203
зиянның сипаты мен мөлшерін анықтағанда олар- ды туғызуға істелген қатысушының әрекет
белсенділігі, атқарған функциясы есепке алынады. Қылмыстык кодекстің 57-бабының 2-бөлігінде
«Сыбайлас қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін
немесе ауырлата- тын мән-жайлар тек сол сыбайлас қатысушыға жаза тағайындау кезінде гана
ескеріледі», - делінген. Яғни, мұндай
ретте ересектерге қарағанда, жасы толмағандарға жазаның
жеңілдететін түрі қолданылуы айтпаса да түсінікті.