Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет146/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

13) 
бірнеше рет жасалган; 
14) 
көрінеу кәмелетке толмаған адамды; 
15) 
тетенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалган адам өлтіру
 -
 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга не өмір бойына бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі құрамы мен 
ауырлататын жагдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негіз- гі құрам - бұл осы 
қылмыстың ауырлататын түріне (99-баптың 2-тармағы) жатпай- тын құрам. Негізгі құрамға (99-
баптың І-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жа- тады: кызғаныштан, төбелес кезінде немесе 
ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне 
байланысты, жеке карым-катынас не- гізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру 
оқиғалары. 
Ауырлататын жағдайлардагы адам өлтіру - Қылмыстык кодскстің 99-бабының 
2- 
тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу 
қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі эр түрлі. Топка бөлу үшін көбінесе қылмыс құрамының 
элементтері пайдаланылады. 
2014 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәртіппен 
орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және объективті жаққа қатысты жағдайлар, 
сонан соң субъективтік жакка және субъектіге катыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің 
ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабында қалай 
орналастырылған болса, сол бойынша қарастырылады. 
1) екі немесе одан көп адамды өлтіру (ҚК-тін 99-бабы, 2-тармағынын «1» тармақшасы) 
Адам өлтірудің бұл түрі кінэлі екі немесе одан көп адамды өмірінен айырған жағдайда болады. 
Мұндайда кінэлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай қасақана 
ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында жәбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады. 
Мынадай жағдайдың да болуы мүмкін: кінэлі әуелі бір адамды өлтіреді, содан соң біршама уақыт 
өткеннен кейін, әдетте көп кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан 
көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы бар. Мұндайда эр адамды өлтіру се- 
бептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін, ол мысал үшін - кек алу мақсатында, ал екін- шісін бірінші 
кісі өлтіруді жасыру мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге - екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі 
өлтіруден кейін емес, оған дейін пайда болды. Осы жагдайларда кінэлінің әрекеті осы «а» 


252 
тармақшасымен сараланады. 
Егер екі немесе одан көп адамды өлтіру ниеті бола тұра бір адам өлтірілсе жэне екіншісінің 
өміріне қастандык жасалған болса, мұнда екі немесе одан көп адамды өлтіру аяқталмағандықтан
кінэлінің әрекеті ҚК-тің 24-бабының 3-тармагы жэне 96-бабының 
2- 
тармағының «а» тармақшасы бойынша саралануы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет