337
катыгездікпен карау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру, басып алынған аумақта ұлттық
мүлікті тонау, Қазақстан Республикасының халықаралык шартымен тыйым салынған құралдар мен
әдістерді әскери жанжалда қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Әскери тұтқындарға согысушы жақтың қарулы күштерінің
катарына жататын адамдар,
партизандар, әскери жасақтарының мүшелері, карсыласу қозғалыстарының катысушылары,
азаматтык немесе үлт-азаттық қозғалысының қатысушылары, сондай- ақ қолға түскен
әскери
журналистер, эскери-медициналық, эскери-заңгер қызметкерлер,
интенданттық қызмет немесе
басқадай қызмет көрсететін адамдар жатады. 1949 жылғы «Соғыс тұтқындарымен қатынас
жөніндегі» Женева конвенциясына сәйкес соғыс түткындарына ізгілікпен қарау белгіленген, оларға
қатыгездікті қолдануға тыйым салынған.
Әскери емес тұтқындарға - соғысқа қатыспаған, бірак жау қолына түсіп калған бейбіт тұрғындар
жатады. Женева конвенциясында бейбіт тұрғындарга қатыгездікті қолдануға тыйым салынған.
Әскери емес түрғындарды күштеп көшіруге бейбіт тұрғындарды өздері мекендеген жерлерден
баска жакка зорлықпен еріксіз көшіру, қоныс аудартулар жатады.
Басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонауга - соғысушы жақтың озі басып алган мемлекеттің
мүлкін жою, кирату немесе оларды талан-таражга салып, өз мемлекетінің меншігіне алу әрекеттері
жатады. ¥лттык мүлікке - материалдык жэне рухани игіліктер жатады. Қазақстан Республикасының
халықаралык шартымен гыйым салынган қүралдар
мен әдістерді, эскери жанжалды колдануга
адамзатқа қасірет экелетін жэне коршаган ортаны мақсатты түрде үзақ уақытқа залалдандыратын
шараларды жүзеге асырулар жа- тады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға сәйкес
күйдіретін,
жарылыс жасайтын заттарды, зиянды газдарды, уландыратын немесе баскадай
бактериологиялық загтарды, жаппай кырып-жоятын каруларды, химиялық, биологиялык қаруларды
согыс жагдайында қолданбауга міндетті.
Қазакстан Республикасының халықаралык шартымен тыйым
салынган жаппай қырып-жою
каруын қолдану осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (163-баптың 2-
тармагы).
Қылмыс қүрамы формальдық, сондыктан да ол осы баптың диспозициясында көрсетілген
әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аякталған деп танылады.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Субъективтік жағынан кылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.
Достарыңызбен бөлісу: