Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет355/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

247- 
6 а п. Заңсыз сыйақы алу 
1. 
Мемлекеттік органның не мемлекеттік уйымның мемлекеттік функцияларды 
орындауга у&кілеттік берілген адамы болып табылмайтын жумыскерінің немесе оган 
теңестірілген адамның, сол сияқты мемлекеттік емес үйымның басқару функцияларын 
орындамайтын жумыскерінің өз міндеттері аясына кіретін жумысты орындаганы немесе 
қызметтер көрсеткені ушін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік си- патта 
көрсетілетін қызметтерді заңсыз алуы - 
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуға не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жүз қырық сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга 
тартуга не жетпіс бес таулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
2. 
Бірнеше рет жасалган дәл сол іс-әрекет - 
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не үш жүз сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга тартуга не 
тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде кезделген, ірі мөлшерде сыйақы алу- мен 
байланысты не қорқытып алумен уштасқан іс-әрекеттер - 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір 
қызметпен айналысу қуқыгынан үш жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық 
есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына 
не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан 
айыруга жазаланады. 
Мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекеттік қызметтерді атқаруға 
уәкілетті адамы болып табылмайтын қызметшісінің немесе оган теңестірілген адамның, сондай-ак 
мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерін аткармайтын қызметкерінің өз міндеттері 
шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе кызмет көрсеткені үшін материалдык сыйакыны
жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттагы қызмет көрсетулерді заңсыз алуы, егер бұл эрекеттер 
қорқытып алумен байланысты болмаса, заңсыз сыйақы деп танылып, кінэлі адам Қылмыстық 
кодекстің 247-бабымен жауапқа тартылады. 
Қылмыстық кұкык бұзушылықтың тікелей объектісі - жұмысты орындау немесе қызмет көрсету 


454
 
сапасын реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстык кұқық бұзушылық объективтік жағынан 
әрекет арқылы — меншік нысанына карамастан мемлекеттік органның немесе мемлекеттік 
ұйымның мемлекеттік қызметтерді атқаруга уәкілетті адамы болып табылмайтын қызметшісі немесе 
оған теңестірілген адам болып табыл- майтын кызметкердің өз міндеттері шеңберіндегі жұмысты 
орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйакыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік 
сипаттагы қызмет көрсетуді заңсыз алу арқылы жүзеге асырылады. Заңсыз алу дегеніміз жұмыс 
немесе қызмет көрсетудің белгіленген бағасынан тыс ақы алуы немесе материалдык зат алуы я 
болмаса клиенттің есебінен басқа жеңілдіктерді көруі т.б. жатады. Мы- салы, шаштараздың қызмет 
көрсету ақысын асыра алуы, тоңазыткыш жөндегіштің жөндеу ақысына коса материалдык зат талап 
етуі, оқу орнында сырттай оқитын сагат жөндегіштің қызмет көрсеткені үшін ұстазынан жөндеу 
ақысын ала отырып, емтихан бағасын сұрамай-ақ қойдырып алуы т.б. әрекеттер. 
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы материалдық. Жэбірленушіге материалдык залал 
келтіріле отырып, заңсыз сыйақы алған уақыттан бастап қылмыс аякталған деп та- нылады. Заңсыз 
сыйақы алу қорқытып алумен байланыссыз болуы керек. Қоркытып алу- мен байланысты мұндай 
әрекет Қылмыстық кодекстің 194-бабымен саралануға жатады. 
Қылмыстык кұқық бұзушылык субъективтік жагынан тікелей қасақаналыкпен, пайдакүнемдік 
ниетпен жасалады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дұрыс мем- лекеттік 
органның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекеттік кызметтерді аткаруга уәкілетті адамы болып 
табылмайтын кызметшісі немесе оған теңестірілген адам, сондай- ак мемлекеттік емес ұйымның 
баскару кызметтерін аткармайтын қызметкерлері. 
Осы кылмыстык кұкык бұзушылык құрамының ауырлататын түрі Қылмыстық кодекстің 246-
бабының 2-тармағында: бірнеше рет жасалған әрекеттер деп көрсетілген. Бірнеше рет жасалған 
кылмыс түсінігі Қылмыстык кодекстің 121-бабында көрсетілген. Осы баптың бірінші немесе екінші 
бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде сыйакы алумен байланысты не қоркытып алумен ұштаскан іс-
әрекеттер осы құрамның аса ауырлата- тын түрі болып табылады (247-бап, 3-бөлігі). Егер адамның 
алған сомасы немесе оған көрсетілген кызметтің құны үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асса 
заңсыз сыйакы алу ірі мөлшерде жасалған деп танылады (ҚК-тің 3-бабының 38-тармағы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет