Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


) аса катмгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-іармаіынын «5»



Pdf көрінісі
бет149/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

5) аса катмгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-іармаіынын «5» 
тармақшасы) 
Адам өлтірудің өзі қатыгездік эрекет. Осы тармақ бойынша эрекетті саралау үшін айрыкша 
қатыгездік талап етіледі. Бұл жөнінде, ең алдымен адам өлтіру әдісі айғактама болады. Адамды 
өмірінен айыру жэбірленушіні айрыкша корлау мен кинауга байланыс- ты әдіспен жасалады: 
көптеген жарақат салу, тірідей өртеу, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты эсер ететін 
уды қолдану, ұзак уакытка судан, жылудан айыру және басқалар. 
Айрықша қатыгездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушіні оған жақын адамдардың: 
балаларының, ата-аналарының, қалыңдығыныңжэнет.б. көзінше, кінэлінің өз әрекеті аркылы оларды 
ерекше күйзеліс пен қайгы-қасіретке әкелетінін біле тұрып, өлтіруі де жатқызылады. 
Жэбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қалыптаскан өзара карым-катынастағы сый- лас адамдар 
да (заңды некеде жок ерлі-зайыптылар, жігіт пен қалыңдық, камқоршылар мен бағып-қағуға 
алгандар, солардың қолындагылар, т.б.) оның жакындары деп танылуы мүмкін
26 27
6) баска адамдардын оміріне кауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-
тармаі ының «6» тармақшасы) 
Адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінэлі бір адамның ғана емес, көпшіліктің өміріне қауіп 
тудыратын тәсілді қолданады. Мұндай тәсілдерге адамдар көп болатын жер- лерде жарылыс, өрт 
қою, су қаптату т.б. жатады. Кей жағдайларда көптеген адамдардың өміріне кауіп келтіру атылатын 
қаруды, улы заттарды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады. 
Көп адамдардың өміріне кауіпті тәсілге кінәлінің белгілі бір адамды өлтіру мақсатымен ол 
тұрған топка қарай мылтык атуы, немесе айдап келе жатқан автокөлігін топ ішін- де тұрған сол 
адамға қарай зор жылдамдықпен бұрып, басып өтпекші болу әрекеттері де жатады. Мұндай ретте 
кінэлінің әрекетін дұрыс саралауға кісі өлтіру үшін таңдап алынған қылмысты істеу тәсілі мен қару 
колданудың орнын дұрыс аныктаудың маңызы айрыкша. Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-
тармағының «е» тармақшасымен жауапқа тарту үшін кінәлінің ниеті нақты бір адамды өлтіруге 
бағытталғанын, оны өлтіру үшін көп адамдардың өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын, 
нәтижесінде басқа адамның өмірі мен денсаулығына накты зиян келтірілетінін сезетінін анықтау 
кажет. Осындай істелген іс-эрекетті көп адамдардың өміріне кауіпті тәсілмен жасалган деп тану 
үшін, нақты кісіні өлтіру кезінде кауіпті жағдайда қалган басқа адамдарға зиян келгеніне немесе 
келмегеніне қарамастан жүзеге асырылады. Егер осындай жалпыға қауіпті тэсілді колдану 
нәтижесінде адам өлімінен басқа адамға қасакана дене жарақаты келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті 
нақты жағдайларға байланысты қылмыстардың жиынтығы бойын- ша сараланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет