Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қазаңстан Республикасы Президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұгу



Pdf көрінісі
бет548/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

375- 
6 а п. Қазаңстан Республикасы Президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұгу 
және оның қызметіне кедергі жасау 
1. 
Қазақстан Республикасының Президентін көпшілік алдында қорлау немесе оның абы- 
ройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сугу - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Буқаралық ақпарат қуралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пай- 
далана отырып жасалган дәл сол іс-әрекет - 
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Қазақстан Республикасы Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау 
мақсатында оган немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын түрде ықпал ету - 
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп отырған саясаты туралы сын тұргысында 
айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. 
Қазақстан Республикасынын Конституциясына сәйкес Қазакстан Республикасының Президенті 
- мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі жэне сырткы саясатының негіз- гі бағыттарын 
айкындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең 
жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттің билік бірлігінің
Конституцияның мызгымастыгының, адам мен азамат құқықтары мен бостандыктарының нысаны 
эрі кепілі (40-баптың I, 2-тармақтары). 
Қазакстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-касиетіне ешкімнің 
тиісуіне болмайды (46-бап, І-тармақ). Республика Президенті мен оның отба- сын камтамасыз ету, 
оларга кызмет көрсету жэне қоргау мемлекет есебінен жүзеге асыры- лады (46-баптың 2-тармагы). 
Қазакстан Республикасының Конституциясының жогарыда көрсетілген нормаларына сәйкес 
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық ко- дексінде Республика Президентінің ар-ұжданы 
мен кадір-қасиетіне қол сұғу жэне оның қызметіне кедергі жасаушылык үшін жауаптылыкты 
көздейтін арнаулы бап көрсетілген. 
Қылмыстык кұкык бұзушылықтың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасы Президентінің 
баскару кызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадір-қасиетін коргау жөніндегі катынастар. 
Қылмыстык құкык бұзушылыктың жэбірленушісі - Республика Президенті, оның жақын 
туыстары. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы Қазакстан Республикасы Прези- дентін 
жария түрде корлау немесе оның абыройы мен кадір-қасиетіне қол сұғу арқылы сипатталады. 
Республика Президентін жария түрде қорлау деп басқа біреудің немесе көпшіліктің көзінше ел 
Президентін эдепсіз сөздермен, шектен шыққан арсыздығымен көзге түсетін дене қимылдарын 
жасау арқылы қоғамдық мінез-кұлыктарға кайшы келетін басқа да әрекеттер жасау арқылы, ауызша 
немесе жазбаша түрде тіл тигізулер болып табылады. 
Президенттің абыройы мен қадір-қасиетіне кол сүғу деп ол туралы шындыкка сай келмейтін 


632
 
жалған сөздер тарату, плакаттар салу, адамгершілігін, қадір-касиетін көрінеу аякқа басатын, оны 
жүртшылық алдында масқаралайтын, беделін түсіретін жалған лақаптар айту, тарату сияқты 
әрекеттерді айтамыз. 
Қылмыстық қүқық бүзушылық құрылысы жөнінен формальдык қүрамға жатады жэне ол 
Президентті жария түрде қорлау немесе оның ар-үжданы мен кадір-касиетіне кол сұғатын эрекет 
жасаған уакыттан бастап аяқталган деп танылады. 
Қылмыстык кұқык бұзушылық субъективтік жагынан тікелей қасаканалықпен жэне әр түрлі 
ниетпен жасалады. Қылмыстық ниет іс-әрекетті саралауға әсер етпейді, бірак жаза тағайындағанда 
еске алынады. 
Қылмыстық қүқык бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам. Осы кылмыстық қүкық 
бүзушылықтың ауырлататын түрі - бүқаралық ақпарат кұралдарын немесе ақпараттық 
коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған нақ сол әрекет үшін жауаптылық 
Қылмыстық кодекстің 375-бабының 2-тармағында көрсетілген. 
Бүкаралык ақпарат кұралдарына - газет, журнал, радио, телехабар және басқа да көпшілікке 
арналған осындай құралдар жатады. 
Қылмыстық кодекстің 375-бабының 3-тармағында Қазақстан Республикасы Президентінің өз 
міндеттерін аткаруына кедергі жасау мақсатында оған немесе оның жакын туыстарына қандай да 
болсын нысанда ықпал еткені үшін жауаптылық көзделген. Бүл жерде кылмыстың істелу мақсаты - 
Республика Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Жакын туыстарға (Президенттің 
аға-іні, карындас, нағашы, күйеу баласы, күда, жұбайының осындай жақын туыстары) жатады. 
Президенттің өзіне немесе жакын туыстарына ықпал ету - туыстық, таныстықты пайдалану арқылы, 
жалған хабар жеткізу немесе сенімге киянат жасау нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін. 
Қылмыстық кодекстің 375-бабының ескертуіне сэйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 
жүргізіп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша 
қылмыстық жауапқа тартуға экегі сокпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   544   545   546   547   548   549   550   551   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет