Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


жеті жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады



Pdf көрінісі
бет268/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

жеті жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
4. 
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер 
оларды: 
1) 
қылмыстық топ жасаса;



373
 
2) 
аса ірі мөлшерде жасалса, - 
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айна- лысу 
қүқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылга дейінгі мерзімге 
бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Нарықтық экономика жагдайына жэне кәсіпкерлік қызметтің кең өрістеуіне байла- нысты талан-
тараждың ең көп тараған нысаны алаяқтык болып табылады. 
Қылмыстық заңда «Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс 
пайдалану жолымен бөтен мүлікке күқықты иемдену» - деп көрсетілген (ҚК-тің 177-бабы). 
Алаяқтың заты бөтеннің мүлкі немесе бөтен мүлікке қүқық алу болып табылады. 
Объективтік жағынан алаяқтык бөтен мүлікті жымқыруға салу немесе бөтен мүлікке қүқықты 
алу заңда көрсетілген екі тэсіл арқылы: алдау немесе сенімге киянат жасаумен жүзеге асырылады. 
Осы қылмыстық кұкықбүзушылықты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге оған сеніп өз 
қолымен тапсырады. Алданып немесе сеніп калған меншік иесі немесе өзге де заңды иеленуші 
қылмыскерге мүлкін немесе мүлкіне қүкықты өз еркімен тапсырады. 
Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бүрмалап, жалған 
хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған қүжаттар көрсету аркылы өзін қүкық корғау органының 
кызметкері етіп көрсету, эр түрлі келісімдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы 
жөнінде көрінеу шатастыру, жалған сенім хаттар көрсетіп, басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе 
мүлікке құқықты алу, осындай әдіспен біреудің үйін, көлігін жэне басқа мүлкін сатып, айырбастап 
жіберу, т.б. болып табылады. Мүндай реттер- де жасаған қүжаттарды пайдалану алдаудың бір тәсілі 
болып табылғандықтан кінэлінің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 385-бабымен қосымша саралануға 
жатпайды. Алаяқтың жалган қүжаттарды пайдалануы көп реттерде заңсыз зейнетақыны, 
жәрдемақыны, басқа да төлемдерді алуда жиі пайдаланылады. Кінэлі адам осы қүжаттарды пайдала- 
ну арқылы алаяктыкпен алдауда өзінің жасы, денсаулык жағдайы, еңбек стажы, орташа айлық, 
жылдық табысы туралы жалган мәліметтер енгізеді. Мүндай реттерде жалған қүжаттарды кінәлінің 
өзі жасаса, онда оның әрекеті қосымша Қылмыстык кодекстің 385-бабымен саралануға жатады. 
Алаяктыктың екінші бір тәсілі - сенімге қиянат жасау болып табылады. Сенімге қиянат жасау 
деп кінэлі адамның меншік иесімен немесе мүліктің өзге де заңды иеленушісімен пайда болған әр 
түрлі сенімге негіз боларлық катынастарды пайдалану арқылы олардың мүлкін заңсыз иеленуі 
немесе иеленуге қүқық алуы болып табылады. Мысалы, кінэлі адамның эр түрлі азаматтық-
қүкықтық келісімдерді пайдалануы: тұрмыстық прокат шар- ты, сауда-саттыққа қарыз берушілер, 
белгілі бір жүмысты істеуге, бағып-қагуға міндет- темелік шарттар болып табылады. Осындай 
сенімге ие болу арқылы олар жәбірленушіге карсы алаяқтық әрекеттер істейді. 
Алаяқтың қүрамы - материалдық. Оның субъективтік жагының міндетті белгілерінің бірі 
қылмыстың зардабы — меншік иесіне мүліктік залал келтіру болып табылады. Бүл қылмыстық 
қүқық бұзушылық кінэлі адамның иелігіне мүліктің заңсыз өтуіне байла- нысты немесе кінэлінің 
жәбірленушінің мүлкіне заңсыз кұқык алған уакытынан бастап аяқталған деп сараланады. 
Субъективтік жағынан алаяқтык тек кана тікелей қасақаналықпен істеледі жэне қылмыстық 
құқық бүзушылық пайдакүнемдік ниет жэне мақсатпен орындалады. Бұл қылмыстың субъектісі де 
үрлык субъектісімен (188-бап) бірдей:


374
 
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; 
2) бірнеше рет; 
3) қызмет бабын пайдаланып
4) ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолы- мен; 
5) мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтык - осы қылмыстың ауырлата- тын түрі 
болып табылады. 
1) ірі мөлшерде; 
2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған тсңестірілген адам не 
лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтык, егер ол 
өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса; 
3) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық - алаяқтықтың аса ауыр- лататын 
түрі болып табылады. 
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші боліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 
1) қылмыстык топ жасаса; 
2) аса ірі мөлшерде жасалса, - алаяқтықтың ерекше ауырлататын түрлеріне жатады (ҚК-тің 190-
бабы, 4-бөлігі). 
Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-тармағының «1» жэне «2» тармақшаларының мазмүны 
үрлықтың(188-бабы)ауырлататынтүріндекөрсетілгеносыганүқсасүгымдармен бірдей, қызмет бабын 
пайдаланып жасалған алаяқтық деп (188-бабы 3-тармағының «2» тармақшасы) мемлекеттік 
кызметтің немесе коммерциялық, өзге де үйымдардың басқару функциясын атқарған адамдардың 
кызмет бабын теріс пайдаланып, бөтеннің мүлкін ал- дау немесе сенімге киянат, жасау жолымен 
иеленуі немесе соған иелік етуге қүкык алуы болып табылады. 
Алаяқтықтың ерекше ауырлататын түрлері де (ҚК-тің 190-бабының 1-тармағы) үрлықтың аса 
ауырлататын түрлерімен (188-баптың 4-тармағы) бірдей, мазмүны да үксас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет