376
1)
жәбірленушінің өміріне немесе денсаулыгына қауіпті емес күш қолданып не осындай күш
қолдану қатерін төндіріп;
2)
бірнеше рет;
3)
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
4)
тургын, қызметтік, өндірістік үй-жайга не қоймага заңсыз кіріп жасалган тонау -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге
не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
3.
Ірі мөлшерде жасалган тонау
-
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга
жазаланады.
4.
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер
оларды:
1)
қылмыстық топ жасаса;
2)
аса ірі мөлшерде жасалса -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга
жазаланады.
Ұрлыққа, алаяқтыққа, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан- таражға етуге
қараганда тонау жымқыруға жататын қылмыс нысандарының қауіпті түрі болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 191-бабында «тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру деп»
көрсетілген.
Тонаудың тікелей объектісі болып бөтеннің мүлкіне кол сүғу болып табылады. Соны- мен бірге
тонау көп объектілі кылмыска жатады. Сондықтан да оның қосымша тікелей объектісі болып жеке
адамның денсаулығы, бостандығы да жатады.
Тонау объективтік жағынан белсенді әрекет күйінде бөтеннің мүлкін ашыктан ашык жымқыру
салу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да тонаудың объективтік жағынын ерекшелігі -
қылмыстың істелу тәсіліне, кінэлінің бөтеннің мүлкін ашыктан ашық жымқыруға салуымен
ерекшеленеді.
Ашықтан-ашык жымқыру деп танылу үшін біріншіден меншік иесі немесе өзге де ие- ленуші,
сондай-ақ басқа да адамдар кінәлінің құқыққа қайшы әрекеттерін коріп тұрумен бірге оның
қылмыстық мәнін сезінуі қажет, екіншіден кінәлі адам осы жағдайларды сезіп, көріп түра отырып,
соған карамастан қылмысты эрекет істеуі кажет.
Егер кінәлі адам жымқыруды жасырын түрде жүзеге асыру ниетінде болып,
бірак қылмыстық
кұқық бүзушылықты істеу кезінде көзге түсіп қалса, соған қарамастан ол өз әрекетін ары қарай
жалғастырса, онда оның істеген әрекетін тонау деп бағалау керек. Мүндай ретте, яғни ұрлықтың
тонауға ұласып кетуі - мүлікке толық иелік еткенге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.
Тонаудын жиі кездесетін түрі ботеннің мүлкін жәбірленушінің көзінше оған күш қолдану
ниетінсіз тартып алып кашу болып табылады. Тонау бөтеннің мүлкіне иелік ету- мен бірге оган
өзінің қалауынша толық билік жүргізу мүмкіндігін алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Бөтеннің мүлкін ашықтан ашык иеленуге бағытталған, бірак толық іске аспаған әрекет тонауға
оқталғандык деп танылады.
Бөтеннің мүлкін касаканалыкпен немесе бүзакылық ниетпен бүлдіру, я болмаса осы мүлікке
өзінің нақты немесе болжамалы күкығын өз бетінше жүзеге
асыру максатымен, сондай-ақ оған
уақытша пайдалану ниетімен иелік ету тонау деп карастырылмайды, мұндай реттерде кінәлінің
әрекеті істің накты жағдайларына қарай Қылмыстық кодекстің 202, 293, 389-баптары бойынша
саралануы мүмкін.
Тонаудың субъектісі болып — 178-баптың 2,3, 4-бөліктері бойынша 14-ке толған, ал осы баптың
бірінші бөлігі бойынша 16-ға толған есі дүрыс адам саналады.
Субъективтік жағынан тонау тікелей касаналықпен және пайдакүнемдік максатпен сипатталады.
Тонаудың ауырлататын түріне:
1) жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына кауіпті емес күш қолданумен, не осындай күш
377
қолдану қатерін төндіріп;
2) бірнеше рет;
3) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
4) түрғын, кызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау; (191-бап,
2-бөлігі).
аса ауырлататын түріне:
б) ірі мөлшерде жасалған тонау жатады (191-бап, 3-бөлігі).
Осы
баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса ірі мөлшерде жасалса, (191-баптың 4-бөлігі) тонаудың аса ауырлататын түріне жатады.
Тонаудың ауырлататын немесе аса ауырлататын түрлері үрлықтың (188-бап) осы тұрғыдағы
түрлерімен ұқсас. Бірақ тонаудың ауырлататын мына түрлерінің - жәбірленушінің өмірі мен
денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен не осындай күш қолдану катерін төндіру арқылы;
адамдар тобының сөз байласуы бойынша; түрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не коймаға заңсыз
кірумен жасалған тонаудың ұрлықтың осындай ауырлататын түрлерінен өзіндік өзгешелігі бар
екенін айтқан жөн.
Тонаудың ауырлататын түрі - жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына кауіпті емес күш қолдану
не осындай күш қолдану қатерін төндіру болып табылады (191-баптың
2-
тармағының «1» тармақшасы). Бұл ауырлататын белгіні дүрыс қолдану үшін мынадай үш
мән-жайды еске алу керек: біріншіден - жаңа Қылмыстық кодексте күш қолданумен бірге күш
қолдану қатерін төндіруді ауырлататын түр ретінде көрсеткен. Бұл жерде күш қолдану дегеніміз
жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес түрде қол тигізу арқылы Қылмыстық кодекстің
108-бабына жатпайтын болмашы
жаракат салу, тырнау, дақ түсіру болып табылады.
Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес түрде күш қолданамын деп қорқытуына -
кінәлінің сөз жүзінде немесе ым көрсету аркылы жәбірленушінің немесе баска адамдардың
қарсылығын жоюға бағытталған іс-әрекеттерін жатқызамыз. Мүндай корқытулар накты жағдайларға
байланысты эр түрлі болып келеді, оны істің нақты мэн- жайына карай тергеу, сот органдары
аныктайды.
Екіншіден: тонауда күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру коркыту кінэлінің
пікірінше тонауға нақты бөгет келтіреді-ау деп жорамалданған меншік иесіне,
өзге де иеленушіге
немесе баска да адамдарга қарсы бағытталады.
Үшіншіден: тонау арқылы күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру өзінің мэні жөнінен
адамның өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайды.
Тонауға байланысты күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру бөтеннің мүлкін алу
немесе оны үстап тұру мақсатымен істеледі. Осыған орай егер кінэлі адам мүлікке күш қолданбастан
ашықтан ашық иелік етсе, бірақ өзін үстау барысында қарсыласып күш қолданса, онда оның әрекеті
күш қолданумен үштасқан тонауға жатпайды. Кінәлі адам мүндай ретте жэй тонағаны үшін (191-
баптың 1-тармағы) және жеке адамға қарсы қылмыс істегені үшін жауапка тартылады.
Тонаудың ауырлататын түрі - адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қылмыс істеу
құрамында ұрлықтағы осыған ұқсас құрамға қарағанда өзгешелігі бар. Бүл жерде адамдар тобы
алдын ала тонау қүрамын істеу туралы сөз байласады, сондықтан да осы қылмысты істеуге
қатысқандардың барлығы да осы қылмыс құрамының (бірге) орындаушылары болып табылады.
Тонаудың тағы бір ауырлататын түрі — тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға
заңсыз кірумен жасалған қылмыс күрамы болып табылады. Мүндай ретте кінэлі адам тұрғын,
қызметтік, өндірістік үй-жайга не
қоймаға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін тек кана ашықтан-ашық
талан-таражга салу ниетін басшылыққа алады. То- науды оған үқсас қылмыс құрамдарынан ажырата
білу керек. Тонау ұрлықтан мүлікті алу тәсіліне байланысты ажыратылады. Тонау мүлікті ашықтан-
ашық алса, үрлықта ол жасырын жүзеге асырылады. Тонау мен қарақшылық бір-бірінен біріншіден
378
күш қолдану мэніне байланысты ажыратылады. Тонау күш қолданбау арқылы да істеледі, ал
қарақшылықтың объективтік жагының міндетті белгісі күш қолдану болып табыла- ды. Сондай-ақ
тонаудағы күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру адамның өмірі мен денсаулығына
қауіпті емес, ал қарақшылықтағы күш қолдану эрдайым қауіпті. Тонаудың құрамы материалдық
құрамға жатады, ал қарақшылық формальдық қылмыстық күқық бүзушылық құрамына жатады.
Яғни қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап зардаптың болған болмағанына қарамастан
аяқталған қылмыс деп та- нылады. Тонау мен қорқытып алушылық
құрамдарының да озара
өзгешелігі бар. Тонауға күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту бөтеннің мүлкіне иелік
ету немесе оны үстап тұру үшін қолданылады. Ал коркытып алушылықта қорқыту кылмыскердің
қойған талаптарының жәбірленушінің тез орындауына бағытталған қорқыту қүралы бо- лып
табылады. Тонауда қорқыту және мүлікке иелік ету бір мезгілде жүзеге асырылады, ал корқытып
алушылықта бөтен мүлікті немесе мүлікке қүқықты беруді қорқыту арқылы талап ету болашақтың
ісі болып табылады.
Тонауды бүзақылықтан ажырата білген жөн. Тонауда бөтеннің мүлкі кінәлінің пай- дасына
ашықтан-ашық тегін алынады, ал бұзақылықта меншікке қол сүғу
бұзақылык ниетпен бөтеннің
мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: