Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


  Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің жалган банкноттары мен монеталарын



Pdf көрінісі
бет335/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

1. 
Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің жалган банкноттары мен монеталарын
мемлекеттік багалы қагаздарды немесе Қазақстан Республикасының өалютасындагы басқа 
да багалы қагаздарды не шетел валютасын немесе шетел валютасындагы багалы 
қагаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
2. 
Мынадай: 
1) 
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) 
бірнеше рет; 
3) 
ірі мөлшерде; 
4) 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтіп жасалган дәл 
сол іс-әрекеттер
 -
 
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-
әрекеттер
 -
 
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі Қазақстан Республикасының акша қаражат 
жүйелері болып табылады. 
Қылмыстық құқық бүзушылықтың заты - Қазакстан Республикасы Үлттық Банкінің 
банкноттары мен мәнеттері, мемлекеттік бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының 
валютасындағы басқа қағаздар, шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар. Бұлар 
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Валюталық реттеу туралы» заңымен 
реттеледі. 
Объективтік жағынан іс-әрекеттер мынадай екі нысан арқылы сипатталады: 
I) жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау; 2) жалған ақша мен бағалы қағаздарды 
сақтау; 3) жалған акша мен бағалы қагаздарды өткізу. Ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау 
толық немесе ішінара жүргізілуі мүмкін. Дайындау тәсілі қылмысты саралауға әсер етпейді. 
Дайындау әрекеттері қолдан немесе техника құралдарын пай- далану арқылы (баспаханалық 
тәсілмен, ротапринт, ксерокөшірме арқылы суреттерін қолдан жасау т.б.) жүзеге асырылады. 
Әрекетті Қылмыстық кодекстің 231-бабымен саралау үшін дайындалған акша немесе бағалы 
қағаздар осы аталған заттардың түпнұсқасымен - көлемі, түсі, нысаны, басқадай реквизиттері 
жөнінен бірдей, ұксас болуы кажет. Егер жалған акша немесе бағалы кағаз дөрекі эдістермен 
жасалып, оның түпнұсқасына көрінеу сай келмесе, нәтижесінде мұндай жалған дүниені жаппай 
таратуға мүмкіндік жойылса, онда кінәлінің әрекеті нақты жағдайларға байланысты алаяқтық 
ретінде саралануы мүмкін. Жалған ақша неме- се бағалы қағаздардың біреуін болса да дайындау осы 
кылмыстық кұқык бұзушылықтын аяқталғанын білдіреді. Жалған акша немесе бағалы қағаздарды 
айналымға шығару оны өткізу деп танылады. Сақтау деп дайындалған жалған ақша мен бағалы 
қағаздарды өткізгенге дейін өз иелігінде ұстап тұруды айтамыз. 
Өткізу - жалған ақша немесе бағалы қағаздарды төлем кұралы ретінде пайдалану, айырбастау, 
сыйға беру, атқарылған жұмыс немесе қызмет көрсету ақысы ретінде төлеу әрекеттерін жүзеге 
асыру арқылы көрініс табуы мүмкін. Осы көрсетілген әрекеттердін біреуін істеу арқылы жалған 
ақша немесе бағалы қагаздардың біреуін өткізсе қылмыстык құқық бұзушылык аяқталған деп 
табылады. 


431
 
Қылмыстық құқык бұзушылық тікелей қасақаналықпен жэне арнаулы мақсатпен істе- леді. 
Кінэлі адам жалган акша немесе бағалы қагаздарды откізу мақсатымен жасағанын, сактағанын 
немесе оны өткізгенін біледі жэне осы әрекеттерді істеуді тілейді. 
Қылмыстык кұқық бұзушылықтың субъектісі - жалпы субъект. 16-ға толған, есі дұрыс кез 
келген адам. 
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың кодекстің 231 -бабының 2-тармагында қылмыстын 
ауырлататын белгілері: I) адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен; 2) бірнеше рет; 3) ірі 
мөлшерде жасалған әрекеттер; ал осы баптың 3-тармағында осы кылмыс кұрамының өте 
ауырлататын белгісі: жоғарыда көрсетілген эрекеттерді кылмыстык топ боп жасаған жағдайлар 
көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет