343
мүшелері. Қылмыстық заң, сондай- ак эр түрлі халықаралық қорғауға жататын қоғамдық үйымдар
мен олардың өкілдерін қорғауды өз міндеті деп біледі (Мысалы, халыкаралық қайырымдылык
корынын, гуманитарлык көмек беретін үкіметтік емес үйымдардың кызметкерлерін корғау т. б.).
Қылмыстық кодекстің 173-бабындагы осы норма жоғарыда
көрсетілген адамдар шет
мемлекеттің аумағында болған кезде ғана қолданылуы мүмкін.
Көрсетілген қылмыстың жэбірленушісі халықаралық қорғау аясына алынған адамдар болады.
Қылмыстың заты - халықаралық қоргау аясындағы адамдардың кызметтік немесе тұрғын үй-
жайлары, не көлік қүралдары болады.
Қылмыс объективтік жағынан шетелдік мемлекеттің өкіліне немесе халықаралық қоргау
аясындағы халықаралық үйымның қызметкеріне немесе онымен бірге түратын оның отбасы
мүшелеріне, сондай-ақ халықаралык қоргау аясындағы адамдардың қызметтік немесе түрғын үй-
жайларына, не көлік құралдарына шабуыл жасау, сондай- ақ осы азаматтарды
ұрлау немесе бас
бостандыгынан күштеп айыру, егер осы әрекеттер соғыска арандату немесе халықаралык жағдайды
шиеленістіру мақсатында жасалу арқылы сипатталады.
Шабуыл жасауға жэбірленушіні ұрлау, оныңденсаулығына орта дәрежелі зиян келтіріп, шабуыл
жасаймын деген және соған үқсас басқадай қорқытулар жасау; жәбірленушінің қызметтік немесе
тұрғын-жайына, көлік қүралдарына басып кіру, бас бостандығынан еріксіз айыру т.б.
әрекеттер
жатады.
Егер шабуыл жасаудың нәтижесінде занда көрсетілген адамның бірі қасақана өлтірілсе, онда іс-
әрекет кылмыстардың жиынтығы бойынша (179, 99-баптар) сарала- нады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей касақаналықпен жасалады. Адам халықаралык қорғау
аясындағы адамдарға немесе үйымға шабуыл жасайтынын сезеді және соны істе- уді тілейді.
Қылмыстың субъективтік жагының белгісі, кылмыстың мақсаты - соғысты арандату немесе
халықаралык жағдайды шиеленістіру болып табылады.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Бірнеше рет не каруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды
қолданып не адамдар
тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған не денсаулыкка ауыр зиян келтірумен ұштасқан, сол
сияқты соғыска арандату немесе халықаралык қатынастарды ушықтыру мақсатында жасалган дәл
сол іс-әрекеттер (173-бап, 2-бөлігі).
Бірнеше рет істелген кылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында, адамдар тобының
алдын ала сөз байласуының үғымы Қылмыстык кодекстің 31-бабының 2-тармағында берілген.
Қаруга кез келген атылатын, жарылатын карулар жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соккан
немесе кылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер - қылмыстың аса ауырлатын түрі болып табылады (173-
бап, 3-бөлігі).
Денсаулыққа ауыр зиян қасакана немесе абайсызда келтірілуі мүмкін, абайсызда өлімге әкеп
соккан әрекеттер үшін жауаптылык баптың осы тармагымен саралануға жа- тады.
Достарыңызбен бөлісу: