§5. Талан-тараждың белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар Жаңа қабылданған Қылмыстық кодексте талан-тараждың белгілері жоқ, меншік- ке қарсы
пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтардың үш түрі көрсетілген. Қорқытып алушылық
(194-бап); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (195-бап); көрінеу
қылмыстык жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу (196-бап).
194- 6 а п. Қорқытып алу 1. Қорқытып алушылық, ягни күш қолдану не бөтеннің мулкін жою немесе бүлдіру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді не жариялануы жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін езге де мәліметтерді тарату қатерін тендіріп бетеннің мүлкін немесе мүлікке қуқықты беруді немесе мүліктік сипаттагы басқа да әрекеттер жа- сауды талап ету — мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, төрт мың айлық есептік керсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мелшерде түзеу жумыстарына не төрт жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 2. Мынадай: 1) күш қолданып; 2) адамдар тобының алдын ала сез байласуымен; 3) бірнеше рет жасалган қорқытып алушылық - мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 3. Мынадай: 1)