Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет42/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

еріктілік элемент
тікелей
касаканалық
істелетін іс-әрекеттің когамға қауіпті мэнін 
білу, оның когамға зиянды 
зардаптарының болуы мүмкін екенін 
немесе болмай қоймайтынын алдын ала 
білу
осы зардаптардың болуын 
тілеу
жанама
касақаналық
істелетін іс-әрекеттің когамға қауіпті мэнін 
түсіну, оның қогамға зиянды зардабының 
нақты мүмкін екендігін алдын ала білу
осы зардаптардың болуын 
тілемегенімен оның болуына 
саналы түрде жол беру, 
немқұрайдылықпен карау
менмендік
істелетін іс-әрекеттің коғамға кауіпті 
скенін түсіну, оның зиянды зардабының 
болуы мүмкін екенін алдын ала білу
мснмендікпен ондай зардаптар 
болмас деп сену
немқұрайдылық
істелетін эрекеттің қогамга зиянды 
зардаптары болуы мүмкін екенін болжап 
білмесе
бірақ оларды болжауға тиісті 
жэне болжай алатын болу
немқұрайдылык- тың 
белгілері
объективтік (істелетін іс-әрекеттің когамга 
зиянды зардабын болжауға міндеттілік) 
жэне субъективтік (осы зардаптарды 
болжауға мүмкіндік)


97 
Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, 
қажеттіліктерді, зүлымдық пиғылдарды басшылыкка алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең 
алдымен өзінің психологиялык ой-ниетін қалыптастырады. Бұл адамның ішкі сезімін, ойын, ниетін 
білдіреді. Бірақ, осы сезім, ой-ниет адамның нақты мінез-қүлқы, қимылы, эрекеті аркылы сырттай 
көрініс бермеуі де мүмкін. Сондыктан да адамның мұндай сыртқа шыкпаган ішкі жан-дүниесінің 
белгілі бір іс-әрекет арқылы сырттай корініс бермеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Яғни, 
мұндай психологиялық сана-сезім, жалаң ой, қиял, кылмыстық құқық нормасынан тысқары бо- лады, 
ол үшін қылмыстық жауаптылық жоқ. 
Сондықтан да сөз жүзінде жай айтылған, түсінде көрген, қияли пиғылдар қылмыс деп 
саналмайды. Өйткені, мұндай жалаң ойдан, касақаналық ниеттен кылмыстык заң қорғайтын 
объектіге ешқандай зиян келмейді және зиян келтірілу каупі болуы да мүмкін емес. Сондықтан да 
қылмыстык ойдыңболуы кылмыс істеу сатысына жатпайды. Өйткені, ондай ой, ниет нақты іс-әрекет 
арқылы сыртқа шықпай іште қалады, сондықтан да қылмыс сатысына жатпайды. Қылмыстық ой, 
ниетті табуды қорқыту аркылы ауыр кылмыс жа- саумен шатастыруға болмайды. Қылмыстық заңда 
қорқыту арқылы жасалған бірнеше аяқталған қылмыстық құкық бұзушылықтың құрамы көрсетілген. 
Мысалы, өлтіремін деп қорқыту (115-бап), куәні, жәбірленушіні, сарапшыны, аудармашыны қорқыту 
(422-баптың 4-бөлігі), өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты немесе 
оның жакындарына катысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану немесе қоркыту (380-
бап), бастықты қорқыту (438-бап), т. б. Мұндай қорқытулар біткен кылмыстык құкықбұзушылық 
кұрамын кұрайды. Осы қылмыстық құқықбұзушылықтың істеуші субъектілер жәбірленушіге 
психикалық зиян келтіру жолымен, кылмыстық ойын белгілі бір іс-эрекетпен байланыстыру арқылы 
біткен кылмыстың құрамын жасайды. Мысалы, 115-бапта «Өлтіремін деп немесе денсаулыкка ауыр 
зиян келтіремін деп, соны- мен бірдей адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті 
ортегі құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту бұл қорқытудың 
іске асатындығына кауіптенудің жеткілікті негіздерінің бар екендігі кезінде» делінген. Бұл жерде 
қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігіне деген сөздің өзі 
кылмыстық ниеттің белгілі бір іс-әрекетпен байланысын білдіреді, ягни оны жүзеге асыру біткен 
қылмыстық кұқық бұзушылықтың құрамын орындаушылық болып табылады. Осы жерде айта 
кететін бір мәселе бар. Ол қылмыстың қатарына тек аяқталған қылмыс кана емес, дайындалу, оқталу 
сатыларында жасалған, бірақ олардың аяқталуы әр түрлі себептермен жүзеге аспай қалған 
қылмыстар да жатады. Егер кінэлінің ыркына салса, бұл эрекеттер аягына дейін жеткізілер еді, бірак 
оның бітпей қалуы кінэлінің еркінен тыс жагдайларда болатын әр түрлі бөгеттерге байланысты 
болады. 
Сондыктан да кылмыстық заң қылмысқа дайындалуды, оқталуды кылмыстык іс- әрекеттің 
бастапқы сатысы деп қарайды. Қылмыс істеудін бірінші сатысы - қылмыска даярланғандық болып 
табылады. Қылмыска даярланғандык үшін кылмыстык жауап- кершілік қылмыс істеу үшін кұралдар 


98 
немесе қаруларын іздестірген, әзірлеген неме- се бейімдеп жасаған кылмыска катысушыларды 
іздестіру, қылмыс жасауға сөз бай- ласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасакана жагдай туғызған 
реттерде туындайды. Мысалы, кісіні өлтіру үшін у дэрі дайындайды, мылтык сатып алады, жоспар 
жасап қылмыс жасайтын жерді, жағдайды анықтайды, кылмыска катысушыларды іздестіреді. 
Жәбірленушінің келу-кету жолдарын анықтап ізіне түседі, т. б. эрекеттер. Осындай жағдайларды 
жасаганнан кейін қылмыстың субъектісі кылмыс жасаудың екінші саты- сы қылмыс істеуге оқталу 
сатысына көшеді, яғни қылмыс кұрамын орындауга тікелей бағыттаған Қылмыстық кодекстің 
Ерекше бөліміндегі жеке кұрамдарда көрсетілген іс- эрекеттерді істейді. Яғни, субъект тікелей 
касакана қылмысты іс-әрекетті істеуге кірі- седі, бірақ та субъектінің ыркынан тыс жағдайларға 
байланыссыз кылмыс ақырына дейін жеткізілмей қалады. Мысалы, біреуді өлтіремін деп оған жанды 
жерінен пышақ салады, бірақ дәрігердің дер кезінде көмек көрсетуі нэтижесінде ол тірі қалады 
немесе қас ада- мын өлтіремін деп оған у дэрі береді, бірак адам кездейсоқ себеппен өлмей тірі 
калады. Қылмыс істеуге даярланғандық жэне оқталғандық қылмыс істеудің бастапкы, алдын ала 
сатысы болып табылады. Осы екі сатыға да тэн белгілер: қылмысты мінез-құлықтың аяғына дейін 
жеткізілмеуі, субъективтік жағынан осы екі сатыдағы кылмыстардың тікелей касаканалыкпен 
істелуі. Қылмыстың субъектісінің ырқынан тыс жағдайларға байланысты ақырына дейін 
жеткізілмеуі болып табылады. Қылмыстың осы екі саты- сы, яғни қылмысқа даярланғандық және 
қылмыска оқталғандық-абайсызда жасайтын кылмыстарда, зардапсыз (формальдық) құрамдағы, 
сондай-ак жанама касақаналықпен жасалатын қылмыстарда орын алуы мүмкін емес. Егер кінәлі адам 
қылмыстык заңның Ерекше бөліміндегі жеке құрамдардың барлық белгілерін істесе, онда оның 
эрекеті біт- кен кылмыс деп бағаланады. Мұндай жағдайда субъектінің іс-әрекеті мен накты кылмыс 
құрамының объективтік жағында көрсетілген белгі - қылмыстың зардабы нақты тууы керек. 
Қылмыстан болған зардаптың мэні мен көлемі нақты қылмыс құрамы арқылы белгіленеді. 
Қылмыстың аяқталу, біту уақыты әрбір кылмыс құрамының құрылысының ерекшелігіне байланысты 
да әр түрлі болады. Мысалы, қаракшылык құрамы кылмыстық заңда «бөтен біреудің мүлкін ұрлау 
максатымен шабуыл жасау» деп көрсетілген. Яғни, бұп жерде осы мақсатпен шабуыл жасағанда 
мүлікті иемдену, иемденбеуге байланыссыз- ак, кылмыс шабуыл жасаған кезден бастап-ақ біткен 
кылмыс деп саналады. 
Мұнда қылмыстың субъектісінің түпкі мақсаты - жәбірленушінің өміріне я денсаулығына қауіпті 
түрде күш жұмсап, сондай-ақ күш жұмсаймын деп қоркытып, бөтен біреудің мүлкін иемдену 
болғанымен, қылмыс мүлікті иемденген, иемденбегені- не карамастан, шабуыл жасап, тонау 
уақытынан бастап аякталған деп саналады. Кей- бір қылмыс кұрамдарының аяқталуы адам өмірі мен 
денсаулығына қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап), адамның иммун тапшылығы вирусын 
(АИТВ/ЖИТС) жұқтыру (118-бап). Бұп аталған кылмыстар кұрамындағы қауіпті жағдайда калдыру, 
жұқтыру қаупінде қалдыру бітпеген кылмыс кұрамының белгісі емес, біткен қылмыс құрамының 
белгісі болып табылады. Сондықтан да мұндай кұрам аяқталған қылмыстық кұқық бұзушылық 
құрамы деп аталады. 
Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, эзірлеу немесе бейімдеп 
жасау, қылмысқа сыбайлас қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз бай- ласу не кылмыс 
жасау үшін өзге де қасакана жағдайлар жасау, егер бұл орайда кылмыс адампың еркіне байланысты 
емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыска дайындалу деп танылады (24-бап, 
1-бөлігі). Заңда ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалганы үшін сондай-ак террористік 
қылмысқа дайындалғаны үшін кылмыстық жауаптылык туындайды деп көрсетілген (24-бап, 2-
бөлігі). Занда дайындық әрекеттерінің негізгілері гана берілген. Мүнда қасақана қылмыс жасауга 
тугызылатын жагдайлардың жалпы көріністері орын алған. Кінәлі адам күні бүрын ауыр, ерек- ше 
ауыр қылмыстарды жасау үшін өзіне өте кажетті жагдайларды жасайды. Мысалы, пәтерге түсіп, 
үрлық жасау үшін алдын ала иесіз пәтерді аныктап, қүлыпты ашуга ке- зекті кілттерді немесе баска 
да құралдарды дайындайды, жалған ақша жасау үшін соны жасауга кажетті аспаптарды, 


99 
жабдықтарды, кажетті материалдарды іріктейді, т. б. 
Сонымен, қылмыс істеуге дайындалу мынадай белгілермен сипатталады: 
1) дайындық іс-әрекеттерін жасау; 
2) қылмысты тек тікелей қасақаналықпен істеу; 
3) оның қылмыс қүрамын толык орындауга дейін үзіліп қалуы; 
4) қылмыс адамның еркінен тыс жағдайларга байланысты істелмеуі. 
Дайындык эрекеттері көп жағдайларда қылмыс күрамының объективтік жағының бел- гілерін 
қамтамасыз етумен тікелей байланысты болады. Өзінің объективтік белгілеріне сәйкес, кылмыс 
істеуге дайындык адамның мынадай үш түрлі әрекеттері аркылы жүзеге асырылады: кылмыс істеу 
үшін кұралдар немесе қарулар іздестіру я лайыктау немесе қасақана бір жағдайлар туғызу. 
Қылмыс істеу үшін қүралдар мен қару-аспаптар іздестіру дегеніміз кез келген тәсілмен заңды 
немесе заңсыз жолмен осы заттарды алуды айтамыз. 
Қылмыс істеу кару-аспаптары болып қылмыс істеуге колданылатын кез келген заггар саналады. 
Оган атылатын немесе суык карудың барлык түрлері қолдан жасалган фин пышагын, сондай-ак эр 
түрлі тесіп-кесетін нәрселер жатады. Қылмыс қүралдарына кылмыс істеуге әдейі бейімделіп 
пайдаланылатын таяк, үшкір тас, бөтелке сынығы, балта, балга, бүрғы, шеге суыргыш, бұрауыш 
сиякты заттар да жатады. Мысалы, адам қолдануға қолайлы үшкір тасты денеге жаракат келтіруге 
немесе автокөліктің әйнегін сындырып, ішіндегі заттарын ұрлауға пайдалануы мүмкін. Кінэлі адам 
шеге шыгаргышты, бүрауышты немесе кашауды бөтен біреудің үй-жайының есігін бүзып, мүлкін 
үрлау үшін дайындауы мүмкін. Қылмыс істеу кұралына кылмысты істеуге жеңілдік тугызатын заттар 
жатады. Бүлар мысалы, әскер міндетін өтеуден жалтару немесе контрабандамен айналы- су үшін 
жалган қүжат дайындау, адамды өлтіру үшін у дәріні немесе қатты әсер ететін зэрлі нэрселерді 
қолдану, ұрланған заттарды, кылмысты топтың мүшелерін тасуға пай- даланылатын көлік кұралдары 
жатады. Егер автокөлік, трактор, баска да техника түрлері коймаларды бүзуға, кедергілерді таптап 
өтуге пайдаланылса, онда ол қылмыс істеудің күралы емес, кылмыс істеудің каруы ретінде 
есептеледі. Құралдар мен кару аспаптарын лайыктау деп қылмыс істеуге пайдаланылатын заттарды 
кайта өңдеу, түрін өзгерту, кайта жасауды айтамыз. Мысалы, бөтеннің мүлкін үрлауга пайдалану 
үшін бірнеше кілтті, колдан кайта өндеу, колдан тапанша, пышак, жалган кұжат жасап, оны кылмыс 
істеуге, кылмыстың ізін жасыруга пайдалануга әзірлеу жэне т. б. эрекеттер. 
Қылмыска сыбайлас қатысушыларды іздестіру әр түрлі тәсілдермен уэде беріп корқыту, 
боисалау жолымен болашакта істелетін кылмыска бірге катысушыларды табу. алу болып табылады. 
Қылмыс жасауга сөз байласу - екі немесе одан да көп адамдармен нақты кылмысты істеу жөнінде 
күні бұрын уагдаластыкка кол жеткізу. Қылмыс істеу үшін касакана баска бір жағдайлар тугызу деп 
кұралдар мен кару-аспаптарды дайындау- дан басқа қылмыс істеуге багытталган кез келген 
эрекеттерді айтамыз. Бүган жататын- дар: ұрлық істеу үшін кылмысты топка мүше іздестіру, 
болашак кылмыстың жоспарын жасау. Қылмыс істелетін объектілердің жүйесін зерттеу, коймаларға 
жасырын кіру үшін дыбыс беретін қүралдарды күні бүрын жою, пәтерге түсу үшін үй иелерінің 
келіп-кету мерзімін болжау сиякты әрекеттер жатады. 
С убъективтік жағынан дайындык эрекеті эр уакытта да тікелей, накты касаканал ыкпен, 
касакана қылмыс істеуге жагдайлар туғызады. Тікелей касаканалыксыз жағдайлардың өзін жасау 
мүмкін емес. Кінәлінің ырқынан тыс жағдайларга байланысты іс-әрекетінің үзіліп қалуы деген белгі 
де кылмыстың тек кана тікелей қасаканалықпен жасалатынын көрсетеді. Яғни, бүл тұрғыдағы 
қылмысты абайсыздыкпен немесе жанама, нактыланбаған қасақаналыкпен жасауға мүлде болмайды, 
мұндай жағдайда кылмыстан туатын зардап объективтік және субъективтік жағынан алғанда сөзсіз 
емес, жорамал күйінде болады. Қылмысты істеуге дайындық сатысының негізгі бағыты сол, ол 
жоспарлаған кылмыс нәтижесінің сөзсіз болуын камтамасыз ету болып табылады. Қылмысқа 
дайындалудың зияндылыгы сол, қылмыстың субъектісі кылмыс істеуге бар жағдайларды жасай 


100 
отырып, өзінің ырқынан тыс жағдайларда кылмысты жасай алмайды. Кінәлінің ыркына байланыс- 
ты емес жағдайлармен дайындық сатысының үзіліп қалуы объективтік немесе субъектив- тік мән-
жайларға байланысты орын алуы мүмкін. Мысалы, дайындық сатысында баска біреуді өлтіру үшін 
сатып алынған аңшылық мылтыгын милиция қызметкерінің алып қоюы немесе ұрлык жасау үшін 
пайдаланылатын қойма кілтін жасауға әрекеттенгенімен оны жасай алмай қоюы, т. б. Мысалы, 
ағайынды С. жэне К. көршісінің пәтеріне түсу үшін кажетті саймандарды әзірлеп қойған кезде, сол 
пәтердің алдына баска көршілер жи- налып өзара кездесіп калып, ұзак уакыт отырып шахмат 
ойнайды. Бұл агайындылардың қылмыс істеуге мүмкіндігін жоймағанымен, оны жүзеге асыруға 
кедергі келтірді. Бұл, сөз жоқ, ұрлық жасауға кінәлілердің ырқынан тыс жағдайларға байланысты 
жол беріл- мей үзіліс жасалады. 
Қылмыска дайындықтың адам ойының қалыптасуынан айырмашылығы мынадай: адам ойының 
қалыптасуы - қылмыстың психологиялық сыртқы, объективті көрініс бер- меген сатысы, қылмысқа 
дайындык - эр уақытта қасақана кылмыс жасауға бір жағдайлар туғызатын нақты іс-әрекет. Адамның 
ойын, яғни өзінің ойын кылмыс жасау туралы мінез білдіруі қылмыс сатысы болмайды, өйткені ол 
қылмыс жасауға өзінің пікірін айтқанымен, қылмыс істеуге бағытталған әрекет жасамайды. 
Қылмысқа дайындалу әр уақытта да іс-әрекет арқылы кылмыс жасауга қолайлы жағдайлар жасайды, 
онсыз қылмыстың орындалуы мүмкін болмайды. Қылмыс істеуге дайындықтың кылмысқа оқталудан 
айырмашылығы бар. Қылмысқа дайындықта белгілі бір нақты қылмыс құрамын жасауға мүмкіндік 
жагдайлар жасалады, ал қылмысқа оқталуда ол мүмкіндіктер жүзеге асыры- лады. 
Дайындык сатысында істеген қылмыс Қылмыстық кодекстің 24-бабы жэне Қылмыстық 
кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптары бойынша сараланады. Мысалы, басқа біреудің пәтерін 
ұрлау үшін кілт дайындап жатқан субъект, осы кезде әшкереленсе, оның әрекеті Қылмыстык 
кодекстің 24, 188-баптары бойынша ұрлық жасауға окталғаны үшін сараланады. Бұл жерде 24-
баптың көрініс табуы субъектінін аякталмаған кылмыс жасағанын білдіреді. 
Субъект өзінің дайындык әрекеттеріне тыйым салғанға дейін, баска қылмыстың құрамын 
орындап үлгеруге, оның әрекеті қылмыстың жиынтығы бойынша - тиісті кылмысқа дайындалғандық 
жэне баска біткен қылмысты жасағаны үшін сараланады. Мысалы, А. өзінің қызметтес досы Б-ны 
кек алу үшін атып өлтіруге кара базардан Калаш- ников автоматын сатып алган, бірак оның бұл 
кылмысты істеуге дайындалғаны сезіліп қалып, оны полицмя қызметкерлері ұстап алган. Оның 
әрекеті қаруды заңсыз алганы үшін Қылмыстық кодекстің 277-бабы 1-бөлігімен жэне кісіні 
кекшілдікпен өлтіруге оқгалу - 24-бап, 99-баптың 1-бөлігімен екі қылмыстың жиынтыгы ретінде 
саралануга жатады. Қылмыс істеуге дайындалган субъектіге жаза сол Қылмыстық кодекстің біт- кен 
қылмыс қүрамы туралы санкциясында көрсетілген бабының санкциясы шеңберінде тагайындалады. 
Жаза тагайындаганда сол қылмыс зардабының болуының мүмкіндігін, оның жүзеге аспай қалу 
себептерін, қылмысқа дайындық сатысының жүзеге асырылуын ескереді. Заңда (56-бап, 1 жэне 2-
бөліктері) қылмысты дайындық сатысында істеген субъектіге жазаны тагайындаудың ерекше тәртібі 
белгіленген. 
Қылмыстык кодекстің 24-бабының 3,4-бөліктері бойынша: «Тікелей қылмыс жасауга тура 
бағытталган ниетпен жасалган іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамга байланысты 
емес мэн-жайлар бойынша акырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауга оқталу болып танылады. 
Қылмыстық жауаптылық ауырлыгы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауга сондай-
ақ террористік қылмысқа оқталганы үшін гана басталады». 
Қылмыс істеуге оқталудың төрт түрлі белгісі бар. 
Бірінші, іс-әрекеттің қылмыс істеуге тікелей бағытталуы қылмыс істеуге оқталғанда, қылмыс 
субъектісі кылмыс күрамын орындауга тікелей кіріседі жэне қылмыстык қүқылық норма 
диспозициясының объективтік жағында көрсетілген элементзерін орын- дайды. Мысалы, кісіні 
өлтіруде оган қарай мылтық атады, ұрлық жасағанда есікті бүзып тұрғын жайга кіреді, көлік күралын 
айдап әкетуде көлікті козгалыска келтіру эрекетін жасайды және тағы басқа әрекеттер. Қылмыска 


101 
окталгандагы іс-эрекет қылмыстың зар- дабын туғызатын себептің көрінісін білдіреді. Егер ол іс-
әрекет үзіліп қалмаса, онда қылмыс зардабы сөзсіз болар еді. 
Қылмыс істеуге оқталудың екінші белгісі - субъективтік белгісі болып табылады. Қылмыс 
істеуге окталғандык тек тікелей касақаналықпен жүзеге асырылады. Бүл тура- лы қылмыстык заңның 
өзінде кылмыс істеу үшін тікелей багыггалып, істелген эрекет немесе эрекетсіздік деп тура 
көрсетіліп отыр. Заңдагы тікелей багытталған деген сөздің өзі осы түрғыда қылмыстың тек қана 
тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылатындығын білдіреді. Мысалы, кісіні қасақана өлтіру 
жөніндегі сот тэжірибесі туралы Жоғарғы Сот қаулысында «кісіні өлтіруге оқталу тек кана тікелей 
қасақаналықпен жүзеге асырылады, өйткені мүндай жағдайда кінэлі адам өзінің әрекетінің зиянды 
екенін біле тұра, оның зиянды зардаптарын болжай түра, бүл зардаптардың болуын тілеп істейді» 
делінген. 
Мысалы, С. деген азамат өзінің жүбайы К-нің Д. деген азаматпен көңілдес екенін біліп, екеуінің 
кездесу шағын аңдып, ақыры осындай бір сәтте олардың өзара оңаша сүйісіп отырганының үстінен 
шыгып, С. қалтасындагы бәкісімен әйелінің көңілдесі Д-ның күре тамырын киып жібереді. 
Дәрігерлік көмектің нэтижесінде Д. тірі қалады. Сот С-ның әрекетін қызғаныштан касакана кісі 
өлтіруге тікелей оқталғандық деп саралаған (ҚК-нің 24-бабы, 3-болігі; 99-бабы, 1-бөлігі). 
Қылмыс істеуге оқталгандық эрекетсіздік арқылы да жүзеге асырылады. Мыса- лы, анасының өз 
нәрестесінен қүтылу үшін, емшек бермей, өлтіруге бағытталған эрекетсіздігі. Қылмыс істеуге оқталу 
жанама қасаканалықпен жүзеге асырылмайды. 
Қылмыс істеуге оқталгандықтың үшінші белгісі - істеуге багытталган қылмыстың ақырына дейін 
жеткізілмеуі болып табылады. Яғни, қылмыс қүрамын орындау сатысын- да қылмысты әрекет 
амалсыздан үзіледі. Бүл жерде қылмыс істеуге оқталгандықтың бел- гісі кылмыстың аяқталмай 
қалуы, бітпеуі болып отыр. Бұл белгі аякталган қылмысты қылмыс істеуге окталгандықтан 
айырудың басты белгісі болыгі табылады. 
Мұндай ретте Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамының бел- гілері толық 
жүзеге асырылмайды немесе заңда көрсетілген кылмыстың зардабы болмай қалады, сөйтіп біткен 
қылмысқа карағанда қылмыс құрамының объективтік жағының белгілерін түгелдей орындауға 
бағытталған іс-әрекет толық аяқталмай калады. Мысалы, өзіне қас кісіні өлтіремін деп ол ұйықтап 
жатқанда оның үйінің есік-терезесін сыртынан бекітіп, үйінен шықпастай етіп, үйіне өрт қояды. 
Нәтижесінде ол ауыр дене жарақатын алып, аман қалады. Бұл жерде кінәлінің әрекеті қасақана кісі 
өлтіруге окталғандық ретінде сараланады (24; 99-бап, 1-бөлігі). Себебі, оның тікелей адам өмірін 
жоюға де- ген әрекеті, ақырына дейін оған байланыссыз себептермен жүзеге аспай калды, яғни, 
қасакана кісі өлтіру туралы қылмыстық заң нормасының объективтік жагының белгісі қылмыстың 
зардабы - кісі өлімі болмай қалды. Қылмыс істеуге окталғандық үшін жаза тағайындағанда сот 
кінэлінің істеген эрекетінің дэрежесі мен сипатын, қылмыстық ниет- ті жүзеге асыру дэрежесін жэне 
қылмыстың акырына дейін жеткізілуіне кедергі болған себептерді еске алады. 
Бұл жерде кінэлінің ырқына байланысты емес себептерден қылмыстың ақырына дейін 
жеткізілмеуі - кылмыс істеуге оқталғандықтың төртінші белгісі болып табыла- ды. Бұл жерде 
кінэлінің ырқына байланысты емес себептерден деген ұғымды эр түрлі объективтік жэне 
субъективтік жагдайлардың жиынтыгы ретінде қарау керек. Бұл жерде субъектінің өзінің ниетін 
жүзеге асыруға бар пәрменін сала кіріскенімен, оның ырқына байланысты емес себептермен қылмыс 
ақырына дейін жеткізілмей қалды (мысалы, әйелді зорлағанда жэбірленушінің қарсылық 
көрсетуінен, үйді өртеуге қажет болған от тұтатқыш суланып жанбай калуы жэне т. б.). 
Қылмысты істеуге окталғандықтың да қылмысты ниетті жүзеге асыру дәрежесі әр түрлі болуы 
мүмкін. Осыган байланысты оқталудың өзі біткен жэне бітпеген оқталу деп екіге бөлінеді. Біткен 
оқталу деп кінэлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс-әрекеттерін толық істеуі, 
бірақ осыған қарамастан, адамның ырқынан тыс жағдайларда қылмыс аяқталмайды немесе 
қылмыстың зардабы болмай қалады. Оқталудың бұл түрін біткен қылмыстан қылмыстың аяқталмауы 


102 
немесе зардаптың болмай қалуы гана ажыратып тұр. Мысалы, Ж. деген азамат арақ ішіп, мас күйінде 
өзінің әйелінің ағасы С-ға тиісті, оның жүрегінің тұсынан 2 рет пышақпен ұрады. Осыдан кейін Ж. 
далаға шығып, көршілеріне естіртіп, «көптен күткен арманымды жүзеге асырдым, бір жауызды 
өлтірдім» - деп айғайлайды. Бірак С-ның өмірі дер кезінде дәрігерлік комек көрсетілу арқылы 
өлімнен құтқарылып қалады. Облыстық сот Ж-ның әрекетін бұзақылық ниетпен кісіні қасақана 
өлтіруге оқталғандык деп саралаған (24-бап, 3-бөлігі; 99-бап, 2-бөлігі, «9» тармағы). 
Бітпеген оқталу деп кінэлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс- эрекеттерін 
толык емес, жарым-жартылай орындау болып табылады. Мысалы, У. де- ген адам Ю. деген азаматты 
атып өлтіру мақсатымен, мылтықты оған кезеніп, оның шүріппесін баса бергенде X. деген азамат У-
дың қолынан келтекпен ұрып, мылтықты тартып алып, өзін ұстаған. Бұл бітпеген оқталуға тән 
мысал. Ал егер X. мылтықты атып, оқ К-ге тимей кетсе, онда оның әрекеті біткен оқталу болып 
саналар еді. 
Қылмыстык кұкық теориясында қылмыс істеуге оқталу жарамсыз объектіге, затқа не- месе 
жарамсыз құралмен окталу деп екі түрге бөлінеді. Жарамсыз объектіге немесе затқа оқталу деп оған 
кінәлі қаншалықты әрекет істегенімен жәбірленушінің, кылмыстың объектісінің немесе затының 
өзіндік ерекше өзгешеліктеріне байланысты оған зиян кел- тіру мүмкіндігінің мүлдем 
болмайтындығын айтамыз. Мысалы: кінәлі тірі адам екен деп өлген адамның басын балтамен шауып, 
акша екен деп жәбірленушінің қалтасынан бір бума хатталған қағаз ұрлайды. 
Жарамсыз құралмен оқталу- кінэлі адам кылмысты ниетті жүзеге асыруда қателесіп жарамды 
қүралдың орнына жарамсыз қүралды пайдаланып қылмыс жасайды. Мысалы, П. және Ә. деген екі 
жігіт Ақтау қаласында 3. деген шалдың үйінде пәтерде тұрады. П. және Ә. қарт адамды уландырып 
өлтіріп, оның пәтерін өздері иелік етіп, сатпак ой- мен 3-ның ішетін тамагына «Колорада» қоңызын 
өлтіретін у дэрі салып жібереді. Асты кабылдаган 3-га алғаш ешкандай қатер болмайды. Бірақта П. 
мен Ә. 3. ас іше бастағанда- ак өз істеген әрекеттерінен қоркып, ішкі істер органына келіп, болган 
жағдайды шын жүректен өкініп хабарлайды. Олардың эрекетін сот кісі өлтіруге оқталғандык ретінде 
бағалаган. Қылмыстық кодекстің кейбір багітарында, сондай-ак қүқықтық әдебиеттерде «қылмыс 
істеуге әрекеттер» деген сөзді кездестіруге болады. Мысалы: ҚК-нің 293-ба- бында кэнігі 
бұзакылыктың белгілерінің бірі ретінде оқ-дәріні, газбен атылған қаруды, пышакты, кастет жэне де 
өзге де атылатын қаруды не денеге жаракаттүсіруге арнайы бел- гіленген басқа заттарды қолдануга 
әрекет деген сөз бар. Бүл біткен қылмыс күрамының түсінігін білдіреді. Өйткені осы қылмыс 
құрамының диспозициясының ерекшелігі сол, ол аталған заттарды қолдану немесе қолдануға әрекет 
арқылы жасалса, онда оның объек- тивтік жагының кажетті белгілері толык орындалған болып 
саналады. 
Қолданылып жүрген Қылмыстық заң бойынша кылмыстык жауаптылықтың бір- ден-бір негізі 
болып Қылмыстык кодексте көзделген кылмыстык қүкық бүзушылық қүрамының барлык белгілері 
бар іс-эрекет болып табылады (ҚК-нің 4-бабы). Бүл қағида аякталган немесе аяқталмаған кылмысқа 
бірдей қатысты. Сонымен аяқталмаган қылмысты іс-әрекеттер үшін (қылмыска даярланғандық және 
оған окталғандык) қылмыстық жауаптылықтың негізі болып, аяқталмаған қылмыс қүрамының 
белгілері бар іс-әрекет жатады. Мүндай ретте нақты қылмыска даярланғандык немесе окталғандық 
эрекеттері орын алған жағдайда қылмыстық жауаптылық Кодекстің 24-бабына сілтеме жасалына 
отырылып, істелген әрекет Ерекше бөлімнің тиісті баптары бойынша сарала- нады. Мысалы, ұрлык 
істеу үшін окталғанда кінэлінің әрекетін Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі жэне 188-
баптың 1-бөлігі бойынша саралау кажет. Мүндағы 24-багітың 3-бөлігі қылмыстың аякталмағанын 
жэне оның оқталу түрінде істелгенін көрсетсе, ал, 188-баптың 1-болігі қылмыс істеген адамның 
үрлык істеуге окталғанын білдіреді. Қылмыска даярланғандык жэне оқталғандық үшін 
жауаптылықтар өзара үқсас жэне олардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы екеуі де 
аяқталмаған қылмыс сатысына жатады және мұндай қылмысты істеген ретте қылмыстық жауапка 
тартылғанда міндетті түрде Қылмыстык кодекстің 24-бабына сілтеме жасалынады. Айырмашылығы 
сол, кылмыска дайындықта жауаптылық ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстарға дайындалған кезден 


103 
бастап жүзеге асырылады, ал оқталғанда жауаптылық орташа ауыр немесе ерекше ауыр 
қылмыстарды істеуге тікелей кіріскен уақыттан бастап есепке алынады. Аяқталмаған кылмыстар 
үшін жаза тағайындалғанда сот Қылмыстык кодекстің 52-бабында көрсетілген жаза тагайындаудың 
жалпы негіздерін басшылыққа алады. Сонымен бірге жаңа Қылмыстық кодексте аяқталмаған 
қылмыс үшін жаза тағайын-даудың арнаулы ерекшеліктері көрсетілген. Олар мынадай: 
1. Аякталмаган қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде соның себебінен қылмыс акырына дейін 
жетпеген мэн-жай ескеріледі. 
2. Қылмысқа дайындалғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Ере- кше 
бөлімінде аяқталган қылмыс үшін тиісті бапта көзделген жазаның неғүрлым катан түрінін ең жоғары 
мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауы керек. 
3. Қылмыска оқталганы үшін жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі 
тиісті бапта ерекше кылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатан түрінің ен жогары мерзімінің 
немесе мөлшерінің торттен үшінен аспауы керек. 
4. Қылмыс жасауға дайындалғаны үшін және кылмыс жасауға окталғаны үшін өлім жазасы мен 
өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды (56-бап). Яғни. осы баптың мазмүнына 
сәйкес аяқталмаған кылмыстың аяқталған кылмыска қарағанда қауіптілігі аз екендігі ескеріліп, жаза 
тағайындалғанда есепке алынуы әбден заңды болып табылады. Сондай-ақ, қылмысқа 
даярланғандыққа карағанда кылмысқа окталғандык үшін жаза қатаңырақ болуы шарт. Аякталған 
оқталғандык үшін жаза аякталмаған окталғандықтан көбірек болуы тиіс. 
25- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет