93
болар зардап абайсыздықпен сипатта- лады. Мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтарда кінэнің бір
нысаны эрекет неме- се әрекетсіздік жөнінде бөлек орын алса, ал екінші бір нысаны іс-әрекетпен
туындай- тын кылмыстық кұқык бұзушылықтың зардабы жөнінде бөлек орын алады. Яғни, бір
қылмыстык кұкык бұзушылык құрамында кездесетін кінәнің осындай екі бірдей нысанының
қабаттасуын кінэнің екі түрімен істелген кылмыстық құқық бұзушылық деп айтамыз.
Қылмыстық
құқық теориясында оны кейде, «екі жақты» немесе «күрделі», «аралас» кінэ нысандары деп те
атайды. Бұл аталған терминдердің түпкі мэні біреу - ол бір қылмыстық құкык бұзушылык кұрамында
кінәнің
екі бірдей нысаны -
қасақаналық
және
абайсыздықтың
қабаттас болатындығын көрсету
болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 22-бабы кінэнің екі нысанымен жасалған кылмыска мынадай анықтама
береді: Егер қасақана қылмыстық құкык бұзушылыктың жасау нәтижесінде заң бойынша неғұрлым
қатаң жазаға әкеп согатын жэне адамның ниетімен камтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мұндай
зардаптар үшін қылмыстык жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын ала білсе, бірақ
осыған жеткілікті негіздерсіз оларды болдырмауга менмендікпен сенген жағдайда немесе егер адам
бұл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе, бірак болжауга тиіс жэне болжай
алатын болган жағдайға ғана пайда болады. Тұтас алғанда, мұндай
қылмыс қасақана қылмыс деп
таны- лады. Осы заңдылык аныктамаға сәйкес, кінәнің екі бірдей нысаны объективті жағының
міндетті белгілері қогамға қауіпті іс-әрекет, себепті байланыс және коғамға зиянды зар- дап болып
табылатын материалдык кылмыстық кұкық бұзушылық құрамдарында ғана орын алады. Мысалы,
кінэнің аралас нысандарына Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіндегі денсаулықка касақана
ауыр зиян келтіруден жәбірленушінің казаға ұшырауы, 156-бапта
көрсетілген еңбек қорғау
ережелерін бұзу, 319-баптың 4-бөлігіндегі заңсыз аборт жасаудан жәбірленушінің қаза болуы немесе
баска бір ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы сиякты кұрамдар жатады. Осы көрсетілген құрамдарда
эрекет немесе әрекетсіздік жөнінде кінэнің нысаны қасақаналык, ал одан туындаған зардап жөнінде
абайсыздык болады. Мұндай кабаттаскан кінэнің болуына өзіндік себеп те бар.
Кісіні әдейі ұрып, жәбірленушіге жарақат түсірген адамның бэрі ұрғаннан келетін зардаптан кісі
өлетінін дәл болжай бермейді. Сол себепті де мұндай ретте баска адамның денесіне ауыр дәрежеде
қасакана жаракат келтіру қасаканалықпен, сол жарақаттың зар- дабы кісі өлімі жөнінде кінэнің
абайсыздық нысаны орын алады. Сол сиякты Қылмыстык кодекстің 319-бабының 4-бөлігінде
айтылған «Заңсыз аборт жасаудан жәбірленуші қаза тапса немесе басқа бір ауыр зардаптарға әкеліп
соктырса» деген кұрамды алайық. Бұл жерде субъектінің заңсыз аборт жасау әрекеті
қасақаналыкпен, ал одан келетін зар- дап жэбірленушінің каза
табуы немесе баска бір ауыр
зардаптарға душар болуы оның кінәсінің абайсыздык нысаны арқылы жүзеге асырылады. Егер
мұндай реттерде субъ- ект кісінің қаза болуын тілеп немесе өлуін тілемегенімен, онын өлуіне саналы
түрде жол берсе, бұл сияқты іс-әрекет 106-баптың 3-бөлігі, (319-баптың 4-бөлігімен емес), ол
касакана кісі өлтіру туралы жауаптылыкты белгілейтін баска баппен саралауды қажет етеді.
Сонымен кінәнің екі нысанымен жүзеге асырылатын осындай кылмыстык құқык бұзушылыктарда
іс-эрекеттің нәтижесінен туындайтын зардап жонінде кінәнің тек абайсыздық нысаны орын алатыны
айқын. Сол себепті де кінәнің екі түрімен жүзеге асырылатын іс-әрекет қылмыстық қүқық
бұзушылықтың оқталу сатысында орын алуы мүмкін емес. Өйткені, қылмыстық құқық бұзушылыққа
оқталғанда одан туындайтын зардап болмайды. Зардап жоқ жерде кінэнің екі түрлі нысаны туралы
сөз де болмай- ды. Сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылыққа бірге
қатысуда келтіретін зардап
туралы ұйымдастырушы, көмектесуші немесе айдап салушы ештеңе білмеген болса, ол жөнінде бұл
хабардар болмаса, онда келтірілген зардап үшін қылмыстык құқык бұзушылыктың
орындаушысының өзі ғана жауапты болады.
Жалпы алғанда, кінэнің екі түрімен істелетін қылмыстык құкық бұзушылықтардың субъективтік
94
мазмұнын терең зерттеу объективтік белгілері өзара ұқсас қылмыстык құқық бұзушьшықтарда бір-
бірінен дұрыс ажыратуга немесе істелген іс-эрекетті касақана я болмаса абайсызда істелген
қылмыстық құқык бұзушылық құрамына дәлме- дәл жатқызуға толық мүмкіндік береді.
23-
Достарыңызбен бөлісу: