Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мер- зімге бас



Pdf көрінісі
бет498/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

айыппул салуга не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мер- зімге бас 
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазалана- ды. 
3. 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс- әрекет - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан бес 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан 
айыруга жазаланады. 
4. 
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да квп адамның 
өліміне әкеп соққан іс-әрекет - 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан жеті 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік құралын жургізуші 
адамның жол козғалысы немесе көлік кұралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның 
денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірсе - кінэлі Қылмыстық кодекстің 345-бабының І-
тармағы бойынша жауапты болады деп белгілен- ген. 


580
 
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі - көлік кұралдарының қозғалыс жэне 
пайдалану қауіпсіздігі, косымша объект - жәбірленушінің денсаулығы. 
Қылмыстық кұқық бұзушылықтын заты - автомобиль, троллейбус, трамвай және баска да 
механикалык көлік кұралдары (мотоциклдер, мотороллерлер, жол, құрылыс жэне баска да арнаулы 
машиналар). 
Қылмыстық құкык бұзушылықтың объективтік жағын: а) заңның диспозициясында көрсетілген 
көлік құралдарының жол қозғалысы және пайдалану ережелерін әрекет не- месе әрекетсіздік 
аркылы бұзуы, б) жол қозғалысы немесе көлік кұралдарын пайдалану ережелерін бұзудан абайсызда 
адамның денсаулыгына ауырлығы орташа зиян келтірілуі; в) іс-әрекет пен зардаптың арасындағы 
себепті байланыс. 
Қылмыстық кодекстің 345-бабының диспозициясы бланкеттік, сондықтан да среженің 
бұзылғанын анықтау үшін басқа нормативті актілерге, атап айтканда, Қазақстан Республикасындағы 
жол қозғалысы ережелеріне жүгініп, осы нормативтік қүжаггың нақты қайсы бабы, баптың қай 
тармағының талаптарының бұзылғанын анықтау қажет. 
Жол қозгалысы ережесін бұзуға жылдамдықты үдету, бағдаршамның тыйым салғанына 
қарамастан жолдан өту, рұқсат етілмеген жерлерде баска көлікті басып озу, т.с.с. жатады. 
Пайдалану ережелерін бұзуға техникалық жағынан ақауы бар көлікпен жолға шыгу, арнайы 
жабдықталмаған көлікпен жолаушыларды тасу, көлік құралында ерекше белгі көрсеткіштердің жоқ 
болуы т.с.с. жатады. 
Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық 
көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы жэне көлік құралдарын пайдалану 
ережелерін бұзуынан абайсызда адамның денсаулығына орта ауырлықтағы зиян (345-баптың 1-
тармағы) абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян (345-баптың 2-тармағы), абайсызда адам өліміне 
экеп соқса (345-баптың 3-тармағы), абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса 
(345-баптың 4-бөлігі) туындайды. Егер адамның денсаулығына абайсызда жеңіл дәрежеден 
аспайтын зиян келтірілсе, онда азаматтық-құқықтык жауаптылык орын алады. Сондай-ақ көлік 
құралдарын жүргізуші адамдардың әрекеті көлікті жөндеу, жүк тиеу немесе түсіру кезін- де, 
құрылыс, жол немесе басқадай жұмыстарды жүргізу барысында ҚК-тің 345-бабында көрсетілген 
зардаптың орын алуына әкеп соқса, онда істің нақты жагдайларына байла- нысты олардың әрекеті 
Қылмыстық кодекстің жеке адамдарға, меншікке немесе басқа бір белгілі жұмыстарды атқарудың 
тэртібін бұзғаны үшін жауаптылыкты белгілейтін баптары бойынша сараланады. Велосипед, ат 
көлігін пайдалану аркылы зиян келтіруде жеке адамға немесе меншікке қарсы қылмыс ретінде 
саралануы мүмкін. Өйткені бұтар көлік кылмыстарының затына жатпайды. Көрсетілген қылмыстық 
құқық бұзушылық материалдық құрамга жатады. Ол занда көрсетілген зардап орын алған сәттен 
бастап аяқталған деп табылады. 
Іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс аныкталуы қажет. Өйткені 
кейбір жағдайларда жүргізуші қауіпті тойтаруга барынша әрекет істегенімен, объективтік 
себептерге байланысты оны тойтара алмайды, мұндай реттерде олардың әрекетінде кылмыс кұрамы 
болмауы да мүмкін. 
Қылмыстык құқық бұзушылық субъективтік жагынан абайсыздыкпен (менмендік не- месе 
немқұрайдылық түрінде) істеледі. 
Менмендікте адам көлік қозғалысы және пайдалану ережесін бұзудан адамнын денсаулыгына 
ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілу мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ бұл 
зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болгызбау мүмкіндігіне сенеді. 
Немқұрайдылықта адам көрсетілген зардаитардың болу мүмкіндігін болжамайды. бірак қажетті 
ұқыптылық пен сақтық болганда ол зардаптарды болжап білуге тиіс жэне болжап біле алатын еді. 
Қылмыстық кұкық бұзушылыктың субъектісі - жалпы 16-ға толған, көлік құралын жүргізуші 
адам. Көлік құралын адам өзінің атқарган жұмысына байланысты немесе оган байланыссыз 


581
 
(мысалы жекеменшік көлігін немесе көлікті өз бетімен аіідап экетуде) жүргізуі мүмкін. Заң 
бойынша көлікті жүргізген адам қылмыстык құкық бұзушылык субъектісі деп танылады. 
Қылмыстық кодекстің 345-бабында көрсетілген қылмысты оған ұқсас көлік қылмыстарынан 
(348, 351-баптар) және эскери қызметке қарсы кылмыстык кұкык бұзушылықтың (ҚК-тің 463-бабы) 
ажырата білген жөн. Алдыңгы екі кұрам кылмыстык кұқык бұзушылық құрамының субъективтік 
жэне объективтік жагы, ал үшіншісі - объ- ект жэне субъекті белгілері бойынша ажыратылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет