547
Қылмыстық қуқық бұзушылық объективтік жағынан: 1) заңға сәйкес немесе ар- найы Ереже
бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дэлелді себептерсіз наукаска көмек көрсетпеуі; 2) бұл
әрекетсіздіктен абайсызда наукастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруі; 3)
әрекетсіздіктен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың
болуы арқылы көрініс
табады.
Заңға немесе арнайы ережеге сәйкес медицина қызметкерлері, басқа адамдар бакытсыз
жағдайларға байланысты зардап шеккендерге, жаракат алғандарға, уланғандарға неме- се басқадай
кенеттен пайда болган аурумен ауыратындарга тез арада көмек көрсетуге міндетті. Мұндай көмекті
медициналық мекемелер аумактық ведомстволық
немесе мен- шік нысанына, бағыныштылығына
карамастан тез, кез келген уақытта, кез келген жер- де көрсетуге міндетті.
Дәлелді себептерсіз
наукаска көмек көрсетпесе және одан заңда көрсетілген зардап орын алса, онда кінэлі Қылмыстық
кодекстің осы бабының тиісті тармактары бойынша жауапка тартылады.
Дәлелді себептерге - тойтарылмайтын күш орын алуы (су тасқыны, жер сілкіну), аса мэжбүрлік
жағдайына байланысты дер кезінде көмек бермеушілік жатады. Дәлелді себеп- термен науқасқа
комек көрсетпеу қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын мэн-жайға жатады.
Қылмыстық құқык бұзушылық заңда көрсетілген зардап - наукастың денсаулығына орташа
ауырлықтағы зиян келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Орын алған зардапқа
кінэлі адамның әрекетсіздігі себепті болуы керек.
Қылмыстык құқык бұзушылық субъективтік жағы әрекетсіздікпен істелген касақаналык, ал
одан орын алатын зардап абайсыздықтан болады.
Қылмыстық құқық бұзушылык субъектісі - арнаулы, 16-га толған,
науқасқа көмек көрсеуте
міпдетті адам.
Қылмыстық кодекстің 320-бабының 2-тармағында осы қылмыстық құқык бұзушылықтың
ауырлататын түрлері: абайсызда наукастың өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп
соққан әрекеттер үшін жауаптылык көзделген. Мұндай зардаптарға сипаттама Қылмыстық
кодекстің 104 жэне 114-баптың 1-тармағында берілген.
Достарыңызбен бөлісу: