Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Дәрігерлік құпияны жария ету



Pdf көрінісі
бет463/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

321- 
6 а п. Дәрігерлік құпияны жария ету 
1. 
Медицина жумыскерінің кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз адамның бойында 
АИТВ/ЖИТС бар екені туралы мәліметтерді хабарлау арқылы пациенттің сырқаты неме- се 
медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметтерді жария етуі - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үиі 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып.үш жүз айлық есептік керсеткішке дейінгі мөлшерде 
айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не екі жүз қырық сагатқа дейінгі 
мерзімге қогамдық жумыстарга тартуга не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа 
алуга жазаланады. 
2. 
Медицина жумыскерінің кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз пациенттің сырқаты 
немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметтерді жария етуі, егер бул іс-
әрекет ауыр зардаптарга әкеп соқса - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткішке 
дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не төрт жылга 
дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
ҚК-тің 321-бабының бірінші тармағында осы қылмыстық құқық бұзушылықтың негізгі құрамы 
көрсетілген. Онда медицина жұмыскерінің кэсіптік немесе кызмеггік қажеттіліксіз адамның 
бойында АИТВ/ЖИТС бар екені туралы мәліметтерді хабар- лау арқылы нациенттің сырқаты 
немесе медициналық мәліметтерді жария еткені үшің жауаптылық белгіленген. Жогарыда 
көрсетілген іс-әрекеттер ауыр зардаптарга әкеп соқса, кінэлі адам қылмыстық қүқық бұзушылық 
құрамының ауырлататын түрі ҚК-тің 321-бабының 2-тармагы бойынша кінэлі деп танылады. 


548
 
Қылмыстык құкык бұзушылықтың тікелей объектісі дэрігерлік құпияны қамтамасыз етуді 
реттейтін қоғамдық қатынастар. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың жэбірленушісі - сыркатка ұшыраған пациент. 
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан әрекетсіздік арқылы пациенттің сырқаты 
немесе медициналық куэландыру нэтижелері туралы мәліметті кәсіптік неме- се қызметтік 
қажеттіліксіз жария ету арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы нормативтік- құқықтық актілер 
дәрігерлік құпияның жария етілмеуін реттейді. Бірақ оны сақтауға мін- детті адам ондай 
құпияларды ешбір негізсіз жария етеді, яғни әрекетсіздікке жария етеді, ягни әрекетсіздікке жол 
беріледі. Қылмыс құрамы формальдық, ал дәрігерлік құпия жа- рия етілген сәттен бастап аяқталган 
деп танылады. 
Субъективтік жағынан кылмыстық құқық бұзушылық қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық 
кұқық бұзушылықтың ниеті - эртүрлі болуы мүмкін: кек алу, қызғаныш не- месе басқадай арам 
пиғылдар. 
Қылмыстық құкық бұзушылық субъектісі арнаулы - медициналық қызметкер (дэрігер, 
медбике, фельдшер, т.с.с). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет