады. Қаракшылык күрамындағы адамдар тобы 
қылмыстың ауырлататын түрі болып саналады, ал бандитизмде үйымдасқан жэне түрақты топ 
қылмыстык қүқық бүзушылықтың күрамының негізгі белгісі болып табылады. Қарақшылық кару 
қолданылып немесе қарусыз жүзеге асырылуы мүмкін, ал бандитизмнің міндетті белгісі - топтың 
мүшесінің ең болмағанда біреуінің қарулануы болып табылады. Бандитизм құрамындағы қаруға 
адамды немесе басқа нәрселерді жарақаттауға бейімделген заттар жатса, қарақшылықтағы қару 
қолдану деп заңда көрсетілген кару түрлерімен қоса қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды 
айтамыз. Қаракшылык кұрылысы жағынан формальдық құрамға жатады. Сондықтан да ол ша- буыл 
жасау сәтінде-ақ аякталған деп саналады. Бандитизм - келте қылмыстық қүқық бұзушылық 
қүрамына жатады, ол бандыны ұйымдастыру сәтінде-ақ аяқталған қылмыстық қүқық бұзушылық 
құрамы деп танылады. Бүл қылмыстық күқык бүзушылықтың қүрамдары мақсатына байланысты да 
ажыратылады. Қарақшылық тек пайдакүнемдік мақсатпен жасалады, ал банда азаматтарға немесе 
ұйымдарға шабуыл жасау максатында пайдакүнемдік немесе басқадай максаттармен жасалады. 
Қаракшылыктың субъектісі 14-ке толған, ал бандитизмнің субъектісі 16-ға толған адам болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет