626
(ҚК-тің 361-бабы) тек субъективтік жағы бойынша (заңда тікелей белгіленген) гана емес, объективті
белгілермен де айтарлыктай дәрежеде ажыра- тылады. Қызмет жағдайын теріс пайдалану
кұрамындагы әрекеттер лауазымды тұлғаның өзінің кызмет жагдайын заңга карсы пайдаланумен
түсіндіріледі. Олар мүдделерге
қарсы жасалады, лауазымды тұлганың кызметтік міндеттерін
өрескел бұзады. Қызметтік салактык кұрамындагы эрекеттер - бұлар неғұрлым белсенді, неғұрлым
қарқынды түрде жасалуға тиісті әрекеттер еді, оларды солай жүзеге асырғанда ғана лауазымды
тұлғаның қызметі бойынша койылатын талаптарға сәйкес келер еді. Егер алдыңғы эрекет өзінің
материалдық мазмұнына карай заңсыз болып есептелсе, екіншісі
- лауазымды тұлганың осы
әрекеттерді орындау кезінде тиісті дәрежеде каркындылық көрсетпеуінің, белсен- ділігі жеткіліксіз
болғанынын салдары болып табылады.
Заңнын нұскап отырғаны: лауазымды тұлғаның өзінің міндеттерін орындамауы не- месе тиісті
дэрежеде орындалмауы олардың кызметіне «адал қарамауы немесе ұкыпсыз карауы салдарынан»
болады деп тұжырымдауында болып отыр.
Лауазымды тұлға салактык жіберу кезінде оган берілген өкілеттік, құзырет, өзіне тиесілі
функцияларға тікелей катысты эрекеттер жасайды, ягни ол эрекеттер оның қызметтік міндеттері
аясында жүзеге асырылады. Лауазымды тұлганы өзінің міндет- терін аткармаганы,
сол сиякты
тұрліше әрекетсіздік үшін кінэлі деп тану үшін ол жасауы тиісті болатын накты кызметтік
эрекеттердің дэл айкындалуы талап етіледі. Сондыктан бәрінен бұрын лауазымды тұлғаның заңдар
мен заңцық актілерге сай тиісті құзыретін анықтап алған жөн, яғни салақтыкка айыптау үшін
лауазымды түлға жол берген накты кемшіліктерді айкындап алу қажет. Лауазымды түлғаға оның
міндетіне кірмейтін шара- ны қабылдамағаны үшін кінә тағылуы тиіс емес.
Лауазымды тұлғаның қүзыретіне кіретін әрекетті жасамағанын тану кезінде, оның әрекетті
накты жағдайдағы жасау мүмкіндігін анықтау керек. Мүндай мүмкіндіктің бол- мауы
жауапкершілікті жоққа шыгарады.
Заңға сәйкес салақтық қылмыстың материалдык қүрамы болып табылады.
Қылмыстық құқык
бұзушылық үшін жауапкершілік үшін қылмыстық зардаптардың - азаматтардың немесе
үйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделеріне не қогамның немесе мемлекеттің заңсыз
қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірілуін елеулі түрде (нүқсан кел- тіру түсінігін ҚК-
тің 361-бабының түсіндірмесінен караңыз) айқындауды талап етеді.
Қызметтік салақтықтың салдары көбінесе материалдық зиян келтіру түрінде көрінеді, бірақ
салақтық нәтижесінде өзге де елеулі зияндар келтірілуі мүмкін.
Қызметтік салақтықтың субъективтік жағы менмендік немесе немқүрайдылық түріндегі
абайсыздықпен сипатталады.
Талданып отырған баптың 2-тармағы осы қылмыстың ауырлататын жағдайы ретінде өзге де
ауыр зардаптардың болуын көрсеткен. Өзге де ауыр зардаптар - факті мәселесі.
Оларды анықтау
нақты іс жағдайына байланысты. Бүл аса ірі материалдық зиян, бірне- ше адамның денсаулығына
ауыр зиян келтіру, кандай да болмасын дәрі-дәрмек немесе өнімді сату нәтижесінде азаматтардың
елеулі санының улануы, өндірістің толық тоқтап қалуы және т.б. болуы мүмкін.
Талданып отырған баптың ҚК-тің 114, 317-баптарында көрсетілген жәбірленушінің
денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе қаза келтіруден ажырату
кұрамдарының объективтік жағы және субъектісі бойынша жүзеге асырылады.
Қылмыстык кодекстің 371-бабы бойынша мүндай зардаптар лауазымды адамдардың кәсіптік
міндетіне жатпайтын салактыгына байланысты болады.
Сондықтан да дэрігердің, баска да медицина
қызметкерлерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыздығы немесе оған адал қарамауы орын алса, онда
олар лауазым адамы деп танылмауына байланысты іс- әрекеттерінен занда көрсетілген зардап орын
алған жағдайда, олар жеке адамға қарсы қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 114, 317-баптары
бойынша жауапқа тартылады.