341
1948 жылғы Халықаралық конвенция геноцидтен сактандыру және оған жаза тағайындау
шараларын белгіледі. Бұрынғы КСРО осы Конвенцияға 1954 жылы 18 нау- рызда қол койған.
Қылмыстың тікелей объектісі - этникалык, ұлттық, нәсілдік немесе діни топтардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін қоғамдык қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыс геноцид, яғни ұлттык, этникалык, нәсілдік немесе діни топты, осы
топтың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет
жасау, балаларды мәжбүрлеп біреуге беру, күштеп көшіру, не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға
есептелген өзге де тіршілік жагдайларын туғызу аркылы, толык немесе ішінара жоюға бағытталған
касакана әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы бірнеше
балама әрекеттерден көрініс
табады: 1) ұлттық, этникалык, нәсілдік немесе діни топтың мүшелерін осындай белгілері бойынша
өлтіру (екі немесе одан да көп) өлтірудің түсінігі Қылмыстык кодекстің 99-бабында берілген; 2)
олардың денсаулығына ауыр зиян келтіру (Қылмыстык кодекстің 106-бабын талдауды караңыз); 3)
бала тууға күшпен бөгет жасау, бала көтеруге тыйым салу, жыныс мүшелеріне
операция жасау
арқылы оларды бала көтеру немесе ұрық шашу қабілетінен айыру; 4) балаларды мәжбүрлеп біреуге
беруге - ата-аналарынан балаларды тартып алып баска топқа немесе баска адамға беру немесе
осындай күшпен алынған ба- лаларды басқа біреуге сату, құлдыққа берулер жатады; 5) күштеп
көшіруге - тұрғылыкты адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілеріне
қарай мекенінен жер аудару,
баска жакка еріксіз көшірулер жатады; 6) топтың мүшелерін қырып-жою. Есептелген өзге де
тіршілік жағдайларын туғызу аркылы толық немесе ішінара қырып-жоюга бағытталған қасақана
әрекеттер. Бұған мұндай топтың мүшелеріне
медициналык, гуманитарлық, азық-түлік немесе
басқадай көмек бермеу, соғыс немесе стихиялык апатқа ұшыраған
осындай топқа көмек беруге
тыйым салу, т.б.
Соғыс уакытында жасалган нақ осы әрекеттер осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып
табылады (168-бап 2-тармағы).
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.
Достарыңызбен бөлісу: