Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


жазаның мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген



Pdf көрінісі
бет95/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

жазаның мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген 
жазаның анагурлым қатаң түрінің ең жогары мерзімінің немесе мөлшерінің жар- тысынан 
асыруга болмайды. 
4. 
Іс-әрекеттің мақсаттары мен себептеріне, кінәлі адамның рөліне, оның қылмыстық 
қуқық бузушылық жасау кезіндегі немесе одан кейінгі мінез-қулқына байланысты ерекше мән-
жайлар және іс-әрекеттің қогамга қауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын басқа да мән-жайлар 
болган кезде, сол сияқты топтық қылмыстық қуқық бузушылыққа қатысушы топтың 
жасаган іс-әрекеттерін ашуга белсене жәрдемдескен кезде, осы Кодекстің Ерекше бөлігінің 
тиісті бабында көзделген ең төменгі шектен төмен жаза тагайындалуы мүмкін не соттың 
жазаның осы бапта көзделгеннен негурлым жеңіл түрін тагайындауы не мін- детті жаза 
ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбауы мүмкін. 


200 
5. 
Жеңілдететін жекелеген мән-жайлар да, осындай мән-жайлардың жиынтыгы да ерек- ше 
мән-жайлар деп танылуы мүмкін. 
6. 
Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайлар болган кезде, 
жаза осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген төменгі шектен төмен 
тагайындалуы мүмкін. 
Сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың негізгі бастамаларын басшылыққа ала отырып, 
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бабы бойынша сараланған нақты қылмыстык кұқык 
бұзушылық көлемінде корсетілген жазаның түрі мен шегінен шыкпай жаза белгілейді. Заңда 
белгіленген жазаның түрі мен шегінен шығушылық тек кылмыстық заңда арнайы көрсетілген 
жағдайда ғана орын алады. Яғни, қылмыстык заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тагайындауга 
мүмкіндік береді. 
Қылмыстык кодекстің 55-бабына сәйкес: 
]. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігінің адам кінэлі деп танылган бабында немесе бабының бір 
бөлігінде бас бостандығынан айырудан гөрі онша қатаң емес жазаның не- гізгі түрі козделсе, 
адамды: 
I) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, қылмыспен 
келтірілген мүліктік залалды адам өз еркімен өтеген, моральдық және өзге зиянды калпына келтірген 
жағдайда; 
2) осы Кодекстің 218, 248 жэне 249-баптарында көзделгендерді коспаганда, экономи- калық 
қызмет саласында кылмыс жасаганы үшін соттау кезінде, кылмыспен кел- тірілген мүліктік залалды 
адам өз еркімен өтеген жағдайда, бас бостандыгынан айыру тағай ын дал майд ы. 
2. Жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңілдететін мән-жай болган және 
ауырлататын мэн-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше 
бөлігінің тиісті бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе 
мөлшерінің: 
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде - жартысынан; 
2) ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екісінен; 
3) аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшінен асыруга болмайды. 
3. Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері, сондай-ак процестік келісімнің барлық 
шарттары орындалған істер бойынша жасалған кылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның 
мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген жазаның 
анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан асыруга болмайды. 
4. Іс-әрекеттің мақсаттары мен себептеріне, кінэлі адамның рөліне, оның қылмыстык құқық 
бұзушылық жасау кезіндегі немесе одан кейінгі мінез-құлқына байланысты ерек- ше мэн-жайлар 
жэне іс-эрекеттің қоғамға қауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын баска да мән-жайлар болған кезде, 
сол сияқты топтық қылмыстык кұкық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған іс-эрекеттерін ашуға 
белсене жэрдемдескен кезде, осы Кодекстің Ерек- ше бөлігінің тиісті бабында көзделген ең төменгі 
шектен төмен жаза тағайындалуы мүмкін не соттың жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым 
жеңіл түрін тағайындауы не міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін колданбауы 
мүмкін. 
5. Жеңілдететін жекелеген мэн-жайлар да, осындай мэн-жайлардың жиынтығы да ерекше мэн-
жайлар деп танылуы мүмкін. 
6. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген мэн-жайлар болған кезде, жаза 
осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген төменгі шектен төмен тағайындалуы 
мүмкін. 
ҚК-нің 55-бабын қолданып белгіленген жазасының мөлшері қандай жағдайда да заңмен 
белгіленген осы жаза түрінің ең төменгі мөлшерінен төмен бола алмайды. Заңға сәйкес, белгілі бір 
қылмыс үшін занда көрсетілген жазаның төменгі шегінен де төмен жаза немесе занда көрсетілгендей 


201 
жеңіліректеу жаза тағайындау ерекше іс жағдайында жэне кінәлі адамның жеке басын сипаттайтын 
деректер аныкталганда ғана қолданылуы мүмкін. 
Бұл жерде ерекше жағдайлар деп жасалған қылмыстык құқык бұзушылықтың қоғамға қауіптілік 
дәрежесін кемітетін жағдайлар да, оның ішінде заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін 
жағдайлар да, әрекеттің мақсаттары мен себептері, айыпкердің қылмыстық құқык бұзушылық 
жасаудагы жэне одан кейінгі рөлі, қылмыскердің топ болып жасаған қылмысты ашуға белсене 
араласуы, т. б. танылуы мүмкін. Қандай жағдайларда ерек- ше деп танитынын жэне мұндай жеңіл 
жазаны айыпкердің жеке басының қандай мәліметтерімен байланыстыруға болатынын сот үкімінің 
баяндайтын бөлімінде көрсетуге міндетті. Мұндай жағдайларда ауыр қылмыстык кұкық бұзушылык 
жасағандығы айып- керге жазаны ең төменгі шегінен де төмен жаза тағайындауға кедергі бола 
алмайды. Заңда көрсетілген жазадан гөрі әлдеқайда жеңілірек жазаны бірнеше қылмыстық құқық 
бұзушылық істеген қылмыскерге қолданғанда, сот ондай жазаны солардың біреуіне, я болмаса 
әрқайсысына жеке-жеке тағайындап алады, содан кейін оны кылмыстык кұқық бұзушылықтың 
жиынтыгы туралы баптың ережелері бойынша түпкілікті түрде белгілей- ді. Сот тожірибесі ерекше 
жагдайларга занда көрсетілген жауаптылыкты жеңілдететін мэн-жайлармен бірге, заңда 
көрсетілмеген, мысалы қылмыстық құқық бұзушылықты бірінші рет істеуі, қылмыстық кұқық 
бұзушылықты басқа біреудің қорқытып, зорлауы нәтижесінде істеуі, тұрмыста жэне жұмыстагы 
мінсіз мінез-құлқы, қарауында жас бала- лары мен кэрі ата-анасының болуы сиякты мән-жайлар да 
жатады. 
Ерекше жагдайларға кейбір реттерде істелген қылмыстық құқық бұзушылықтың кауіптілік 
дэрежесін шұғыл түрде төмендететін бір ғана жағдай да жатуы мүмкін. Мы- салы, заңсыз эрекет 
жасаған ерінің теріс қылығына шыдамай, жүкті әйелінің оган ауыр жарақат салуын айтуга болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет