Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан



Pdf көрінісі
бет358/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан 
айыруга жазаланады. 


456
 
2. 
Мынадай: 
1) 
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) 
бірнеше рет; 
3) 
адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган дәл сол іс-әрекеттер - 
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 
1) 
қылмыстық топ жасаган; 
2) 
мемлекеттік функцияларды орындауга уәкілеттік берілген адам не оган теңестірілген 
адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаган іс-
ерекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса - 
мүлкі тәркіленіп, ал 2) тармақта көзделген жагдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару 
немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан 
он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Жогары органның шешім қабылдауы кезінде жиналыстың, отырыстың хаттамалары- на, олардан 
үзінді көшірмелерге дауыс берушілердің саны, кворум немесе дауыс беру нәтижелері туралы 
көрінеу анык емес мәліметтерді енгізу не дауыстар санауды немесе дауыс беруге арналган 
бюллетеньдердің есебін көрінеу дұрыс емес жүргізу, акционердің, қатысушының, басқару органы 
мүшесінің немесе атқарушы орган мүшесінің дауыс бе- руге нақты колжетімділігін бұғаттау немесе 
шектеу, жиналыстың, отырыстың өтуі ту- ралы мәліметтерді хабарламау не жиналыстың, 
отырыстың өтетін уақыты мен орны туралы анық емес мэліметтерді хабарлау, көрінеу жалған 
сенімхатпен акционердің, қатысушының немесе басқару органы мүшесінің атынан дауыс беру 
жолымен, дауыс беру нәтижелерін қасақана бұрмалау не құқықты еркін іске асыруға кедергі келтіру 
нәтижесінде, бағалы қагаздарды артықшылыкпен сатып алу құкығын бұзу, шектеу неме- се оган 
қысым жасау, сол сияқты бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыру кезінде 
қасақана кедергілер келтіру жолымен заңды тұлғадағы катысу үлесіне меншік құкығын, сол сиякты 
заңды тұлғаның мүлкі мен бағалы кағаздарын заңсыз иемде- ну немесе заңды тұлғаның үстінен 
бақылау орнату не азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен коргалатын 
мүдделеріне не коғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге 
әкеп соққан өзге де заңсыз тәсілдер - жасау рейдсрлік деп танылып, кінэлі Қылмыстык кодекстің 
249-бабы бойынша жауапқа тартылады. 
Рейдерлік (ағылшынның 
гаісі
- басып алу) сөзінен шыққан. Бұл терминнің мэні кінэлінің 
бөтеннің бизнесін пайда табу мақсатымен эртүрлі эдістерді, тэсілдерді, пай- далана отырып, заңсыз 
тартып алу дегенді білдіреді. Рейдерлік мақсатты жүзеге асыру үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады, 
ол ҚК-тің 249-бабының 1-бөлігінің диспозициясын- да айқын корсетілген. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - заңды тұлға мен меншік иесінің 
экономикалық мүддесін реттейтін қоғамдық қатынастар. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - заңды тұлғаның мүлкі мен бағалы қағаздары. 
Объективтік жағынан қылмыстық кұқық бұзушылық мынадай заңсыз эрекеттерді, тэсілдерді 
жасау арқылы жүзеге асырылады: 1) заңды тұлғаның меншік құқығын, мүлкі мен бағалы қағаздарын 
заңсыз иемденіп алу; 2) жиналыстар, отырыстардың хаттама- ларына, олардың үзінділеріне, дауыс 
берушілердің саны, кворумы немесе дауыс беру қорытындылары туралы көрінеу дэйексіз 
мәліметтерді енгізу); 3) дауыстарды санауды, дауыс беру бюллетендерінің есебін көрінеу дәйекіз 
жүргізу; 4) акционердің, басқару органының қатысушысының, оның мүшесінің немесе атқарушы 
орган мүшесінің дауыс беруге қолжетімділігін бөгеу, шектеу; 5) жиналыстар, отырыстар өтетін жер, 
уакыты ту- ралы жалған мәліметтерді хабарлау; 6) көрінеу жалған сенімхат бойынша акционердің, 
басқару органына қатысушының немесе оның мүшесінің атынан дауыс беру жолымен бағалы 
кағаздарды сатып алудың басым құқығын бұзу; шектеу немесе нұқсан келтіру жолымен жоғарғы 
органның шешім кабылдау кезінде дауыс беру нәтижелерін касақана бұрмалау не құқықты еркін 
іске асыруға кедергі келтіру нәтижесінде заңды тұлғаның үстінен бакылау орнату; 7) сол сияқты 


457
 
бағалы қагаздарды басымдылықпен сатып алу құқыгын іске асыру кезінде не жеке жэне заңды 
тұлғалардың құқыктары мен мүдделерін елеулі түрде заңсыз бұзу. 
Кінэлі адам жәбірленушінін мүдцелеріне елеулі бұзушылыққа экеліп соккан эрекеттер жасаган 
жағдайда қылмыстық қүкық бүзушылық үшін жауапка тартылады. 
Рейдерлік іс-әрекеттің нәтижесінде елеулі заң бүзушылық орын алмаса, іс-әрекет қылмыстык 
қүқық бүзушылық болып табылмайды. 
Редейлік кылмыстық қүкық бүзушылық субъективтік жагынан тек тікелей қасақаналықпен жэне 
пайдакүнемдік ниетпен жасалады. 
Қылмыстық күкық бұзушылыктың субъектісі - жасы 16-ға толган, есі дұрыс кез келген адам. 
ҚК-тің 226-1 бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: а) адамдар тобының 
алдын ала сөз байласуы бойынша: б) бірнеше рет; в) кызмет бабын пайдалана отыра жасалған 
әрекеттер үшін, ал осы баптың 3-тармағында осы құрамның өте ауырла- татын түрлері: а) 
қылмыстык топ; б) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған 
теңестірілген адам жасаса, егер олар оның қызмет бабын пайдала- нумен ұштасса деп белгіленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет