561
арасындағы себепті байланыстар аркылы сипатталады.
Атмосфераға ластанатын заттар шығару ережелерін
немесе қондырғыларды, ғимараттарды
жэне арнайы өзге де объектілерді пайдалану ережелерін бұзуға Қазақстан Республикасының
«Атмосфералык ауаны қоргау» жэне «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы»
Заңдарында
көрсетілген талаптарды бұзған, лас заттарды атмосфераға шығаруды болғызбау,
лас заттарды
шығаруды азайту жөніндегі шараларды жүргізбеу, лас заттарды тазалау және оларды бақылау
шараларын жүзеге асырмау, қондырғыларды, ғимараттарды немесе озге де объектілерді пайдалану
кезінде зиянды физикалық ықпал ету шегінің белгіленген нормативтерін сақтамау,
зиянды ауаны
жоятын фильтрлі кондырғыларды, бақылау-өлшеу приборларын пайдаланбай жұмыс істеу сиякты
әрекеттер жатады.
Қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі - ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына
және өзге де өзгеруіне әкеліп соғу (мысалы, жылу радиациясының зиянды әсерлері, атмосфералық
ауаның физикалык,
химиялық құрамы бұзылып, ол адамдардың өмірі мен денсаулығына,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне ірі залал келтіру қатерін туғызуы) болып табылады. Іс-әрекет
пен зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет. Қылмыс құрамы материалдык.
Қылмыстық құкық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен
істеледі.
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың субъектісі - лауазымды немесе жай адам. Қоршаган ортага
аса ірі залал келтіру не адам өліміне не адамдардың жапиай сырқаттануына әкеп сокқан эрекеттер
(329-баптың 2-тармагы) осы кылмыстың ауырлататын түрі болып та- былады.
Достарыңызбен бөлісу: