Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет40/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

6 а п. Кінәсіздікпен зиян келтіру 
1. 
Егер әрекеттерді (әрекетсіздікті) және қогамға қауіпті туындаган зардаптарды жасаган 
адамның пигылында болмаган болса, ал мундай іс-әрекетті абайсызда жасаганы және қогамга 
қауіпті зардаптар келтіргені ушін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық көзделмесе, іс-
әрекет кінәсіздікпен жасалган деп танылады. 
2. 
Егер іс-әрекет жасаган адам өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қогамга қауіптілігін 
угынбаган болса және істің мән-жайлары бойынша угына алмаган болса, не қогамга қауіпті 
зардаптардың туындауы мүмкін екенін алдын ала болжап білмеген болса және істің мән- 
жайлары бойынша оларды алдын ала болжап білуге тиіс болмаса немесе біле алмаган бол- са, 
іс-әрекет кінәсіздікпен жасалган деп танылады. Егер іс-әрекет жасаган кезде қогамга қауіпті 
зардаптардың туындауын алдын ала болжап білген адам буган жеткілікті негіздер- де оларды 
болгызбауга болады деп есептеген болса не езінің психикалық-физиологиялық қасиеттерінің 
қысылтаяң жагдайлар талаптарына немесе жүйке-психикалық ауырт- палықтарга сәйкес 
келмеуі салдарынан осы зардаптарды болгызбауга шамасы келмеген болса да, іс-әрекет 
кінәсіздікпен жасалган деп танылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықта немқұрайдылықты кейбір реттерде кездейсоқтықтан ажырата 
білу керек. Егер адам өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен зиянды зардаптардың болуы мүмкін 
екендігін болжамаса оларды болжауға және болжайтындай мүмкіндігі жок жағдайда қоғамга зиянды 
зардап келтірсе, оның іс-эрекетінде кінэ жоқ, соған байланысты қылмыстык құқык бұзушылык 
құрамы да болмайды. 
Мұндай жағдайларда кінәсіз зиян келтірушілік кездейсоқ оқиға (казус) деп аталады. Яғни, 
мұндай ретте қылмыстык құқық бұзушылықтың немқұрайдылыққа тэн объектив- тік жэне 
субъективтік белгілер жоқ. Кездейсоқ оқиғаға (казуска) тән мына мысалды кел- тірейік: Абрамов құс 
фабрикасындажүргізуші болып жұмыс істеп жүріп, өзі айдап жүрген автокөлікпен сол фабриканың 
асханасына азық-түлік алып келген. Осы жерде ол өзіне бұрыннан таныс Кемелбек жэне Жақсыбай 
деген екі мас жігітті кездестірген. Олар Аб- рамовтан өздерін көрші ауылға жеткізіп тастауды 
өтінген, бірақ Абрамов машинасының қорабы жүкке толы екенін айтып, оларды апарудан бас 
тартып, құжаттарға кол қойғызып алу үшін асхананың экімшілік кеңсесіне кеткен. Абрамовтың 
жоқтығын пайдаланған элгі екі жігіт машина қорабына өз беттерімен орналасып алған. Қайта 
оралған Абра- мов Жақсыбайга автокөліктен түсіп, қорапты босату туралы ұсыныс жасайды. 
Жақсыбай айтқанды тындап ұсынысын орындайды, ал Кемелбек болса, машина қорабында жасы- 
рын қалып қояды, ол туралы Абрамов ештеңе білмейді. Жол жүріп келе жатканда ауыр мастықтың 
салдарынан Кемелбек ұйықтап кетіп машина қорабынан құлап, жүріп келе жаткан автокөліктің 
арткы дөңгелегінің астында калып сол жерде казаға ұшырайды. Алғашында Абрамов көлік 
кұралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бүзганы, соның салдарынан 
жәбірленушінің өлуі үшін кінәлі деп, халық сотының үкімі бойынша сотталған. Іс кассациялық 
тәртіппен облыстық сотта қаралғанда Абрамов жоніндегі үкім бұзылып, оның әрекетінде кылмыстық 
кұкык бүзушылык құрамының белгісі жок болғандықтан іс қысқартылған. Сот алқасының 
ұйғарымында мас күйдегі жәбірленушінің Абрамовтың тыйым салганына карамастан автокөлікке өз 
бетімен, жа- сырынып отырып, өзін-өзі қауіпті жағдайға душар еткенін, Абрамовтың көлік 
күралының жүріс қауіпсіздігінің ешқандай ережесін бүзбаганын, яғни оның әрекетінде кылмыстық 
кұкык бүзушылык қүрамы жок екендігі көрсетілген. 
Жэбірленушінің мас күйде көлік қорабынан күлап, дөңгелек астына түсіп, қаза бо- луы 
жэбірленушінің өзінің өрескел салақтығынан болған. Істің мэн-жайы бойынша Аб- рамов 
жәбірленушінің автокөлік корабына жасырынып қалғанын білмеген жэне білуге мүмкіндігі де 


95 
болмаған. Мүндай кездейсоқ жагдайға байланысты ол кінэлі деп танылуға және қылмыстык құкык 
бұзушылық үшін жазаға тартылуы тиіс емес. 
Тағы бір мысал: Өсербай деген азамат 1995 жылы оныншы шілдеде өзінің се- гіз жэне тоғыз 
жасар екі немересімен және көршісінің он бір жасар баласын ертіп, ауыл маңындағы үлкен өзеннің 
жағасына шөп шабуга барған. Үш бала ағаш түбіндегі көлеңкеде ойнап отырған. Бір кезде 
көршісінің он бір жасар баласы құрбаканы көріп, оны ұстап алмак болып, өзен жағасына карай қуа 
жөнелген. Содан байкаусызда биік жағадан суга кұлап, түншығып өлген. Алдын ала тергеу орны 
Өсербайдың эрекетінде ешқандай қылмыстық құкық бұзушылықтың белгісі жоқ деп, осы факті 
бойынша пен мемлекеттік баскару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық 
күкык бұзушылыктар іс козғаудан бас тартты. Өйткені, тергеушінің қаулысында көрсетілгендей 
Өсербай балалардың қауіпсіздігі үшін барлык шараларды жасаган. Оларга отырған орындарыңнан 
козғалмаңдар деп үйреткен. 11 жасар бала суға батқанда оган дер кезінде көмек беруге ұмтылып, 
суға түсіп құтқармақшы болған. Бірақ соған қарамастан іс сәтсіздікпен аякталған. Мүндай жағдайда 
Өсербай бақытсыздыққа душар болған баланың өлуіне кінэлі емес. Сондықтан да орын алған жағдай 
кездейсок оқиға (казус) деп танылған. Мүндай ретте адамның іс-әрекетінің кінәсіздіктен зиян 
келтіруі туралы тұңғыш рет Қазакстан Республикасының жаңа Қылмыстык кодексінде қүқылык 
анықтама берілген. 
Онда: 1. Егер іс-әрекет жасаган адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) жэне одан кейін пайда болған 
коғамдык қауіпті зардаптар оның ниетімен камтылмаса, ал осы Кодекс- те абайсызда мүндай әрекет 
жасағаны жэне коғамдық кауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыстык жауаптылық көзделмесе, 
әрекет кінәсіздіктен жасалган деп танылады. 
2. Егер әрекет жасаган адам өзінің іс-эрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық кауіптілігін 
үғынбаган және істің мэн-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық кауіпті зардаптардың 
пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе және істің мэн-жайы бойын- ша оларды алдын ала 
білуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін болмаса, әрекет жазыксыз жасалған деп танылады. Егер 
әрекет жасаған кезде қоғамга қауіпті зардаптардың пай- да болуын алдын ала білген адам оны 
болғызбауға жеткілікті негізде сенген болса не өзінің психика-физиологиялык касиеттерінің 
кысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға 
байланысты осы зардаптарды болгызбауға шамасы келмесе де, эрекет кінәсіздіктен жасалған деп 
танылады делінген (23-бап).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет